Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 71 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Топырақ бонитетінің балдары


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы 6
2 Топырақ бонитетін анықтау әдістемелері мен тәсілдері 11
2.1 Топырақ бонитеті Мемлекеттік жер кадастрының маңызды бөлігі 21
2.2 Топырақ бонитетінің критерилері мен негізгі принциптері 30
3 Топырақ бонитетінің баллдарын шығару тәсілдері 36
3.1 Бұрынғы Одақтағы және Қазақстандағы алғашқы жерді бағалаудың принциптеріне қысқаша шолу 44
3.2 Тәуелсіз Қазақстандағы жер бағалаудың жаңа кезеңі 50
3.3 Топырақ бонитетінің (1979 ж) Мемлекеттік әдістемесі 52
4 Қостанай облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау 54
4.1 Топырақ бонитировкасындағы және топырақ зерттеудегі материалдардың жағдайы 67
Қорытынды 70
Қолданылған әдебиеттер 71

Кіріспе
Топырақ дүние жүзіндегі тарихи кезеңдерде дамыған адамзат қоғамдары мен табиғи байлықтарының заттық (материалдық) негізі болып табылады. Ол үлкен-кішілі организмдердің Жер планетасындағы аналық жыныстармен өзара әрекеттесуінің арқасында түзіледі. Сондықтан топырақ тірі және өлі заттардың физико-химиялық күрделі бірігуінен пайда болған биосфераның литосфера деп аталатын биокосты бөлігіне кіреді.
Бонитеттеу (латынша bonitos – жақсы) , яғни ізгі сапалық деген мағына береді. Бонитеттеу топырақтарды бағалау, ауыл және орман шаруашылығында, өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды көрсеткіштері мен (баллдар) белгіленеді. Ғалымдардың анықтауы мынадай: - Соболев С – «Бонитировка немесе топырақты сапалы бағалау деген түсінік - топырақтарды өнімділігі тұрғысынан арнаулы жіктеу; ол топырақтардың, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына оңтайлы және олардың орташа көпжылдық өніктілігіне сай (корреляция) келетін, ең маңызды белгілері мен қасиеттері негізін құрайды».

1 Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы
Топырақ бонитетін анықтайтын жұмыстар Ресейде ерте кезде жүргізілген. Бұл жиындағы мәліметтер XY-XYII ғ. ғ. қолжазба кітаптарда келтірілген: егістік, шабындық, орман, батпақтар, т. б. қоныстар аталған. Егістік топырақтарға сипаттама берілген, сапасына қарай олар жақсы, орташа, нашар және жарамсыз категорияларға бөлінген .Екінші кезеңдегі жер сапасын есептеу жұмыстарын 1833-1867 ж.ж. мемлекеттік мүлік Министрлігінің комиссиясы, кадастрлық жұмыстар мен байланысты жүргізген. Комиссия мүшелері топырақтар сапасы жайында мәліметтер жинап, әр топырақтан алынатын орташа өнімді анықтаған. Осы жұмыстар нәтижесінде, топырақ сапасын өнім арқылы анықтайтын, бонитеттеу шкаласы (кестесі) құрылған. Кадастрлық комиссия жұмыстарын В. Докучаев жоғары бағалаған, себебі оның есептерінде Ресей топырақтарының сапасы жайында көптеген қажетті материал келтірілген.

2 Топырақ бонитетін анықтау әдістемелері мен тәсілдері
Топырақты бонитеттеудегі кәзір қолданылатын әдістер В.Докучаев принциптеріне негізделген. Олар топырақ қасиеттері мен агроклиматтық жағдайлардың санды көрсеткіштерін байланыстырып біртұтас пайдалануға негізделген. Сондықтан бұл көрсеткіштер ауылшаруашылық дақылдарының орташа көпжылдық өнімі мен тығыз корреляциялық байланыста болғаны керек, әсіресе қарқынды (интенсивті) егіншілікте. Топырақ көрсеткіштеріне оның тығыздылығы және қара шірінді жиегінің қалыңдығы, гумус тілігі, қышқылдығы, механикалық құрамы, негіздер сіңіру сиымдылығы жатады.

