Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 47 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қаржы және несие


Жоспар
Кіріспе 3
І Бөлім. Қаржы 6
1.1 Ақша туралы жалпы түсінік 6
1.2 Қолма- қолсыз ақша айналымы 15
ІІ Бөлім. Бюджетпен есеп айырысу есебі 17
2.1 Бюджетті толықтыратын салықтар туралы жалпы түсінік 17
ІІІ Бөлім. Несие. Несие түрлері 22
3.1 Несие туралы жалпы түсінік 22
3.2 Несиелік ақшалар және олардың Қазақстан Республикасындағы түрлері мен қызметтері 33
3.2.1 Вексель түсінігі және түрлері 33
3.2.2 Чек айналымы 42
3.2.3 Банкнот 43
3.2.4 Аккредетив айналымы 44
Қорытынды 45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 47

Кіріспе
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап табу және шығару – адамзаттың данышпандық табысы.
Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Сонымен қатар болашақта экономистерге несиенің не себепті шыққаны жәнеде ең бастысы экономикада оның ролі қандай? Соны білу тиіс.
Ақшаның өмір сүруіндегі обьективтік қажеттілік ол тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделеді. Кез-келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша-жалпыға бірдей эквивалент.

Бұл жеткіліксіздіктерді жою үшін несиенің тиімді және тиімсіз жақтарын халыққа тиянақты жеткізу қажет. Несие ала отырып әрбір азамат сол несиені тиімді жолға салса. яғни белгілі бір нәтижелерге жетсе алғысты төбеден төгер еді. Сондай нәтижелерге жету үшін несиенің тиімсіз жақтарын жою қажет. Банктердің қазіргі таңдағы жүргізіп отырған несиелік саясатындағы басты нәрсе ол несиелік тәуекелді азайту екендігі белгілі.
Қаржы ақшаның жинақталып белгілі бір қорды құраған бөлігі. Арнайы белгілі бір мақсаттармен жинақталған қаржылар өз мақсаттарына пайдаланылып белгілі бір игілікті істер асырады. Оған мысалы мемлекеттік бюджет. мемлекеттік несиелер, арнайы мақсаттарда жинақталынған қорларды жатқызуға болады.
Несиелік ақшалар- ақша қызметінің белгілі бір түрін атқаратын құралдар яғни чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар т.б
Курстық жобаны жазудағы негізгі мақсат - қазіргі несиелеу, қаржыландыру процестерінің жүргізілу әдістерімен және ондағы саясаты қандай, нені негізге алады, тәуекелділікті қалай азайтуда, осы сұрақтарға жауап беру.

І Бөлім. Қаржы
1.1 Ақша туралы жалпы түсінік
Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпыға эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы . Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестірілетін ақша емес, керісінше, толық құнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді.

1.2 Қолма- қолсыз ақша айналымы
Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы)-ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы.
Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр-түрлі шоттар қолданылады.Олардың арасында кең тарағандары; ағымдағы,есеп айырысу және т.б шоттары.
Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы; тауарлы операциялар бойынша және қаржы міндеттемелері бойынша болып екі топқа бөлінеді. бірінші топқа тауарлармен қызметтер үшін қолма -қол ақшасыз есеп айырысу, ал екіншіге бюджетке төленетін төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғадан алынатын табыс салығы және басқада міндетті төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу,сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.

ІІ Бөлім. Бюджетпен есеп айырысу есебі
2.1 Бюджетті толықтыратын салықтар туралы жалпы түсінік
Экономикалық ілімдер тарихында салықтардың экономикалық мазмұнын ғылыми түсіну біртіндеп ұзақ уақыт бойы қалыптысты.
А. Смит ойы бойынша «салықтар – халықтың өз табыстарының бір бөлігімен мемлекет міндеттерін жүзеге асырумен байланысты болатын шығындардың орнын толтыру үшін қажетті мемлекеттік табысты қалыптастыруға қатысу бір тәсілің.
Салықтардың экономикалық мазмұны Давид Рикардо еңбектерінде зерттелген. «Салықтар – деп жазды ол, үкімет иелігіне түсетін елдің өнімін және еңбегін құрайды, олар барлық уақытта елдің капиталынан және табысынан төленедің.
Салық кодексінде салықтарға келесі анықтама береді: «Салықтар – қайтарымсыз сипаттағы белгіленген мөлшерде бір жақты тәртіппен төленетін мемлекет заңды түрде белгіленген бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдерң.
Салықтардың экономикалық белгілеріне жататындар:

