Поэзия тілінің көріктеуіш құралы
Мазмұны
Кіріспе 6
1 Поэзия тілінің лексика-фразеологиялық және грамматикалық ерекшелігі 8
1.1 Поэзиядағы лексикалық жүйе 8
1.2 Поэзиядағы синонимдердің қолданылуы 13
1.3 Тұрақты сөз оралымдарының берілу жолдары 21
1.4 Есім сөздердің қолданылу жолдары 27
2 Поэзия тіліндегі көріктеуіш амал-тәсілдердің қолданылу ерекшелігі 33
2.1 Метафорлардың қолданылуы 33
2.2 Метоноимиялар мен синекдохалардың қолданылуы 42
2.3 Эпитеттер қолданысы 50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 59
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, М. Балақаев, Р.Сыздықова тағы да басқа зерттеушілеріміз, сыншыларымыз ғылыми-зерттеу еңбектерінде, мерзімді баспасөз бетіндегі мақалаларында қаламгер тілін тану арқылы әдеби тілдің өсу сапасын, көркемдік дәрежесін анықтауға болатындығын атап көрсетті. Сонымен қатар белгілі ғалымдарымыз Х.Кәрімов, Т.Қоңыров, Б.Хасанов, М.Серғалиев, Б.Шалабай зерттеулері қазақ көркем әдебиет стилистикасының ғылым саласы ретінде қалыптасуына өзіндік үлес қосқан еңбектер болып табылады. Қазіргі таңда, рухани дамуымызға, мәдени өркениетке, әсіресе, ұлттық дәстүрге, ұлттық жан дүниемізге өз шығармаларымен айтулы үлес қосқан қаламгерлердің туындыларын зерттеп, солардың қаламынан шыққан туындылардың көркемдік сапасын ажырату, талдау, таразылау бүгінгі күннің сұранысы екендігі дау туғызбайды.
1 Поэзия тілінің лексика-фразеологиялық және грамматикалық ерекшелігі
1.1 Поэзиядағы лексикалық жүйе
Ақындар поэзиясына көз сала отырсақ, әр ақынның шығармасында белгілі бір сөз қоры бар. Сол сөздік қорды әр ақын өзінше пайдаланады. Осындай ұқсас сөздік қорлар әр ақынның қолданылуында ерекше бір сол ақынға тән тілдік көркемдігі тұрғысынан жұмсалады. Мысалы, мынадай сөздер: жүрек, көңіл, жастық, жан, көз, жүз, дүние т.б. Суреткер осы сөздерді өз шығармасында кұбылту арқылы өмір мәнін, тағдыр сырын, адам тіршілігін ұғындыруға тырысады. Жалпыхалықтық тілдің сөз байлығын әр ақын өз поэзиясында өзіндік образдылықпен, суреткерлікпен, нәзіктік, шеберлік қолданыспен пайдаланады. Сондықтан ақындар лексикасындағы ұқсас сөздердің қолданысына біраз мысал келтірейік:
1.2 Поэзиядағы синонимдердің қолданылуы
Тілімізді байытатын, сөздік қорымызды молайтып тереңдете түсетін мағыналы сөздердің бірі синонимдер. Синонимдерді жан-жақты зерттеп құнды пікірлер айтқан ғалымдар пікіріне мысал келтіретін болсақ. Ғалым Ә.Болғанбаевтың пікірінше: “Синонимдер дегеніміз - әртүрлі айтылғанмен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз тобынан болған сөздер”[3. 187]. Ғалым К. Ахановтың анықтамасы бойынша: “... бірнеше сөз бір ұғымның атаулары ретінде қолданылуы мүмкін. Мысалы, байсалды, салмақты, сабырлы, байыпты деген сөз өзара синонимдес сөздер әр басқа ұғымды білдіретін атаулар” [4. 156].
1.3 Тұрақты сөз оралымдарының берілу жолдары
Фразелогиялық тіркестер - түркі, оның ішінде қазақ тілінде ертеден бар құбылыс. Фразеологияны тілдік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде, құрылымдық және мағыналық жағынан ерекше қасиетке ие тілдік бірлік ретінде тану негізгі ғылыми дәйектеме болым табылады. Фразеологизмдерді қазақ тіл білімінде зерттеген ғалымдаларымыз өте көп. Қазақ ғалымдарының І.Кеңесбаев, К.Аханов, Ә.Қайдаров, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, X. Қожахметова, Ә.Хасенов, Р.Сыздық, Г.Смағұлова және т.б. еңбектерінде фразеология жайлы пікірлер айтылып, нақты тұжырымдар ұсынылды.
