Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ақшаның пайда болуы және мәні


Жоспар
1 Ақшаның пайда болуы және мәні 3
1.1 Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні 3
1.2 Ақша қызметтері мен функциялары 6
1.3 Ақша айналысы және ақша жүйесі 7
1.4 Ақша айналыс заңы 8
1.5 Ақша жүйесінің құрылымы және түрлері 10
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер 13

1 Ақшаның пайда болуы және мәні
1.1 Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні
Ақша ерте заманда пайда болды, олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарты және өнімі болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Заттың тауарға айналуы, ақшаның пайда болуы объективті алғы шарттарды құрастырады. Бір кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса мұндай бұйым тауарлы формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталу барысында айырбас құнының жәй немесе кездейсоқ формалары қолданылады.
Тауар өндірісінің өсіруіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбастау құрамы бола бастады. Осыдан келіп құнын толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық және осы тауарлар ақша деп аталады. Бір халықтың өзіне әртүрлі уақыттарында және әртүрлі халықтарда бір мезгілде әртүрлі эквиваленттер болады сонымен қатар.

1.2 Ақша қызметтері мен функциялары
Ақшаның әр қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.Ақша 5 түрлі функцияны орындайды.
1.Ақша құны өлшем ретінде – құн өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды.Бұл ақшаның барлық тауарлар құнын өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді бағаны оның тауда делдал қызметін атқарады.Ақша еңбек өлшемі ол жұмыс уақытын емес осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.Ақша түрінде көрінетін тауарлардың құны оның бағасынан пайда болады.Құнын өлшемі қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді.

1.3 Ақша айналысы және ақша жүйесі
Ақша айналысы - қолма-қол ақша қозғалысы. Ақша айналымы ұғымы одан кең мағынаны бергендіктен ол қолма-қол және қолма - қолсыз ақша айналым мағынасын сипаттайды. Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлем ақыны жүзеге асыратын кезінде қызмет көрсету. Сонымен бірге кәсіпорындармен қаржы және несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуын ақша айналысы деп аталады. Ақша айналысының объективті негізі тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауарды сатып алу үшін қолданылуы. Ақшалардың әрдайым қозғалыста яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды. Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекеленіп жүреді.

1.5 Ақша жүйесінің құрылымы және түрлері
Жалпы мемлекеттік заңмен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің ақша жүйесі бар. Қазақстанның валютасы - теңге. Ақша түрлері заңды төлем құралы болып табылатын қағаз немесе несие ақша.
Металдық айналым мұнда ақшалай тауар, ақшаның барлық қызметін атқара алады. Ал несие ақшалар металға айырбасталады. Мұнда алтын айырбасталатын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылады және қазынаға айналды.Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты.
Алтын монометализмнің 3 түрі бар.
1. Алтын монета стандарты - оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б.

Қорытынды
Ақшаның пайда болу мәнін және шығу тегін қорытындылай келе, ақша - бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол жалпылама эквиваленттік роль атқаратын тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.
Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады.

Қолданылған әдебиеттер
1. Шеденов.Ө.Қ., Сағындықов.Е.Н.. Жүнісов.Б.А., Байжомартов.Ұ.С. Комягин.Б.И. Жалпы экономикалық теория.
2.Сейтқасымов. «Ақша несие банк».