Сақтандыру және сақтандыру міндеттемелері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Сақтандыру туралы жалпы ережелер 8
1.1 Сақтандыру жағдайы 8
1.2 Сақтандыру қызметін ұйымдастыру 11
2 Сақтандыру шарты және оны жасасудың құқықтық тәртібі 20
2.1 Сақтандыру шартының нысаны 20
2.2 Сақтандыру шартының элементтері мен объектісі 23
2.3 Сақтандыру шартының мазмұны 29
2.4 Кейбір сақтандыру шарттарының ерекшеліктері 39
ҚОРЫТЫНДЫ 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 70
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Дипломдық жұмысымды сақтандыру саласымен сабақтастыруды таңдадым, себебі қазіргі таңда Қазақстан Республикасының 90 – жылдары пайда болған маңызды салалардың бірі болып табылады. Бүгінгі еліміз нарықтық жолмен дамып келе жатқанда сақтандыру қызметі экономика үшін қажетті сала және адамдардың құқықтарын қорғаудағы елеулі құрал болып табылары сөзсіз.
Осыған орай сақтандыру туралы заң кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметiнің талаптарын, сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді.
1 Сақтандыру туралы жалпы ережелер
1.1 Сақтандыру жағдайы
Қазіргі жағдайда сақтандыру-бұл өмірдің әртүрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғай әдістетінің бірі. Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны,сел және осылар сияқты т.б жағдайлар нәтижесинде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісіншетәуекелдердің өсе түсуіне әкелді,олар іскерлікті әріптестердің сенімсіз болып шығуы,нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне, шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады.
1.2 Сақтандыру қызметін ұйымдастыру
Сақтандыру жағдайы – сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеулі қарастыратын жағдай сақтандыру жағдайы табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгілеріне иемденуі қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге (оқиғаларға) қолданылмайды. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817 – бабы, 3 – тармағы) [5].
2 Сақтандыру шарты және оны жасасудың құқықтық тәртібі
2.1 Сақтандыру шартының нысаны
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сактандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
Сактандыру шарттық қатынастарының ерекшелігі: сақтандырушы шығаратын ережелсрде көрсетілген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. Өз ксзегіндс сақтандырушы заңның барлық талаптарының және оның қызметін тұтынушылардың мүддссін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушының кызметін бақылайтын өкілетті мемлекеттік орган заңнын бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе баска сактандыру кызметін жүргізуге лицензия (рұқсат) бермеудің негізі болып есептеледі.
2.2 Сақтандыру шартының элементтері мен объектісі
Сақтандыру шартынын элементтері: Сақтандыру шартының, тараптары сақтандырушы мен сақтанушы болып табылады. Сақтандырушы сактандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыр жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге түлғаға (пайда алушыға) шартта айкындалған соманың (сақтандыру соманың) шегінде сақтандыру төлемі жүргізуге міндетті түлға. Сақтандыру үйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясы бар занды түлға ғана сақтандырушы бола алады.
2.3 Сақтандыру шартының мазмұны
Сақтандыру шарты көбіне нақты (реалды) шарт болғандықтан, оның мазмұнын талдауды сақтанушының міндетінен және оған қарама қарсы болып келетін сақтандырушының құқығынан бастау керек. Ең басында (бірінші кезекте) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру сыйақысын төлеуге міндетті. Сақтанушы осы өзінің міндетін сақтандырылған адамға да, пайда алушының да жүктей алмайды. Мұндай міндет оларға заңды актілерімен де жүктелмейді.
2.4 Кейбір сақтандыру шарттарының ерекшеліктері
Кейбір сақтандыру шарттарының ерекшеліктері. Сақтандыру шарттарының кейбір ерекшеліктері сол сақтандыру шартының ерекше арналуына байланысты болды. Бұл мысалы, шарт бойынша азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарына қатысты. Осындай кездерде сақтандыру олар арқылы шарттық және деликтілік жауапкершілік жүзеге асатын тетіктерге қосымша болып келеді. Сонымен қатар құқық бұзушылық іс – әрекетіне байланысты сақтандыру төлемді жасауды қарастыратын нормалар және құқық бұзушының жауапкершілігін тікелей анықтайтын нормалар арасында белгілі бір қатынастар (қатысу) анықталады.
3 Қазақстан Республикасындағы міндетті сақтандырудың жекелеген түрлеріне сипаттама
Егеменді ел болып, нарықтық экономика жолымен азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру барысында Қазақстан Республикасы өз азаматтарының құқықтарын, өмірлерін сақтандыруды жүзеге асырады. Бұл орайда еліміздегі тағайындап, анықтаған сақтандырудың нысандары мынадай болып келеді:
1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;
2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк;
3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Әрине, сақтандыру қызметiн лицензиялау мақсатында заң актiлерiнде өзгеше жiктеу көзделуi мүмкiн.
Міндетті сақтандыру - егер сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, талаптары тараптардың келісімімен айқындалатын, заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру.[18, 56б].
ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысымды қорытындылай отырып, осы сақтандыру қызметін ұйымдастыруда өзекті деген мәселелерді қарастыру барысында, есеп беру және өзге де мәселелерге тоқталуды жөн деп есептеп, оның барысын жан-жақты қарастырдым.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi өздерi жүргiзген операциялардың есебiн қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Шоғырландырылған негiздегі қаржылық есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң қаржылық есептiлігі тiзбесін, нысандарын, оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгілейдi.