Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 44 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі


Жоспар
Кіріспе 3
1 тарау. «Қаржы жүйесі» мәні 6
1.1 «Қаржы жүйесі» ұғымы, оның құрамы 6
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі, маңызы 12
1.3 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары 18
1.4 Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі 21
2 тарау. Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі 26
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің моделі 26
2.2 Қаржы жүйесінің құрылымын жылдық салыстыру 27
2.3 Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі 30
3 тарау. Қаржы жүйесін жетілдірудегі іс-шаралар 34
3.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін жетілдіру 36
Қорытынды 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 44

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі» Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады. Болашақ қаржыгер ретінде, Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайын салыстыра келе қаржы жүйесінің өзгерісін білу.
Біз білетіндей, 14 жыл ішінде тек қаржы жүйесінде ғана емес сонымен қатар, экономиканың басқа да секторлары елеулі түрде ілгері дамыды.
Курстық жұмыс барысында, мен қаржы жүйесі жайлы біраз мағлұматтарды жаздым. Астана қаласындағы елбасы--- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 18 ақпанда халыққа арналған жолдауында қаржылық сектор жайлы үшінші бөлімде көрсетілген. Бұл бөлімшеде әлеуметтік-экономиканың дамуында қаржы жүйесінің маңызы зор болып табылатындығы көрсетілген.

1 тарау. «Қаржы жүйесі» мәні
1.1 «Қаржы жүйесі» ұғымы, оның құрамы
Жалпы, қаржы жүйесі ұғымын түсіну үшін қаржының не екенін ұғыну қажет. Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық айналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады.

1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі, маңызы
Мемлекеттік бюджет –экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты белгісі ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгешеліктермен сипатталады:

1.3 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

1.4 Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі
Қаржы жүйесінің қызмет атқару механизмдерін зерттеу үшін оның әрбір элементтерін және олардың әрекет ету механизмдерінің біртұтастығын мұқият зерделеу қажет. Демек, біріншіден қаржылық қатынастардың барлық нысандарын және олардың өзара байланыстарын айқындау қажет, екіншіден қаржылық қатынастардың әр бір нысанын өндірістің тиімділігін арттыру және экономикалық қатынастардың жетілдіру жөніндегі рөлдері тұрғысынан зерделеу, үшіншіден қаржылық қатынастарды басқару тәсілдерін жетілдіру, яғни, нарық жағдайында қаржылық қатынастарды пайдалану механизмін жоспарлау, болжамдау, қаржыландыру, бақылау және талдау. Осындай талдау негізінде қаржы жүйесінің құрылымы және оның элементтерінің өзара байланысы анықталады. Қаржы жүйесінің құрамындағы қаржылық қатынастардың құрылымы өте күрделі. Олар мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

2 тарау. Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің моделі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің модельдерін оқыту ұстамдық ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл:
- Күрделі жүйелі дағдарыс жағдайында дербестікті иелену. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қазіргі моделі Кеңес одағы құлдырағаннан бастап құрыла бастады. Бұрынғы жүйе өзінің тапсырмаларын орындамай қалды, ал жаңасы өзінің мақсаттары мен қызметтерін анықтаған жоқ. Бұл инвестициялық қызметтің құлдырауына ерекше әсерін тигізді. Алтын валюталық резервтер қатысқан жоқ, бұл кездегі жүйенің бақылау функциясы нақты болмады.

2.3 Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі
1998 жылдары республика бюджеті түпкілікті өзгерді. Бұл экономиканың макроэкономикалық көрсеткіштерінің үнемі өзгеріп отыруымен, шаруашылық субьектілердің қаржылық жағдайларының өзгеруімен байланысты болды. Сондықтан, бюджет құрамын жүйелі түрде зерттеу арқылы, біріншіден, бюджетті жоспарлау механизмін талқылау, екіншіден, бюджеттің орындалуындағы экономикалық байланысты зерттеу, үшіншіден, қаржы жүйесі туралы негізгі қағидаттар ойлап табу және заманға сай атқарылдым жасау қажет болды.

3 тарау. Қаржы жүйесін жетілдірудегі іс-шаралар
Президенттің жолдауында бюджет қорын тиімді жұмсау жайлы соңғы 3-4 қаржы жылында аз айтылып жүрген жоқ. Елімізде 2004 және 2005 жылы бюджетте дефицит болған жоқ. өкіметтің 2003-2005 жылғы бағдарламасында мемлекеттік қаржы жүйесін оптималдау жөнінде аз кілтті бағыттар болған жоқ. Бұлар:

3.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін жетілдіру
Қаржылық жүйе белгілі бір қаржылық - экономикалық институттардың жиынтығынан тұрады. Көптеген экономистер мен заңгерлер қаржылық жүйеге келесі институттарды кіргізеді: 1. Бюджеттік жүйе; 2. Бюджеттен тыс мақсаты бар қорлар, осы қорлардың ролі өте зор.
Елдің тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін, экономиканың сыртқы қолайсыз жағдайлардың әсерінен тәуелділігін төмендету үшін Қазақстан Ұлттық қоры құрылды. Ол екі негізгі қызмет атқарады:

Қорытынды
Қаржылық жүйе мемлекеттің пайда болуының ең басты мақсатының бірі – еңбек бөлінісіне тиімді жолмен жетуге мүмкіндік береді. Қазіргі заман сатысында қаржылық жүйенің төрт негізгі құрамын бөліп көрсетеді: мемлекеттік бюджет, жергілікті қаржылар, мемлекеттік мекемелерің қаржылары және арнайы үкімет қорлары.
Жоғарыда айтып кеткендей, кез-келген елде қаржы жүйесін ұйымдастыру басты және өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Біздің еліміздің қаржы жүйесін дамыған елдер тәжірибесіне сүйене отырып жасауда. Бюджеттік кодекстің 37 бабында айтылғандай басты назарды бюджет тиімділігіне және нәтижесіне аудару қажет, кодексте осы екі мағынаға анықтама беріліп кеткен.
Белгілі профессор өзінің мақаласында айтып кеткендей, кез-келген елдің қаржы жүйесі тарихи түрде қалыптасады. Қаржы жүйесіне тікелей әсер ететін құралдар: қаржылық механизм, қаржылық құқық және қаржылық саясат болып табылады.