ІІІ Бөлім . Несие. Несие түрлері
3.1 Несие туралы жалпы түсінік
Несие. Несие бұл белгілі бір мерзімге және белгілі бір пайыздық өсімақысымен берілетін ақша қаражаты. Қазіргі таңда несие беру тәртібі әртүрлі өйткені, несие алу сомасына байланысты.
Қазақстанда несие аты қазір халыққа белгілі бір қаржы көзін көрсетеді. Халықтың несие алу мақсаты өз қаржылық жағдайын жақсарту болып табылады.
Еліміз тәуелсіздік алған соң экономикалық жағдайды жақсартудың бір тірегі бұл несие. Өйткені, халқымыздың бәрінің бірдей әл- ауқаты жақсы емес. Сондықтанда несиенің ролі өте зор. Несие туралы айта келетін болсақ, мысалы: батыста және басқада экономикасы тұрақты мемлекеттерде несиенің экономикаға және халықтың әл-ауқатына тигізетін әсері өте зор, сондықтан да сол елдердің халқы өз көңіліне сай, яғни өзіне ұтымды несие түрін таңдайды пайыздық өсімақысының аздығы, мерзімінің ұзақтығы және тұрақты төлемдік мөлшермен берілуі. Біздің елде мұндай жетістіктерге қол жетікізе қойған жоқпыз.

3.2 Несиелік ақшалар және олардың Қазақстан Республикасындағы түрлері мен қызметтері
Несиелік ақшалар- тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

3.2.1 Вексель түсінігі және түрлері
Вексель- бұл бір жақты ақша міндеттемесі бар қатаң нысанда бекітілген төлем құжаты; қор рыногында ерекше инвестициялық құндылықты дербес айналдыратын қатаң формалды құжат:

3.2.2 Чек айналымы
Чек дегеніміз – чек берушінің чек ұстаушыға чекте көрсетілген сомадағы ақшаны төлеуі туралы банк мекемесіне берген жазбаша өкімін білдіретін (жазбаша түрде сенімділік білдіретін) құнды қағаз болып табылады. Чектер негізінен төлем айналымын жеңілдету үшін қолданылады. Жалпы чекті ақша орнына төлем ретінде беруге болады. Алайда бұл ақшаның нақты өзі емес, тек оны талап ету жөніндегі құнды қағаз болып табылады.

3.2.3 Банкнот
Несие ақшаларының бір түрі-банкнота. Банкнота/ағыл.сөзінде «банк билеті» дегенді білдіреді - орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Банкнота векселден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның векселден мынандай айырмашылықтары бар:
• мерзіміне байланысты, егер вексель қарыздық міндеттеме болса, ал банкнот-мерзімсіз қарыздық міндеттеме.
• кепілдендірілуіне қарай, вексельдіайналысқа жеке кәсіпкерлер шығарадыжәне оның жеке кепілдігі болады, ол банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

3.2.4. Аккредетив айналымы
Аккредетив дегеніміз - клиенттің тапсырысы мен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банк ісінің сөзсіз орындалуы тиіс ті міндеттемесі. Аккредетив бойынша аккредетив ашқан банк жаудықтаушыға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредетивте көзделген құжаттарды ұсынғанда басқа банктердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.
Аккредетивтің келесідей түрлері асырылады:

Қорытынды
Несие саясаты туралы жалпы қорытындылай келсек несиені тиімді жолға салып, жұмыс істесек белгілі бір жетістіктерге жетеміз ғой деп ойлаймын. Тағы да айта кететін сөз еліміздегі банктер халықаралық стандартқа жетсе, кейбір кедергілерді жойсақ,көбірек халықтың жағдайын ойлап ұмтылса, қызмет көрсету сапасын арттырса, әрбір несие алушы азаматқа теңдей көзқараспен қараса сонда халқымыздың әл- ауқатын арта түсетін еді. Экономикамызды көршілес мемлекттермен салыстырсақ біршама алдыдамыз. Жеке ойым несиені қажеттілігінше қорықпай алуда деймін.