Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиет

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Қазақ ақындары поэзиясы тілінің көркемдік ерекшелігі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қаламгер таным даралығын айқындаушы көріктеу амалдар 5
1.1 Жергілікті ақын өлеңдері тіліндегі теңеу мен метафора 5
1.2 Метонимия мен синекдоханың қолданысы 10
2 Жергілікті ақын өлеңдері тілінің лексикалық, семаника-стилисткалық сипаты 13
2.1 Жергілікті ақындар өлеңдері тіліндегі қанатты сөздер 13
2.2 Жергілікті ақын өлеңдеріндегі түр-түстер қолданысы 17
2.3 Тілек-бата сөздердің ерекшелігі 20
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Тіл – халықтың даналығын, танымын, парасат-пайымын, талғамын көрсететін, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынамыз. Адам қоғамда тіл арқылы тек қарым-қатынас жасап қана қоймайды, сонымен қатар өзінің саналы ғұмырын бағамдап, рухани-эстетикалық сұранысын көркем ойлау жүйесімен сабақтастырады. Өзінің сөйлеу әрекетін рухани-әлеуметтік болмысының негізіне, дүниетанымының тірегіне айналдырады. Ғалым Анар Салқынбай: «Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол – халықтың алтыннан қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімінің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Тіл – халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы, көркем сөзбен кестеленген» [1, 6] – деп, халықтың рухани байлығы ұлт тілінде екендігіне баса назар аударады. Ұлттың бар болмысы және ұлт тілінің бар бейнесі сол ұлт тілінде жазылған көркем туындылары арқылы көрінеді. Әрине, тілді жасаушы халық, сол ортада өмір сүрген ақын-жазушылар.

1 Қаламгер таным даралығын айқындаушы көріктеу амалдар
1.1 Жергілікті ақын өлеңдері тіліндегі теңеу мен метафора
Тілдегі бейнелеуіш-көркемдеуіш құралдардың ішіндегі ең көнесі – теңеу. Бейнелеу тәсілдерінің қай-қайсысы да өз бастауын теңеуден алады. Теңеудің көне құбылыс болуы көріктеу құралдарының ішіндегі неғұрлым қарапайымы деген тұжырым жасауға негіз бола алмайды. Көркем шығармадағы теңеулер автордың танымын, ұлттық тілдің ерекшелігін, сонымен бірге әр қаламгердің өзіндік қолтаңбасын да айқындай түседі. Теңеу – ең алдымен таным көзі. Ұлы Абай жетінші қарасөзінде таным процесі туралы: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен демеклік.

1.2 Метонимия мен синекдоханың қолданысы
«Метонимия (гректің metonymia – ат алмастыру деген сөзінен алынған) – бір атау тұлғасының екінші заттың не құбылыстың мәндестігі, жақындығы, шектестігі, байланысты болуы негізінде атау болып ауысуы. Метонимия белгілі бір топтағы бір нысанның атын бүкіл бір топқа немесе бір топтың атын басқа бір топтағы бір нысанға ауыстыра қолданатын троптың бір түрі» [1, 88]. Метонимия тілді лексикалық бірліктердің санымен емес, сапалық жаңғырумен дамытады. Метонимия троптың өзге түрлерінен мағыналық сипатымен ерекшеленеді.

2 Жергілікті ақын өлеңдері тілінің лексикалық, семаника-стилисткалық сипаты
2.1 Жергілікті ақындар өлеңдері тіліндегі қанатты сөздер
Кез келген суреткер өз ойы мен көзқарасын оқырманға әсерлі әрі бейнелі етіп жеткізу үшін тілдің экспрессивті құралдарын қолданады. Көркем шығармадағы мұндай тілдік құралдар адам сезіміне ерекше әсер етіп, түрлі стильдік қызметте қолданылуымен құнды болып келеді. “Ұлттың ділінде тіл арқылы берілетін ғибрат түрінде айтылатын бейнелі сөздер экспрессивті мағына жүктеп отырады. ...мұндай сөздер «ділмәр сөз», «қанатты сөз», «мәнерлі сөз» деп аталып жүр. Ділмәр сөздің мақал-мәтелдерден ерекшелігі – оның белгілі бір авторы болады. Ділмәр сөзде ой барынша терең мәнді аймақтарымен өрнектеліп, өткір мәнерлілікке негізделеді” [10, 314]. Мысалы:

2.2 Жергілікті ақын өлеңдеріндегі түр-түстер қолданысы
Адам баласы қашанда тіршілік бояуын өзінің қажетіне жаратып келгені белгілі. Жеке адамдар мен қауымның түр-түске әртүрлі қарап, әртүрлі қабылдайтыны белгілі. Әркімнің, әр елдің өз талғамы мен өзі ұнататын түрі мен түсі болады. Сондықтан түр-түске қатысты символикалық наным-сенімдер барлық халықтарда кездеседі және олардың жалпылық, ортақтық қасиеттерімен қатар, жеке тілдерге тән ерекшеліктері де болады. Табиғат сырын өмірі мен өнеріне өріп келе жатқан қазақ үшін түс әлемінің өзіндік ерекшелігі де бар.

2.3 Тілек-бата сөздердің ерекшелігі
Тілімізде жамандықтың бетін қайтарып, жақсылыққа үндеу мақсатымен айтылатын алғыс мәнді сөзге көңіл-күй лебізі – бата жатады. Бата – Алла тағаладан тілейтін тілегіміз, имандылыққа тәрбиелейтін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиет, қысылғанда күш-қуат беретін, рухтандыратын сөз құдіреті. Бата беру, бата тілеу рәсімі – ұлттық рухани қазынамыздың, мәдениетіміздің, тәрбиелік мәні аса зор дана салты. Бата сөзі араб тілінен аударғанда «фатаа» қайырма немесе қайыру деген ұғымды береді. Тілек-бата сөздерінің тыңдаушы үшін тілдік ықпалы ерекше. «Әрбір жағдайда айтылатын тілек-бата сөздерінде адам сезімі мен санасына қатты әсер ететін, анығырақ айтсақ, сендіретін сөз магиясы бар.

Қорытынды

Тіл – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі. Әр ұлттың дүниетанымы, ділі, білімі, парасат-пайымы, дәстүрі, әдеті, салты мен санасы, болмысты тануы, игеруі тілде бейнеленіп, тілде сақталады.
Адамзаттың табиғатты танудан түйсінген, түйген дүниетанымын білу, оқу арқылы жеке адамның түсінігі қалыптасады. Егер тіл арқылы мұндай халықтық дүниетаным жетпесе, қоғам да мәдениет те дамымаған болар еді. Халықтың рухани күші – тілде. Тілі дамымаған халықтың да рухы да дамымақ емес. Сөз қадірін, тіл қадірін түсінген халқымыз: «Өнер алды – тіл» деп баға берген.