Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Әкімшілік жауапкершілік

Жоспар
1. Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның ерекшеліктері 3
2. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әкішілік жауапкершілігі 7
3. Әкмшілік жауаптылықтан босату 11
Пайдаланылған әдебиеттер 13

1. Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның ерекшеліктері
Әкімшілік жауапкершілік
Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның ерекшеліктері
Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады.
Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауапкершілікті туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді. Сондықтан ондай кұқық бұзушы-лықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар деп саналады және әкімшілік жауапкершілікті тудырады.

Егер құқық бұзушы өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды зардаптары болуы мүмкіндігін алдын ала білсе, біракқ оған жеткіліксіз негіздермен оларды болдырмауға ұшқалақтыққа салынса немесе оларды алдын ала болжай алмаса, бірақ болжауға міндетті болса, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалған болып саналады.
Қасаканалыққа ұсак бұзақылық, үй жағдайында спиртті ішімдіктер жасау және өткізу, мәдениет және тарих ескерткіштерін, сондай-ақ табиғат объектілерін қорлау, т.б. терісқылықтар жатады.
Абайсыздыққа ұйымның лауазымды тұлғасының оған сеніп тапсырған құжаттарын жоғалту, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, т.б. теріс-қылықтар жатады.

2. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әкішілік жауапкершілігі
Кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқык бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептеледі. 16 жасқа толмағандар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейді.
Жазаның негізгі түрлері — әкімшілік жаза немесе тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу ишаралары.
Кәмелеттік жасқа толмағанға әкімшілік жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру мен тәрбие жағдайы, психикалық даму деңгейі, жеке тұлғаның өзге ерекшеліктері, сонымен катар оған басқа ересек адамдардың әсері ескеріледі.
Кәмелеттік жасқа толмау жазаны жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі
Тәрбиелік ықпал ету шараларына жататындар:

4. Әкмшілік жауаптылықтан босату
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері, шарттары және салдарлары Қазақ ССР-і ӘПБтК-інің 20 және 21-баптарында қаралған.
Казақ ССР-і ӘПБтК-тің 20-бабына сәйкес құқық бұзушылыктың сипаты және құқық бұзушының жеке басының қадір-қасиеті әкімшілік жауаптылықтан босатудын негізі болып табылады.
Әкімшілік жауаптылықтан босатудың саддары әкімшілік жауаптылык туралы материалдарды қоғамдық ықпал жасау шараларын қолдану үшін жіберуге саяды. Материалдар жіберілген органдар мен ұйымдар оларда көрсетілген адамдарға колданған қоғамдық шаралар туралы материалдарды жіберген органдарға (лауазымды адамдарға) хабарлауға міндетгі.
Қазақ ССР-і ӘПБтК-тің 21-бабы бойынша жасалған әкімшілік құқық бұзушылыктың мәні шамалы болған жағдайда әкімшілік жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Салдары — ауызша ескерту, ол ешқаңдай құқықтық зардап туғызбайды.
Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздерін әрекет жасауды (әрекетсіздікті) заңға қайшы келтірмейтін жағдайлардан айыра білу қажет. Бұл жерде мәжбүрлі қажеттілік пен қажетті қорғануды мезгеп отырмыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001ж
А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.