Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Психология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 16 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Эмоция мен сезімдер. Еріктің дамуы


Жоспар
1 Ерік туралы жалпы ұғым 3
2 Ерікті амалдардың кезеңдері 7
3 Ерік сапалары 10
3.1 Тоқтамаға келгіштік 10
3.2 Табандылық 10
3.3 Ұстамдық 12
3.4 Тәртіптілік пен жинақылық 13
3.5 Ерлік 13
Әдебиеттер 16

1 Ерік туралы жалпы ұғым
Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп) не түрткі деп атайды. Кез келген түрткі сан – қиылы қажеттермен тікелей, не жанама түрде байланысып жатады.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі – оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс - амалдар қарастырады. өйткені, адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді.

2 Ерікті амалдардың кезеңдері
Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасадын күрделі процесс екендігін төмендегі структурасынан жақсы көруге болады. Мәселен, орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік. Оқушының бұл мақсатты алдына қоюына оның мәдени қажетті, білім алуға тырысуы түрткі (мотив) болады. Кез келген адамнан «сен үшін оқисың?» деп сұрасаң оның нендей болсада бір дәлел айтатыны түсінікті.

3 Ерік сапалары
Адамның ерік –жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс-әрекеттің нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне қарай бірнеше сапалары бар:

3.1 Тоқтамаға келгіштік
Тоқтамаға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Адамның өз әрекетін дұрыс түсінуі, істеген ісінің азды көпті кемшіліктерін көре білуді оның ақыл ой парасатымен байланысып жатады.

3.2 Табандылық
Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Алматы облысының Шелек ауданының тұрғыны Тұрсын Мыңбаев Ұлы Отан соғысында екі қолынан бірдей айрылады да, жарымжан болып қалды. Бірақ ол қиыншылыққа мойымады.

3.3 Ұстамдық
Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, істің тетігін аңғара отыра әрекет етеді.
Жігер дегеніміз – құр тілекпен қанағаттану емес, бұл бір мезгілдік тілек те, тоқталыс та, тілектен бас тарту да ... Тормозсыз машина болмайды және тормозсыз ешбір жігердің де болуы мүмкін емес
Осындай қасиеттер адамның түрлі қиыншылықтарды жеңе білуге машықтануы, ауыртпалыққа шыдай, төзе білуі үстінде қалыптасуы болып табылады. Орынсыз ұшқалақтық, жеңілтектік, дегбірсіздік адамның қатты жігерленіп, іске белсенді кірісуіне кедергі келтіреді.

3.4 Тәртіптілік пен жинақылық
Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Адам неғұрлым өз қылығының қоғамдық мәнін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сеніммен, белсенділікпен әрекет етіп, өзінің отан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді. Жекешіл ұғымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық әрекеттермен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.

3.5 Ерлік
Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет, сонымен қатар, ерлік –батылдық пен ұстамдылықтың табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік көбінесе қоғамдық мәні бар істерде көрінеді.