Қаржы жүйесі. Қаржы саясаты. Қаржы механизмі
«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті ақша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі Қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғамның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.
Өндірістік емес саладағы қаржының қаржы жүйесіндегі орны мен рөлі оның ұлттық табыстың қолдануы мен бөлінуіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен қаржылық жүйесінің буындарымен, сонымен қатар баға, несие т.б. тәрізді басқа экономикалық буындары мен пайда болады.
Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.
Оның негізгі қалыптасу көздері:
Қаржы саясатының жалпы бағыты экономиканың тиімділігін көтеруге бағытталуы керек және Қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігі мен көлемін арттыру мақсаты болуы керек. Қаржы қайтарымдылығы көрсеткішінің өсуі қаржы саясаты әрекетінің нәтижесі болып табылады. Қаржы саясатын өңдеу барысында ел экономикасының нақты даму кезеңіндегі ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілген шаралар мен жағдайлар ескеріледі. Егер барлық қаржы ресурстарын есепке алмаса, онда бюджет тапшылығына әкеледі. Қаржы саясатын өңдеу барысында нақты жағдай мен тәжірибені басшылыққа алу керек, өйткені бөгде тәжірибені көшіріп пайдалану оң нәтиже бермейді.
Қаржы саясатын жасау барысында оның бірнеше нұсқасы жасалады. Олардың барлығы сараптамалық бағалаудан өтіп, мейлінше оңтайлы нұсқасы үкіметке жіберіледі. Көп нұсқалы жоба математикалық модельдеу мен жобалауды қажетсінеді. Бұл жерде тұрақты өсіп отыратын қаржы ресурстарының қорын құру керек, сондай-ақ мемлекет шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысынан алатын рационалды үлесін анықтау керек. Қаржы саясатын өңдеу барысында қаржы ресурстарын бөлу және оны негізгі бағыттарға жұмылдыруға басым көңіл бөлінеді.
Елдің Қаржы жағдайы жекелеген көрсеткіштермен сипатталады:
Мемлекет салықты, қаржылық ресурстарды қолдану бағыттары мен қағидаларын, амортизациялық саясатты белгілейді. Мемлекет жоспарлау мен болжауды, қаржы қатынастары мен әдістерін, нормативтерді белгілейді.
Қаржы механизмі былайша бөлінеді: