1991-2007 жылдар аралығындағы Қостанай қаласының саяси-экономикалық дамуы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қостанай қаласының қалыптасуы мен дамуына қысқаша шолу 7
2 1991-2007 жылдар аралығындағы Қостанай қаласының экономикалық саласы 11
2.1 Қостанайда орналасқан аграрлық кешендер мен өнеркәсіптер 11
2.2 Шағын және орта кәсіпорындар 15
2.3 Қостанай қаласындағы банк секторының дамауы 22
3 1991-2007 жылдар аралығынағы Қостанай қаласының саяси жағдайы 26
3.1 Әлеуметтік саясат 26
3.2 Гендерлік саясат 39
3.3 Жастар саясаты 42
Қорытынды 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі 60
Қосымшалар 62
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қостанай облыстағы қаланың негізі болып табылатын, әдетте шикізатқа бағытталған монополистерге деген тәуелділіктен шағын бизнес көмегімен құтылып кеткен жалғыз қала. Бізде екі жарым мыңнан астам бизнес кәсіпорындар бар. Оларда барлық еңбекпен қамтылған қостанайлықтардың үштен бірінен астамы жұмыс істейді. Мысалы, 2004 жылы олар орындаған жұмыстар көлемі 31миллиард теңгеден асты. Олар төлейтін салық жергілікті бюджеттің үштен бірін құрады [1. 62 б.]. Ал бұл Қостанайға облыстық және республикалық бюджеттерді тұрақты толықтырушы болып қала статусын беруге мүмкіндік береді. Жаңа индустриалдық-инновациялық жобалар енгізу қарқыны қуантады. Олардың қатарына өндірісті қалпына келтіру мен дизель зауытындағы АМЗ МАН жетілдірілген двигательдер шығару, «Казнефтехим» зауытындағы (бұрынғы химиялық талшық зауыты негізінде құрылған) фенилон, «Айгерім»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде тұсқағаздар мен линолеумдар шығару, «Смак» ӨК, «Қостанай аяқ киім фабрикасы» АҚ ассортиментін кеңейту және басқаларды айта кеткен жөн. «Агортехмаш»,»Большевичка» фабрикасы, «Полиграфия» ОПО, «Баян сұлу» кондитер фабрикасы секілді кәсіпорындардың да қаламыздың, жалпы аймағымыздың экономикасының дамуына әсері үлкен. Олар өз табыстарына ондаған жылдар бойы жинақтаған аса құнды тәжірибелерін жоғалтпай сақтап қалумен қатар өндірісті жетілдіру арқасында қол жеткізді. Қостнай конфеттері бұрынғысынша ТМД кеңістігінде үлкен сұранысқа ие. Ал Қостанай двигательдерін сатып алуға тек Қазақстан ғана емес, ұлан-байтақ Ресей, Украина және Достастықтың басқа елдері де мүдделі. Қостанай тігіншілері республиканың ғана емес, шет елдердің де мұнайшыларының, энергетикалық және құрылыс мекемелерінің тапсырыстарын табысты орындап жүр.
1 Қостанай қаласының қалыптасуы мен дамуына қысқаша шолу
Қостанайдың тарихы ресми түрде бұдан 127 жыл бұрын басталды. Дәл сол кезде Тобыл өзенінің жағасына көшпелілердің алғашқы легі жетті. Бұрын көз көріп, құлақ естімеген елге жаяулап, жалпылап, Орлов, Чернигов, Харьков және басқа да Ресей губернияларынан мыңгаг астам адам келді. Олар үмітпен, болашаққа деген сеніммен келді. Өйткені оларға «қырғыз жерінің бір десятинасы 30 тиын тұрады» деп сендірді, «егін егіп, мал ұста, өз шаруаңды күйтте», деді. Соған орай осы өңірде тамыр жаюға ұмтылғандар аз емес еді. 1878 жылдың 1 қаңтарынан 1879 жылдың қаңтарына дейін көшіп келем деген адамдардан 1481 арыз түсті, ал 1880 жылдың аяғында олардың саны 4800-ге жетті. Бірақ мұндай көшпенділер келгенше патша үкіметі өзінің мүддесіне сай жұмыс жүргізген еді [1.60 б .].
2 1991-2007 жылдар аралығындағы Қостанай қаласының экономикалық саласы
2.1 Қостанайда орналасқан аграрлық кешендер мен өнеркәсіптер
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан республикасы шеңберіндегі экономикалық жағдай тұрақты болған емес. Сауда операцияларының көлемі келіп кетер мемлекеттік бюджеттің тапшылығы артты, инфляция өсуінің баяулағанына қарамастан халықтың тұрмыс деңгейі төмендеді, еңбек нарығындағы жағдай ушықты. Дағдарысқа қарсы қолданылған әрекеттер оншама ықпалды бола қоймады. Жалпы ұлттық өнімнің көлемі кеми берді. Сұраныс шектеулері, төлем дағдарысы, өндірістік-технологиялық кооперациямен инвенстициялық циклдың бұзылуы қорғаныс салаларының өңдірісін және ұзақ мерзімді пайдаланылатын тұтыну тауарларын шығаруды қысқарту әрі бөгде елдерден келетін тауарлардың қарқындаған бәсекесі сияқты жағдаяттар орын алды. Өңдірістің құрылымдарының көлеміне кері әсер ететін немес олардың жойылып, кетуінің қарсаңына әкелетін факторлар көбейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жағдайы тұрақты қалыпта қалмады.