1.4 Есім сөздердің қолданылу жолдары
Ақындар лирикасында зат есіммен қатар жүретін, әр түрлі сындық, сапалық белгілерін, қасиетін көлемін, түр-түсін сипаттайтын сөздердің бірі сын есімдерді жиі пайдаланады. Сонымен бірге, сын есімдердің бейнелілік, ойнақылық, көркемдік кызметі де мәтін ішінде айрықша көрініп, шығарманың идеясын автор көзқарасын нақтылай түседі. Сын есімнің бейнелілік қасиеті қашанда көркем шығармада әсерлі де мәнерлі сұлу сөздер арқылы беріледі. Кез келген суреткер тілінің бояуы сын есімнен айқын көрініп отырады.
2 Поэзия тіліндегі көріктеуіш амал-тәсілдердің қолданылу ерекшелігі
2.1 Метафорлардың қолданылуы
Қазақ тіл білімі ғылымында да көркем әдебиеттің тіл мен стилін, сөз зергерлерінің шеберлігі сөз болғанда метафораға соқпай кетпейді, көптеген ақын-жазушының шығармашылық мәнерін сөз еткенде метафораның түрлі тілдік қызметіндегі қасиеті мен ерекшеліктерін талдайды.
“Метафора – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа, не құбылысқа балау; сөйтіп суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп әсерін күшейту” [15. 214].
Сөз мағыналарының метафоралық ауысуы тілдік семантиканы дамытудың аса маңызды тәсілі болып табылады
Метафора тілге көркемдік беретін элемент емес, ол - тілдің бір құрамдас бөлігі іспеттес кұбылыс [16.45].
2.2 Метоноимиялар мен синекдохалардың қолданылуы
Қазақ ғалымдары А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров Р.Сыздықова, Ғ.Мұсабаев, К.Аханов, А.Ысқақов, Ә. Қасенов, 3. Қабдолов, Т.Қоңыров, Р. Барлыбаев, Б. Хасанов, Л. Нұржекеева және тағы басқалары метонимия мәселесіне арнайы, екіншісі өзінің зерттеу объектісінің қатысын орай тоқталып, оның жеке ғылыми-лингвистикалық объект есебінде танылуына өз үлестерін қосты. Қазақ тіл білімінде метонимияға берілген анықтамалар бірізді емес. Ең алғаш рет қазақ халқының ірі ғалым-лингивисі, әдебиет зерттеушісі, түрколог А.Байтұрсынов метонимияның әдеби шығармалар үшін айрықша мәні бар екендігін атап көрсете келіп, былай түсіндіреді:
2.3 Эпитеттер қолданысы
Эпитет-тіл өрнегіндегі өте жиі көрінетін әрі бояу ерекшелігі де кұбыла құлпырып келетін құбылыс.
А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” атты еңбегінде эпитет жайында алғаш теориялық тұжырым жасаған. Ол: “Бір нәрсені көптен айырып көзге түсерлік етіп, айтқымыз келгенде ол нәрсенің атын айқын көрсеткендей сөз қосып айтамыз. Мәселен, “Қара Мұқан”, “Сары Мұқан”, “Болыс Мұқан” дейміз. Мұнда Мұқандардың бірінен-бірін айырып, әрқайсысын айқын шығару үшін айтылады я лақаптау үшін айтылады”, - деп көрсетеді [24. 236].
Қорытынды
Ақындар лирикасы - қазақ поэзиясы тіліне елеулі үлес қосқан шығармалар. Ол туындылардың халық сүйіспеншілігін баурап алатын күші -тілінің шеберлігінде.
Бұл еңбегімізде ақындар лирикасы тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін, құрылымдык сипатын, бейнелегіш-көркемдегіш тәсілдер арқылы сөздерді ойнатып қолданудағы мүмкіншілігін жан-жақты сөз еттік.
Акындарымыздың поэзиясында жалпыхалықтық сөздермен қатар олардың жазу мәнерін ер азамат ақындардан бөлектеп тұратын өзіндік әйелге тән нәзік қолданыс, авторлық сөз қолданыстардың да стильдік қызметіне назар аудардық.