2.1 Топырақ бонитеті Мемлекеттік жер кадастрының маңызды бөлігі
Еліміздің топырақ қоры - халық байлығы. Оны дұрыс пайдалану, санды сапалы ғылыми негізде жүргізу санақсыз мүмкін емес. Бұған жер кадастрын жасау мен жүргізуге арналған жұмыстар жатады. Бұған Кадастр француз тілінде cadastre – регистрация, тіркеу деген ұғым. Жер кадастры-жердің табиғаттық, шаруашылық және құқықтық жағдайлары туралы нақтылы және керек мәліметтер жинағы. «Мемлекеттік жер кадастрының деректері жерді тиімді пайдалануға және оны қорғауға, халық шаруашылығын жоспарлауға, ауылшаруашылық өндірісін орналастыру мен мамандандыруға, жерді мелиорациялауға және ауылшаруашылығын (бей) химияландыруға, тағы басқа халық шаруашылық шараларын іске асыруға керек» (қара-Республикалық жер заңы негіздерін).

2.2 Топырақ бонитетінің критерилері мен негізгі принциптері
Топырақ бонитеті деп топырақ құнарлылығының үйлесімді агротехникалық деңгейі мен қарқынды егіншіліктегі салыстырмалы бағасын айтамыз. Топырақ бонитетінде сандық көрсеткіштер бағасы - баллмен есептелінеді, олар нақтылы мағлұматтар - топырақтың қасиеті, осы топырақтағы өскен дақылдардың көп жылдық өнімі (жыртылған жерлер үшін) немесе биологиялық өнімділігі беріледі (жем-шөп пен орманға пайдаланатын жерлер үшін). Міне сондықтан бонитеттеу кезінде топырақтың салыстырмалы құндылығы, оның табиғи және тиімді құнарлығы бағаланады.

3.1 Бұрынғы Одақтағы және Қазақстандағы алғашқы жерді бағалаудың принциптеріне қысқаша шолу
Бұрынғы Одақтағы жер туралы заңның шығуына байланысты (1968ж) одан кейінгі әрбір одақтас республикаларда да жер туралы заңдар шықты. Қазақстанда мұндай заң 1971 жылы шыққан болатын. Бұл заңда жер кадастры негіздері мақұлданып, оны жүргізу бүкіл одақтық, әрбір республикаларда міндеттелінген болатын. Міне осы жағдайларға байланысты 1970 жылдардан бастап кең-байтақ Одағымыздың көптеген аймақтарында бұл жұмыстармен мол айналыса бастады. Топырақты бағалау (бонитеттеу) жұмыстары Ресейдің көптеген аймақтарында (Мәскеу төңірегі, Батыс Сібір, Башкирия), Украина, Беларуссияда және Қазақстан мен Қырғызстанда т.б. аумақтарда өріс алып, одақ тарағанға дейін жалғасты. Одақ тарағаннан кейінгі кезеңдерде бұл жұмыстардың біршама тоқтап қалғанын мойындауымыз керек. Тәуелсіздік алған әр республикалар жер туралы заңдарын өздерінше қайта жасап, нарықтық экономикаға сәйкестендіріп пысықтау үстінде.

4 Қостанай облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау
Қостанай облысы – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлігі. Орталық-Қостанай қаласының Жер аумағы 196,0 мың км2.Облыстың географиялық орны өте қолайлы. Ол солтүстік-батысы мен солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі. Облыс аумағы негізінен жазық дала.

Қорытынды
Бонитеттеу нәтижесі топырақтарды егіншілікке игергенде құнарлылығында мүмкін болатын өзгерістерді сандық бағалауға және топырақ құнарлығын сақтау мен көтеру арқасында ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнімдер алуға арналған шараларды құрастыруға негіз болмақ.