Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жеті жарғы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 35 стр.

Полный просмотр работы

Қазақ жеріндегі мемлекет пен құқық тарихына шолу


Жоспар
1 Алаша хан мен Уыз хан заманы 3
2 Ғұн және түрік заманы 9
3 Шыңғыс хан және Алтын Орда заманы 12
4 «Қасым ханның қасқа жолы» 16
5 «Есім ханның ескі жолы» 18
6 Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» 21
7 Абылай хан дәуірі 29
Қолданылған әдебиет тізімі 35

1 Алаша хан мен Уыз хан заманы
Қазақ әдет - ғұрып заңдарының жалпы мазмұнынан көне дәуірлердің елесі атой береді.
Ережелердің көпшілігі Алаша хан, Уыз хан сияқты ертедегідей алыс заманның көш басшыларының соңынан ел боламыз, жұрт боламыз деп еріп келе жатқан батыр жауынгерлер сияқты. Кейде бір ережелерден салтанатты көшті, мұнарланған қаланы, салиқалы ақсақалды көргендей боласың, мүмкін Жошы хан мен Әз Жәнібек ханның, Орыс ханның замандары болар.

2 Ғұн және түрік заманы
Орталық Азия халықтарының әдет-ғұрып заңдары туралы алғашқы жазба деректер ғұн дәуірінен басталады. Қытай жылнамаларын қарап отырып б.э.д. III-II жүз жылдар бұрын Арқа мен Алтай арасында атой салып жүрген көшпелі тайпалардың тұрмыс-тіршілігі мемлекет пен құқық туралы түсініктері туралы хабар аламыз.
Мөде шаньюйдің баласы Лаушан-гию Қытай патшасына жазған хатында "Ғұндардың қолдануға жеңіл және ыңғайлы заңдары бар. Ғұн елін шаньюй бір атаның баласындай басқарады, қарамағындағы қызметкерлермен қарым-қатынасы қарапайым" деп хабар береді. Бұл дерек б. э. д. ғұн өркениеті тек мемлекет емес құқықты да туғызғанын дәлелдейді: "Көшпелілердің заңын орындаудан бас тартқандары, өлім жазасына кесіледі, ал енді ұрлық, адам өлтіру сияқты қылмыстарды билердің өздері не құн төлеу, не кек қайтару арқылы шаньюйге жеткізбей шешеді".

3 Шыңғыс хан және Алтын Орда заманы
Мемлекет және құқық туралы Евразия көшпелілерінің түсініктеріне іргелі өзгерістерді Шыңғыс хан заманы енгізді. Бірақ зерттеушілер Шыңғыс ханның көшпелілерге енгізген тәртібі өзіне дейінгі дәстүрге сүйеніп жасалғанын ескертеді:

4 «Қасым ханның қасқа жолы»
Бірнеше мың жыл бойы Евразия көшпелілерінің жуан ортасында алаш туының астында болған қазақ руларының өз бетімен мемлекет құрған уақыты ХV ғасырдың ортасы. Керей және Жәнібек хандардың кезінде мемлекеттік идеяның өміршендігі үшін күрескен қазақ рулары Жәнібек баласы Қасым хан кезінде мемлекетті нығайту, заң ережелерін бір қалыпқа келтіру, ішкі және сыртқы саяси ахуалға зандарды ыңғайлау мәселесіне кіріскенге ұқсайды.

5 «Есім ханның ескі жолы»
XVII ғасырдың басында алғашқы ширегіндегі мемлекет және құқық туралы түсініктерідің дені «Есім ханның ескі жолы» атты ережелермен байланысты. Қазақ шежіресі Есім ханның (1598-1630-шы жж.) қызметіне жоғары баға береді. XVIII ғасырда өмір сүрген әйгілі Бұқар жырау Абылай ханға «Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кешегі Еңсегей бойлы Ер Есімді де білемін. Сен оның бір түстігіне жарамайсың» деп айтуында да Есім ханға деген үлкен хошемет сезіледі.

6 Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы»
Есім ханнан кейін Қазақ хандығы тағы да ұзақ дағдарысқа түскені тарихи деректерден белгілі.
1630-шы жылдардан бастап қазақ жерінің солтүстік-шығыс алқабы тұтас ойрат тайпаларының қолына көшті. Дүрбен-ойрат аталатын қалмақтың төрт руы (торғауыт, хошоуыт, дурбет, чорос) 1640 жылы Тарбағатайдың Улан Бұрға деген жерінде бүкіл моңғолдық және ойраттық ұлы кеңес ашып «Их цааз» (Цааджин бічік) заң ережелерін қабылдады. Осыған байланысты қалмақ ішіндегі ішкі мәселелер, жаугершілік бірсыпыра уақытқа байыз тауып, сыртқы мәселелерге түйген жұмырдықтай болып кірісті. Осы кезеңде ойрат одағына нығайтуға арқау болған тетік будда діні еді. Зая-пандита сияқты ойраттың кеменгер ұлдары әліпби жасап, бұтханаларды қаптатып салып, ойрат шонжарлары арасындағы қым-қиғаш қарым-қатынастарда билік айтып, мәмлеге келтіріп, мемлекеттік туын биік желбіретуге өз үлестерін қосты.

7 Абылай хан дәуірі
Қазақтың әдет-ғұрып заңдарының иесі қасиетті, әулие билері болса, ұлыс елінің билігі, мемлекет тәртібіне жауаптылық ел иесі хандарында болған. Осы мәселені терең түсінген Абылай хан аласапыран заман артта қалғанда хан билігін нығайтуға, заң жолын қадағалауға күш салды. Ол күш-жігерді біз сол заманның жырауларының толғауларынан, аңыздарынан көреміз.