Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Торғай көтерілісі

1916 жылғы патшаның “июнь жарлығынан” кейін жер-жерде басталған толқулар Қазақстанның көп өңірлерін қамтыды, ең ірі қозғалыстар Жетісу, Торғай – Ырғыз өлкелерінде болды. Мыңдаған қазақ сарбаздары патша әскерлерімен шайқасты, жүздеп оққа ұшты. Көп қазақтар елін, жерін тастап Қытайға, Ауғанстанға қашты.
Жоңғар шапқыншылығынан кейін қазақ халқының басына түскен ірі зобалаң осы болды.

Шілде айының аяғында қазақтардан 19 бен 43 жастың арасындағы еркектері “қара жұмыс армиясына алынсын” деген патша жарлығы елге таратылды. Бұрыннан орыс патшалығы қазақтарды армияға алмайтын. Енді патша “уәдесін бұзып, соғыс жұмысына орыстан басқа ұлттардың еркектерін алу керек” деген шешімге келіп, оны тездетіп орындауға кірісті. Бұл кезде орыс әскерлері немістермен соғысып, жеңіліп, масқара болып жатқан кез еді.
Патшаның соғыс күшінің қорына деп ел мойнына қосымша салық салып, жәрдем ақша жинады. Ең ақыры “соғыс жабдығына керек” деп самаурынның сары жезі, қалайы мен қорғасынға дейін жиылды.

Карбоздың қолында небәрі 30 шақты мылтық болған, көбісі ауыл-ауылда сақталып келген шиті мылтықтар еді. Біреуі алыстан тиетін Қалабайұлы Арғынбай ұста өңдеген қару, ол сол күні Қияқбайдың қолында екен. Осылайша, екі жақ бесінге дейін атысқан, ақыры шабысқа шыққан. “Қызыл жоса қанға батып” шегінеді. Мылтық, наганы бар казактардың күші басым еді. Осы шайқаста Қияқбай ерлік көрсетіп, бір казакты атып түсірген. Бәрінен де оның туысы Әсемғазы Тобажанұлының ерлігі айтарлықтай: төрт әскердің ортасына түсіп қалып, найза салып екеуін өлтірген, өзі де жаралы болған, қылыштың жүзі төбесін қырқып кетіпті, денесінің көп жері тілінген. Осы шайқаста Қияқбайдың шешесі Жаңыл анамыздың ерлігі таңғаларлық оқиға. Құлаған бір сарбаздың айбалтасын ала салып, жауға шауып, бір әскерді жаралап, құлатқан. Өзі де жараланыпты, қызумен білмеген, қылыш арқасын тіліп кетіпті. Осы соғыста сарбаздың қолынан казактардың 6-ы өлген. Қияқбай тобы олжалы болып, қолдарына 5 винтовка түсірген.
Карбозбен соғысқан әскер тобына Қостанай жағынын көмекке келе жатқан 140 атты әскері ертесіне Торғай қаласына жеткен. Бұдан бұрын Торғай бекінісінде 200-дей атты казактар, 100-ге жуық жаяу әскер болатын, оқ-дәрілері жеткілікті еді.
Татырда Торғай қазақтары алғашқы рет қарулы орыс әскеріне қарсы шығып шайқасқан.

Торғай қазақтарының 1916-1917 жылдардағы патшаға қарсы жүргізген соғыс әрекеттері ерліктің ұлы өнегесі еді. Ресейде 1917 жылғы ақпанда буржуазиялық-демократиялық көтеріліс жеңіске жетті, патша тағынан түсті. Уақытша үкімет жазалаушы іскерлер тобын кері қайтарды.
1936 жылдан бастап Кеңес Одағында, әсіресе, Қазақстанда, қандай да болмасын оқиға, коммунистік идеологияға бағындырылды, соның ішінде, 1916-1917 жылдың тарих мәселелеріне көзқарас күрт өзгерді: жеке адамға табынушылық саясаты жүргізілді. Батыр аталарымыздың аттары құрдымға жіберілді. Доғал соғысында, жанын-тәнін аямай ерлік көрсеткен азаматтар әдейі ұмыт болды, аруақтарын аяқ асты етті.
Шын мағынасында, мақтау бәріне де жететін еді. Сол бір батыр аталарымыздың аруақтары риза болсын деп, осы бір әңгімені халыққа ұсынып отырмыз.