Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Әбілқайыр хан

Бүгінде тарихымызды толықтай түгендедік деп айта аламыз ба? Меніңше, әлі де болса, ақиқатына жетуді талап ететін тарихи кезеңдер баршылық. Мәселен, тарихымызда қазақ халқының Ресейдің қол астында қанша жыл болғанына қатысты пікірталас жетіп-артылады. Бір тарихшы «300 жыл бодан болдық десе», енді бірі – 250 жылдың шамасын айтады. Расында, қазақ халқы қанша уақыт Ресейдің боданы болды? Кейбір тарихшылар айтқандай, Ресейге қосылудың басында Әбілқайыр хан тұрды ма? Біз үшін осы сұрақтардың нақты жауабын табу аса маңызды болып отыр. Совет идеологиясында Әбілқайыр Қазақстанды Ресейге қосқан хан ретінде біржақты қаралып, одан арғы патшалық

Орта орда 1738-1740 жылдары «Ресейге қосылдық» деп ант бергені болмаса, шын мәнінде, оларға толықтай тәуелді болған жоқ. Ол екі орда да Қытайға, жоңғарларға да «қоластыңыздамыз» деп ант бергені болмаса, бағынбады. Әбілмәмбет хан, Абылай хан Ресейге аманатқа балаларын, жақындарын берген жоқ. Жоңғарларға Әбілмәмбет хан берді. Сонымен Абылай хан өлгенге дейін Ресейге бодан болған жоқ. Ресейдің бірден бір әскері Әбілқайырдың да, Абылайханның да замандарында шекарадан аттап бері өткен жоқ. Қамалдарды Әбілқайырдың тілегімен салды.
Міне, сондықтан «1731-1780 жылдар арасында қазақ елі Ресейге бодан болды» деп айта алмаймыз. Ал Әбілқайыр хан өлгеннен кейін Кіші ордада Нұралы, Орта ордада Уәли әлсіз хандар болса

Екіншісі – «Орта Азия мен Ресейдің арасында сауданың дамуына жағдай жасау үшін әрлі-берлі өтетін керуендерді талан-тараждан сақтайық» деген.
Міне, бұл «одақтасайық» деген мағына береді. Тәуке ханның, оның немересі Қайып ханның іске асыра алмаған ойын Әбілқайыр хан іске асыруды ойлады. Оның кезінде Ресей мемлекеті тіпті күшейді. Ал Әбілқайыр хан басқарған кезде Қазақ хандығы үшке бөлінді. Әбілқайыр хан Кіші орданы (мемлекет) Орта ордадан бөліп әкетті. Сөйтіп, сыртқы жаулардан қорғануын әлсіретіп алды. Әбілқайыр хан болған кезде жаулары тіпті көбейді. Олар: башқұрттар, Жайық казактары, қарақалпақтар, түрікмендер, хиуалықтар, бұхарлықтар, жоңғарлар. Бұлардың біріне тойтарыс берсе, екіншісі шықты. Оған тойтарыс берсе, үшіншісі жауласты. Осылай кезек-кезек жаулары шабуыл жасап, халықты қырғынға ұшыратты. Үш орданың басы бірікпеді. Сол себепті Әбілқайыр хан ешкіммен ақылдаспай, Тәуке хан бастаған ұсынысты әрі қарай жалғады.

XVII ғасырдың басында оңтүстікте қыр¬ғыз-қайсақтар Түркістанға ие болды. Олардың осы уақыттан бастап тұрақты мекеніне айналды. Ал солтүстікте Сібір жақтағы орыстың шекарасына жақындады. Сонымен, бұл халықтың күші жылдан-жылға күшейді. Ең шарықтаған кезі XVII ғасырдың аяғы XVIIІ ғасырдың басы. Ол Тәуке хан өзінің ақылдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен Үш орданың (Үлкен, Орта, Кіші) басын біріктірді.
Ордаға қазақ халқы ертеден бөлінген. Тәуке ханның құдіреттілігі арқасында ішкі араздықтары тоқтады. Әлсіз рулардың басын біріктірді. Оларға ірі руларға қарсы тұра алатындай жағдай жасады.
Үш ордаға бірдей әсері бар заңды жарлық¬пен бекітті. Ол сол кезеңге дейін қырғыздар¬дың (қазақтардың – Б.Н.) арасында күшін жойған жоқ. Одан кейін оларға ауыр күн туды. Көршілес жоңғарларда өркөкірек Қалдан-Церен күшейді. Олар көшпелі халықтарға

Губерниялардың қол астымыздағы олармен келісімінің мерзімі өтіп кеткендіктен, кедендер де батыл істер жасай алмай отыр. Губерниялар қол астымыздағы елдермен қарым-қатынас кезінде өз талабымызды орындату үшін олармен жасалған шарттың мерзімі көп жылға ұзартуды талап етуде.
Жасырын түрде қабылданатын жарлықты қабылдау туралы баяндама жоғары мәртебелі Императордың жарлығын жариялап, олардың сенатқа кіретін әрбір орнын үш айға ұзартты. Осы мерзімнің ішінде басқа ұсыныстар болмаса, онда олардың Ресейдің заңын толығымен орындауы өте қаталдықпен талап етілсін.
Үкімет сенаты (мөрі).
Петербургте сенаттың жанында 1764 жылы 19 желтоқсанда басылды.
Куә болған капитан Варфоломей

«л» шілденің 22-сі күні.
Уфадан келген бригадир Бутурлиннің хабарламасында барлығы Қырғыз-қайсақ ордасынан Уфа қаласына Биячи Телесов Әбілқайыр ханның атынан келді. Онда Әбілқайыр хан, Сәмеке хан тағы басқа да қырғыз-қайсақтар Ресейдің қол астына кіруді сұрайды. Елшілерін Императорға жібермекші. Уфаға 11 адам келді. Қала басшысы былай деп жазды: «Әбілқайыр хан тағзым етеді». Айдарбай бізге былай деді: Әбілқайыр хан: «Орыстардың қол астына кірмей, бейбіт өмір болмайды. Сол себепті мен өз тілегімді және елшілерді жіберіп отырмын. Оларды Императорға жөнелтуге көмек сұраймын» деді.
(46-бетінде) 1730 жылы 8 қыркүйекте Әбілқайыр ханның канцлер, граф Генрих мырзаға жіберген хатының аудармасы.
Ұлы Император – Ақ Патша ханым, көптеген жерлердің қожасы Сізге ұзақ өмір тілеуші біз барлық халықпен бейбіт

Аудармашы Мамет Тевкелев Қырғыз-қайсақ (қазақ – Б.Н.) ордасына жіберілген. Тамыздың 26-сы күні 1731 жылы. Ол былай депті: Бүгінде 1731 жылы сәуірдің 30-ы күні мемлекеттік коллегияның Сыртқы істеріне Императордың сенім грамотасы жіберілді. Императоршаның жіберуімен Қырғыз-қайсақтың (қазақтың – Б.Н.) ордасына Әбілқайыр ханға бара жатырмын. Уфа қаласына 4 елшімен бірге келдім. Уфаның воеводы бригадир мырза Бутурлин маған Қырғыз-қазақ ордасына бару сапарыма 10 солдат берді. Күзетке 10 адам қазак, 30 башқұрт, 200 ат пен 10 түйе берді. Башқұрттар салық төлемейді. Қазан, Воронеж татарлары олардың жерін жалдап тұрады. 7 шілде күні маған башқұрт Алдарбай келді. Онымен бірге Әбілқайыр ханның ордасынан бір атақты Мырза