2.2 Шағын және орта кәсіпорындар
Нарық өз заңына бағындырмай қоймайды деушілер көп. Мұны өмір шындығы дәлелдеп отыр. Мәселен, бизнесті алып қарап көрейік. Халық шаруашылығының қай саласы болмасын экономика ырғағына ықпал етпей қоймайды.
Әңгімеміз жалаң болмас үшін Қостанай қаласы кәсіпкерлерінің тыныс-тіршілігіне көз жүгіртейік. Алдымен облыс орталағындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың жай-күйі қандай еді, соған тоқталайық. Осыдан алты-жеті жыл бұрын олардың жұмысы тұрақты деп ешкім де айталмаған еді. Өнім өндіру көлемі айтарлықтай арта қоймады. Көптеген ірі кәсіпорындар қаражат тапшылығына тап болып, банкротқа ұшырады.
2.3 Қостанай қаласындағы банк секторының дамауы
Әлем банкінің мамандарының соңғы есебіне сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстан орта деңгейдегі табысы бар елдер тобына кіреді. Бұл мәліметті республикадағы әлеуметтік климаттың жақсару фактісі дәлел бола алады. 1990-2000 жж. дағдарыстан шығып, 2000 жылдың басындағы шенеуліктер мен экономистерді, қарапайым халықты толғандыратын бір жағдай бағаның өсуі мен құнсыздану деңгейінің жоғарылауы. Осы орайдағы банктердің қоғамдық өмірдегі маңызы өте зор десе де болады.
3 1991-2007 жылдар аралығынағы Қостанай қаласының саяси жағдайы
3.1 Әлеуметтік саясат
Жыл сайын Қазақстан азаматтарының жағдайы жақсарып келеді деуге болады. Дегенмен, кедейлік күйде өмір сүріп отырған адамдардың саны да жылдан жылға артып келеді. Бұл процесс, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың айтуынша, нарықтық экономика жағдайына тән құбылыстар болғандықтан, оны жою қиынға түседі. Сондықтан мемлекет азаматтарының әлеуметтік жағдайына басым көңіл аударуға мәжбүр болып отыр. Соңғы жылдары елімізде тұрақты түрде әлеуметтік салаға деген шығындар көбейіп жатыр. Бұл, әрине өз кезегімен әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру, жұмыссыздықты болдырмау немесе ең болмаса деңгейін төмендету, өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік төлемдер жүйесін жетілдіру, зейнетақы жүесніе назар аудару сияқты әлеуметтік маңызды проблемаларды шешу үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді. Қостанайда мемлекеттік басқару аясы үшін жауап беретін жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
3.2 Гендерлік саясат
Гендерлік саясат туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып та, жазылып та жүр. Яғни әйелдерді ер адамдармен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айырықша әлеуметтік жағда жасау, отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелер соңғы 4-5 жылда күн тәрәбінен түскен емес. Әрине, демократиялық , азаматтық қоғам құрып, соның барлық талабына жауап беру үшін біздің еліміз де аянып жүрген жоқ. Соның айғағындай, былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Гендерлік теңдікке қол жеткізудің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы» Жарлығын шағарды. Бұл айналып келгенде сол ерлер мен әйелдерді қоғамның барлық саласында теңестірудің ұзақ мерзімге арналған жоспары [27. 3 б.].
3.3 Жастар саясаты
Жастар – ел болашағы. Бүгінгі күннің мәселелеріне назар аударып, шешімін табу келешек жеткіншектің де негізгі міндеті. Олардың бойындағы патриоттық сезімді ояту үшін қоғамдық саяси ағымға араласа білгені де жөн.
2004 жылы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң қабылданғаннан кейін мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының арасында қарым-қатынастыжетілдіруде жаңа бір талпыныс пайда болды. Барлық мүдделі органдар тарапынан жас адамдардың қоғамға, экономикалық қарым-қатынас жүйесіне енуіне үлкен жұмыстар атқарылып отыр. Экономика саласының инновациялық дамуына икемі жақын, проблемаларды әсерлі жолмен олар шешуін табады, сондықтан басты ролді жастарға беру қажет.
Қорытынды
1991-2007 жылдар аралығындағы саяси-экономикалық дамуын үш сатыға бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезеңде (1991-1999 жж.) жалпы республикамызбен қатар қала-облысымыз да экономикалық дағдарысты басынан кешірді. Экономикаға қатысты жоспарлы даму кезеңі еді. Өткеннің қорытындыларын сараптай отырып, келесі жағдайды ескертуге болады: терең экономикалық өзгерістердің нәтижесінде өлкеміз Қазақстан Республикасы бойынша ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік көлемі бойынша алдыңғы қатарлы ірі индустриалды – аграрлы аймаққа айналды.