Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Ақша, несие, банктер

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 32 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Валюта нарығы және оның түрлері


Мазмұны
Кіріспе 3
1. Валюта нарығының мәні және валюталық қатынастар 5
1.1 Валюта нарығының мәні мен түсінігі 5
1.2 Қазірігі кездегі валюталық жүйе, валюталық қатынастар және валюталық механизм 8
2. Халықаралық валюта жүйесінің ерекшеліктері 13
2.1 Халықаралық валюта жүйесінің мәні мен құрылымы 13
2.2 Халықаралық валюта жүйесінің даму кезеңдері 14
2.3 Халықаралық резервтегі валюта бірліктері және Еуропалық валюта жүйесі 17
3. Халықаралық валюта-қаржы қатынастары және ондағы Қазақстанның орны 23
3.1 Халықаралық валюта және қаржы-несие нарықтары 23
3.2 Халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі Қазақстанның орны 26
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32

Кіріспе
Валюта нарығы дегеніміз – шетелдік валютаны және шелдік валютадағы төлем құжаттарын сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында.
Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі – ол ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұруымен анықталады.
Валюталық қатынастар дегеніміз-дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың қызметі.
Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз-мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы).
Валютаның курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталарының арақатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының «бағасы».
Валюта жүйесі – валюталардың, оларды пайдалану, ауыстыру, төлем құралы ретінде қолдану ережелері мен нормаларының жиынтығы.
Қазіргі валюталық механизм осы кездегі валюталық қатынасты реттейді. Валюталық қатынастың негізгі мәне мынада:

1. Валюта нарығының мәні және валюталық қатынастар
1.1 Валюта нарығының мәні мен түсінігі
Кез келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатындығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.
Қазақстан экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу-сатудың нақты объектісі – ақшаның ролін арттыруды шұғыл қажет етеді.
Ақшаны сатып алу-сату төлем қаражаттарының, несие ресурстарының және сан алуан бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторының пайда болуына себепші болады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз – шетелдік валютаны және шелдік валютадағы төлем құжаттарын сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.

1.2 Қазірігі кездегі валюталық жүйе, валюталық қатынастар және валюталық механизм
Дүниежүзілік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритететі мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен жүниежүзілік алтын нарығы.

2. Халықаралық валюта жүйесінің ерекшеліктері
2.1 Халықаралық валюта жүйесінің мәні мен құрылымы
ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз-дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың қызметі.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді, ғылыми-техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиді. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз-мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы).

2.2 Халықаралық валюта жүйесінің даму кезеңдері
Халықаралық Валюта жүйесі-динамикалық, дамушы жүйе. Бұл жүйе Батыс елдері экономикасындағы, дүниежүзілік шаруашылықтағы өзгерістер мен қажеттіліктерге сәйкес бірте-бірте өрістеді. Өз дамуы барысында халықаралық валюта жүйесі негізгі төрт кезеңнен өтті және сол кезеңдер халықаралық валюта жүйесінің төрт түрін сипаттайды.
Халықаралық валюта жүйесінің бірінші түрін алтын стандарт жүйесі деп атайды. Бұл жүйе ХІХ ғасырдың соңына қарай қалыптасты. Ол кезде бірқатар мемлекеттердің валюталары ел ішіндегі рыноктарда алтынға еркін айырбасталды.
Алтын стандарт жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

2.3 Халықаралық резервтегі валюта бірліктері және Еуропалық валюта жүйесі
1976 жылы Халықаралық валюта қорының (МВФ) Кингстондағы (Ямайка) кезекті кеңесіндегі дүниежүзілік валюта жүйесінің жаңа негіздері қаланды. Ямайка келісімдеріне сәйкес халықаралық валюта механизмі ендігі уақытта былайша құрылатын болды:
1. Алтынның құн өлшемі ретіндегі және валюта курстарын анықтаушы қызметі жойылды, сөйтіп бұдан былай алтын бағасы еркін анықталатын кәдуілгі тауарға айналды. Сонымен қатар ол ерекше өтімді тауар болып қала береді. Қажет болған жағдайда алтын сатылады, және одан түскен валюта төлемдер үшін пайдаланылады.
2. СДР-займ (қарыз) алудың арнаулы құқығы стандартының мақсаты оны негізгі резервтік авуар (төлем қаражаты) жасап, басқа резервтік валюталардың рөлін төмендету.
3. Әр елге ұлттық валюта курсының өздері таңдаған тәртібін орнықтыру құқығы беріледі. Мемлекетаралық валюталық қатынастар ұлттық ақша бірліктерінің қалықтау курсына негізделеді. Ақшалардың тербелу курсы екі факторға:

3. Халықаралық валюта-қаржы қатынастары және ондағы Қазақстанның орны
3.1 Халықаралық валюта және қаржы-несие нарықтары
Халықаралық валюта және қаржы – несие рыноктары дүниежүзілік шаруашылықтың, халықаралық экономикалық қатынастардың ең маңызды буындарының бірі.
ХХ ғасырдың соңғы 15-20 жылы қаржы рыноктарының қарқынды өсуімен айқындалады. 1980 жылдан бастап дүниежүзінің дамыған елдерінің қаржы активтері олардың ішкі жиынтық өңімдерімен салыстырғанда 2,5 есе жедел көбейген. Дүниежүзілік валюта және сауда операцияларының құндарының ара қатысы 1980 жылы 10/1 болса, 1992 жылы бұл көрсеткіш 60/1 болған.
Қаржы рыногы дамуының негізінде қаржы айналымынынң объективті заңдылықтары жатыр. Бір жерлерде уақытша бос капиталдар пайда болса екінші жерде оған сұраныс қалыптасады. Дүниежүзілік валюта және қаржы-несие рыноктары бұл қайшылықтарды дүниежүзілік шаруашылық деңгейінде шешеді.
Халықаралық экономикалық қатынастар, соның ішінде дүниежүзілік сауда, қызмет көрсету және капиталдар қозғалысы өздерін тұрақты түрде валютамен қамтамасыз етуді қажетсіңеді, ұлттық валюталардың сауда-саттығын талап етеді.

3.2 Халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі Қазақстанның орны
Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді. Бұл қатынастардың толыққанды мүшесі болу үшін Қазақстанға бірталай проблемаларды шешуге тура келді. Негізгі валюталық саясаттың бірі-теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауды мейлінше ырықтандыру. Мұның өзі бір жағынан, теңдестірілген (баланстылған), екінші жағынан, шетелдік тауарлар мен валюталар үшін ашық ұлттық рыноктың болуын талап етеді. Теңгенің еркін ауысатын валюталармен салыстырғандағы курсының орнықтылығы Қазақстан экономикасы үшін дүниежүзілік рынокқа шығудың тиімді жолы.

Қорытынды
Қорытындылап айтқанда, халықаралық валюта және қаржы – несие рыноктары дүниежүзілік шаруашылықтың, халықаралық экономикалық қатынастардың ең маңызды буындарының бірі.
Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді. Бұл қатынастардың толыққанды мүшесі болу үшін Қазақстанға бірталай проблемаларды шешуге тура келді. Негізгі валюталық саясаттың бірі-теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауды мейлінше ырықтандыру.