Ахмет Байтұрсынов
Тұтас туынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқандәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай отырабындағы Сартүбек деген жерде, ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы қаңтар айының 18-інде дүниеге келген. Бірақ Ахмет Байтұрсынов өзінің «Өмірбаянында» көрсетуші бойында 1872 жылы туған: №5 ауыл, Тосын облысы, Торғай уезінде туғанмын деп жазған. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша – қазақша училищеде, 1891 – 1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып білім алады.
Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернаторТройницкийдің жарлығы бойынша Қарқалы екі сыныпты училищесінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы шіденін 1 – і күні семей абақтасына қамалады, сотсыз, үкімсіз, нақақтан – нақақ 8 ай бойы азап – қорлық көріп торығады, қинала жүріп ширайды, ақыры күреске белді бекем буады. Бостандықты аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры, Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып, наурызда Орынбор қаласына келеді.
Ұлы ғұламаның ауыр тағдыры осындай, ал толық өмір – баянын жазу үшін көптеген архив деректері, замандас естеліктері, тарихи құжаттрына сүйену қажет. Қазіргі қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған «Жизнеописание» (1929, 8 наурыз), «Биография» (1929, 21 тамыз) атты материалдары айрықша бағалы. Ақын, көсемсөз шебері, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығамашылығы, әлеуметтік қызмеиіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. «Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу Қоғамы еғбекткрінде» (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды.