Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі (ААҚ ТҰК Казхром мысалында)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ ҚАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ 5
1.1 Кәсіпорынның айналым капиталдарының мәні, құрамы, құрылымы 5
1.2 Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері 11
2 ААҚ «ТҰК КАЗХРОМ» ЭКОНОМИКАЛЫК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 15
2.1 ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы, органдары, қызметі, мақсаты 15
2.2 Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық - экономикалық көрсеткіштерін талдау. 18
3 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 25
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.
Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ ҚАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
1.1 Кәсіпорынның айналым капиталдарының мәні, құрамы, құрылымы
Кәсіпорынның іс - әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым капиталы - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
1.2 Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері
Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы, айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:
2.2 Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық - экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қоғамның мүлкі және капиталы
Қоғамның мүлкін негізгі және айналым қорлары, және құны өзіндік баланста көрсетілетін басқада мүліктер құрайды. Мүлік Қоғамның жеке құқығында болады.
Қоғам мүлкінің құрылу көздері:
• Акционерлердің жарғылық капиталға салымдары;
• Қоғам қызметінен түскен түсім,
• Қоғамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген өнім;
• Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынбаған басқада көздер.
3 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеттілігі өндіріске салынған активтердің айналымдылық деңгейінен тәуелді болады. Айналымдылық көрсеткіштері қаншалықты жоғары болса, соншалықты өндіріске салынған активтер нақты ақша қаражаттарына жылдам айналады, яғни кәсіпорын өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытылы орындай алады.
Кәсіпорынның айналым капиталының айналымдылық деңгейі әр түрлі болады. Активтердің айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорын мүлкінің құрылымын анықтайды және кәсіпорын активтерінің жекелеген түрлерінің (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың) айналым жылдамдығынан тікелей тәуелді болады.
Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келсек, айналым капиталы – бұл кәсіпорынның өндірістік циклының әрбір кезеңіндегі ағымды операцияларына салынған қаражаттарының жиынтығы. Олар өздерінің жоғары өтімділіктерімен сипатталады. Айналым капиталының өтімділік деңгейі олардың өндірістік айналым барысында ақша қаражаттарына айналу қабілетімен анықталады.
Өндірістік немесе басқа коммерциялық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорын нақты қаражаттармен, өндірістік негізгі және айналым капиталдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Айналым капиталы кәсіпорынның қызмет етуіне қажетті мүліктің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады.
Айналым капиталы тек өзінің өтімділігімен сипатталып қоймай, құрамы мен құрылымы тұрғысынан да сипатталады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның айналым капиталын басқарумен тығыз байланысты болып келеді. Әр түрлі шаруашылықта айналым капиталының құрамы мен құрылымы алуан түрлі. Ол кәсіпорынның меншіктік, өндірістік, сатушылар мен сатып алушылардың өзара қатынасы ерекшеліктеріне, өндірістік шығындар құрылымына, қаржылық жағдайына байланысты.