Әлияның өшпес ерлігі
Соғыс - адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.
Қаһармандар мәңгі жасайды, олар өлмейді, дейді халық даналығы. Қазақ халқының даңқты қызы, Кеңес Одағының Батырыс Әлия Молдағұлова жайында нақ осыны айтуға болады. Ленинградта, Болшеохотск даңғылындағы сегізінші нөмірлі үйдің қабырғасында оның құрметіне алтын әріптермен былай деп жазылған: «Бүл үйде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан комсомол қыз, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова оқыды».
Алайда, бұл жазушының дәптерінде майдандағы қазақ қызы Әлия Молдағұлова туралы бірсыпыра мәліметтер жинақталған [2, 6-8 бб.].
Әлияның өмірі құйрықты жұлдыздай қысқа болды. Бірақ сол аз ғана өмірінде кейінгі ұрпақтар айтып жүретіндей, ешқашан ұмытылмастай ерлік жасап үлгірді. Оны бүгін бүкіл халқымыз мақтан етеді. Әлия, туралы ойласақ, таң алдында жарқырап туатын шолпан жұлдызы көзімізге елестейді. Оның нұрлы бейнесі, ыстық жүрегі, ақыл-парасаты, жан дүниесінің сұлулығы бәрімізді тәнті етеді. Әлияның майдандас достарының айтуымен бізге жеткен әңгімелері арқылы оның кіршіксіз жарқын бейнесін көз алдына елестете отырып, уақыт керуенінің адам ерлігі, адамдардың өлмес ісі алдында дәрменсіз екенін анық сезесің [3, 6 б.].