Орта шамалар және вариация көрсеткіштері
Жоспар
1 Орта шамалар және вариация көрсеткіштері 3
1.1 Орта шамалардың мәні мен маңызы 3
1.2 Арифметикалық орта шамалар 4
1.3 Гармоникалық орта шама 6
1.4 Құрылымдық орта көрсеткіштер 8
1.5 Вариацияның мәні және оның негізгі көрсеткіштері 10
Әдебиеттер 13
1 Орта шамалар және вариация көрсеткіштері
1.1 Орта шамалардың мәні мен маңызы
Мәселені түсініп алу оңай болуы үшін қатарды екі жағынан сыға отырып, бірте-бірте ықшамдайық. Бұндай жағдайда оның вариациялары арасындағы мөлшерлік айырмалар жойылып, ірілене бастайды да, сан жағынан азаяды. Осының есебінен қатар варианталардың саны көбейеді. Ықшамдау процесін одан әрі жалғастыра берсек, түпкі нәтижеде қатар вариантасы бір мөлшермен ғана бейнеленетін болады. Ал варианталар саны бастапқы қатардың жинақталған санына тең болады. Міне, осы шама — сол қатардың орта шамасы болып есептеледі. Бұл шама қатардың ең ірі және ең кіші мөлшерлері ортасына жатады. Бұл жерде статистикалық қатар дегенде таза математикалық қатарды, яғни кіршіксіз сандар қатарын түсінеміз. Бұл сандардың жағдайға да, бір-біріне де ешқандай қатысы жоқ, олар толық еркін.
1.2 Арифметикалық орта шамалар
Арифметикалық орта шама — орта шамалардың ең қарапайым және практикада өте кең қолданылатын түрі. Ол қарастырылып отырған жинақ бірліктерінде кездесетін кейбір шамалық мәндерді қосудан алынатын жалпы жиындыға және бірліктер санына негізделеді. Егер орта арифметикалық шамаға вариациялық қатар тұрғысынан қарайтын болсақ, оны есептеу кезінде варианталар мәндерінің жалпы жиындысы өзгермес шама деп қаралады да, варианттар санына сәйкес пропорционал бөлінген деп саналады. Осыған байланысты орта арифметикалық шаманың бөліну қатарындағы орны кейбір варианта мәндерінің теңдей екі жақты айырмасы болуымен белгіленеді. Орта арифметикалық шаманың қарапайым және арнайы формалары бар.
1.4 Құрылымдық орта көрсеткіштер
Орта шама айнымалы шамалардың орташа мәні болып табылады. Ол жинаққа тән жалпы тенденцияны, заңдылықты бейнелеумен қатар белгінің кейбір мәндерін бүркемелеп тұрады. Анығырақ айтқанда, нарықтық экономика өмірлік мәселелерді шешу кезінде белгінің анық мәндеріне сүйенуді талап етеді. Мәселен, киім-кешек пен аяқ киімге сұраныс олардың орташа өлшемімен емес, әрбір өлшемнің нақты саны бойынша белгіленеді. Сондықтан да ұсыныстың болашағын белгілеу де осындай мәліметтерге негізделеді. Автомашиналардың бензинге, қосалқы бөлшектерге және баллондарға талабы да орташа белгілік мәндеріне қарай емес, олардың анық түрлеріне қарай анықталады.
1.5 Вариацияның мәні және оның негізгі көрсеткіштері
Вариация — қатарлардың тербелісі, варианта мәндерінің айнымалылығы деген сөз.
Жинақтағы бірер белгі мәндерінің вариациясы деп нақ осы шақ пен мекен жағдайындағы белгі шамаларының жинақ бірліктері бойынша ерекшеленуі, тербелуі (құбылуы) айтылады. Жинақ бірліктері алуан түрлі ортада қимыл жасайды, соның нәтижесінде вариация пайда болады. Демек, вариацияның себебі — жағдайлардың алуан түрлілігі, олардың ортасында сан қилы факторлар мен күштердің бар екендігі және түрлі жолдармен әрекетке келгенімен, түпкі нәтижеге бірдей ықпал жасайтындығы.
Әдебиеттер
1. ҚР Статистика жөніндегі Заңы, Астана, 2001 жыл.
2. Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер. Алматы: ҚР Статистика агенттігі, 2005 жыл.
3. Методологические положения по статистике, Алматы: Агентство РК по статистике, 2006.
4. Абдурахманов, Құсайынов Т.А., Байдақов А.Қ. Статистика және ҰШЖ. Астана, 2010 жыл.
5. Әміреұлы Ы. Статистиканың жалпы теориясы. Алматы. Экономика, 1998
6. Шайкенова Н.Т. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2005
7. Абдурахманов М.А. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2006
8. Елемесова А.М., Киіков Е.М. Ұлттық есеп жүйесі. Алматы, Экономика. 2000
9. Авров А.П. Общая теория статистики. Алматы, 2004