Заңдық психологияның жалпы ережелері
Жоспар
1. Заңдық психологияның түсінігі, пәні және міндеттері 3
2. Заңдық психологияның жүйесі 4
3. Заңдық психологияның әдістері 6
Негізгі әдебиеттер 9
1. Заңдық психологияның түсінігі, пәні және міндеттері
Заңдық психология заң ғылымдарының барлық салаларында қолданылады және қолданбалы ғылым болып табылады. Заңдық психологияның методологиялық ерекшелігі- оның тұлға әрекетін танумен айналысуында. Егер құқық адамдардың арасынан құқық бұзушыны алып қарастырса, заңдық психология осы құқық бұзушыны жеке тұлға деп қарастырады.
Заңдық психология заңдық қызмет және құқықтық реттеу саласындағы психикалық заңдылықтарды қарастырады. Заңдық психология психологиялық факторларды ескеру негізінде құқықшығармашылық, құқық қолдану, құқық қорғау, пенитенциярлық қызметтің тиімділігін арттыру мәселелерін зерттейді. Заңдық психологияның міндеттері:
2. Заңдық психологияның жүйесі
Заңдық психология құқықтық реттеу салаларын қамтитын жүйелік категорияға ие. Заңдық психология негізгі бес бөлімнен тұрады. Әрбір бөлімнің өзіне тән құрылымдық элементтері бар.
1. Құқықтық психология. Мұнда құқық мінез-құлықты әлеуметтік реттеу факторы ретінде, тиімді құқықшығармашылықтың психологиялық аспектілері, тұлғаны құқықтық әлеуметтендіру, құқық түсіну және құқықтық сана психологиясы деген сұрақтар оқытылады.
3. Заңдық психологияның әдістері
Заңдық психологияда қолданылатын зерттеудің жалпыпсихологиялық әдістері өзіндік ерекшеліктерге ие. Мұндай әдістердің ішінде құрылымдық анализ, табиғи эксперимент, бақылау, құжаттарды зерттеу, контент-анализ және интервью әдістері елеулі орынды иеленеді.
Құрылымдық анализ әдісі зерттелетін құбылыстағы құрылымдық-функционалдық байланыстарды анықтауға бағытталған. Бұл әдіс құқықтың әр түрлі субъектілерінің психикалық қасиеттерін, қылмыскер тұлғасын, заңдық қызметтің жекелеген түрлерін оқытуда жетекші орынды алады.