Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 15 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы – реттеуші ықпалын тигізетін әлеуметті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.

Ал материалдық мағынасында мемлекеттік қаржылар мемлекеттің және қоғамның тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады. Қаржылардың функцияларына ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау – есептеу функциялары жатады.
Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржылық жүйесінің ауқымында ғана жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік – құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.

Мемлекеттік қаржылық құрылысының құқықтық негіздері мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын және оның ұйымдастырылу құрылымын белгілейтін қаржылық құрылымды құрайтын және тиісті қаржыларды басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесін айқындап, құзыреттерін белгілейтін қаржылық құқықтық институттары болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық құрылысы өзара байланысқан 1. тиісті қаржылық-экономикалық институттармен көрсетілген мемлекеттің ақшалай қорларының жиынтығы ретіндегі мемлекеттің қаржы жүйесінен 2. мемлекеттің қаржылық органдарының жүйесінен 3. мемлекеттік қаржылық реттеуден тұрады.
Мемлекеттің қаржы жүйесін құрайтын қаржылық - экономикалық институттар : бюджет жүйесі, бюджеттен тыс мақсатты қорлар, мемлекеттік сақтандыру қаржылары, мемлекеттік банктердің қаржылары, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің және мемлекеттік басқару органдарының қаржылары түрінде көрініс табады.

Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару мемлекеттік қаржыларға қатысты тиісті қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік және арнайы қаржылық органдардың жүйесін айқындайтын, сондай-ақ олардың осы саладағы құзыреттерін белгілейтін қаржылық – құқықтық институт болып табылады.
Мемлекеттік қаржылар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесінде: