Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты


Жоспар
Кіріспе 3
І-ТАРАУ. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты 4
ІІ-ТАРАУ. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі 6
2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі 6
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі 9
2.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі 10
2.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі 10
ІІІ-ТАРАУ. Ақшасыз есеп айырысудың нысандары 15
ІV-ТАРАУ. Банктердегі арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі 17
V-ТАРАУ. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі 23
Қорытынды 26
Пайдаланған әдебиеттер 27

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердің мәні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген сүз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан ақ білуге болады.

І-ТАРАУ. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 № «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»- деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында:« Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі

Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 452 шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлеріне, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:

2.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі

Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады.№1034 6 тамызда шыққан Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.

2.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарамын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері, келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі, салық қызметі органдары берген салық төлеуші - шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты, мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі, ҚР заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.

ІІІ-ТАРАУ. Ақшасыз есеп айырысудың нысандары

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырмалық , аккредитивтік, чекпен есеп айырысу, төлем-талап тапсырмалық нысандары.
1. Төлем тапсырмалық нысан.
Қазіргі жағдайда қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың ең кең тараған нысаны. Төлем тапсырмасы дегеніміз – төлеушінің өзіне қызмет көрсететін банкіге өз есеп шотынан тиісті соманы ақша алушының есеп шотына аударуға беретін бұйрығы. Төлем тапсырмасы арқылы кейінгі төлемнің операциясын жүргізудің дәйектілігі төмендегідей:
1. Тауар жеткізуші келісім шартқа сәйкес тауарын жөнелткеннен кейін төлеушінің атына фактура шот ұсынады.
2. Сатып алушы тауарды алғаннан кейін төлем тапсырмасының жинақтамасын толтырып, оған фактура шотын қосып, өзіне қызмет көрсететін банкіге тапсырады.


V-ТАРАУ. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі

Ақша қаражаттар қозғалысының есебі №4 БЕС сәйкес жасалынады. Есеп беруді құрудың қажеттілігі ақша қаражаттардың келіп түсуі мен шығуы бойынша ақпарат алуда және қаржылық қызметі жүнінде мәліметке ие болуда жатыр.
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебі ақпарат қолданушыларға кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы үзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді, шаруашылық субъектінің операционды, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша есепті мерзімде ақша қаражаттардың келіп түсуі мен шығысы туралы мәліметтермен қамтамасыз етеді.
Операционды қызмет – заңды тұлғаның табыс табу мақсатындағы негізгі қызметі, сонымен қатар инвестициялық және қаржылық қызметке жатпайтын басқа да қызмет.
Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату.

Қорытынды

Сонымен, бухгалтерлік есеп бүгінгі таңда басқару жүйесінде маңызды орындардың бірін алады. Ол үндірістің, айналыстың, бүлудің және тұтынудың нақты үрдістерін күрсетіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешімдерін қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп Бухгалтерлік есеп стандарттарында және Типтік шоттар жоспарында бекітілген принциптеріне сәйкес жүргізіледі.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Айтжанова Ж.Н. «Бухгалтерский учет, отчетность и аудит устойчивого экономического развития». Алматы 2002, 205с.
2. Абдыкалыков Т.А., Сатмурзаев А.А., «Основы бухгалтерского учета и аудита» Алматы 2001, 236с.
3. «Аудит». Под редакцией профессора В.И. Подольского Москва 1997г. 432с.
4. Әбдіқалықов Т.Ә. «Бухгалтерлік есеп және аудит». Алматы 2000ж. 168б.