Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 41 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Фразеологизмдердің зерттелуі. Сын есім компонентті фразеологизмдердің тақырыптық - мағыналық топтары


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Фразеологизмдердің зерттелуі 6
1.1 Сын есімдердің зерттелуі 10
1.2 Фразеологизмдердің сөз табына қатысы 13
1.3 Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі 15
1.3 Есімді фразеологиялық тіркестердің күрделі сөздерден айырмашылықтары 22
2 Сын есім компонентті фразеологизмдердің тақырыптық мағыналық топтар 31
2.1 Сын есім компонентті фразеологизмдерді мағыналық топқа жіктеу 31
2.2 Сапалық сын есім компонентті фразеологизмдер 33

Кіріспе
Тіл мен халық - біртұтас. Тіліне қарай ұлтын тану - ежелгі дағды. Ұлттық ерекшеліктің бастысы да тіл. Халқымыздың ұлттық санасын, сапалық белгілерін айқындай түсетін неше алуан әдет - ғұрып, салт - сана, мінез - құлық, қасиет - қалыбы тілдік танымында тікелей көрініс тапқан.

1 Фразеологизмдердің зерттелуі
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан баталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер назарына ілігіп, зерттеу объектісіне айналып, әлі толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болды:
- ХХ ғасырдың ортасы мен 60 жылдар арасы - қазақ фразеологиясын теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
- 60 - 70 жылдар - қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
- ХХ ғасырдың соңғы он жылы - фразеологизмдерді, этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салыстырмалы фразеология.

1.1 Сын есімдердің зерттелуі
Қазақ тіл білімінде сын есімдер жеке - жеке еңбектер, мақалалар, мектеп, жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде айтылғаны белгілі.
Осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, шырай категориясы, семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметі, олардың синтаксистік тіркесу қабілетіне біршама көңіл бөлінді.

1.2 Фразеологизмдердің сөз табына қатысы
Фразеологиялық тіркестердің мағына белгілеріне тоқталмас бұрын, фразеологизмдердің сөз табына қатысы жайлы бір - екі ауыз сөз қозғай кетсек.
Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай жүйелеу жайлы пікірлер тілді зерттеушілер тарапынан айтылып жүр. Бұл мәселе қазақ лингвистері назарын да тыс қалмаған мәселен Кеңесбаев І. (1977), Қайдаров А., Жайсақова Р. (1979), Болғанбаев Ә. (1988), Қожахметова Х. (1972), Смағұлова Г. (1993) сынды зерттеушілер фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын тілге тиек етеді.

1.3 Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі
Тілдердің негізгі тұлғасы сөз және сонымен қатар синтаксистік саланың басты единицасы сөз тіркестері - міне осылармен сын есімді фразеологизмді қатар қойып зерттеу оның нақты белгілерін анықтауға көмектеседі.Есімді фразеологизмдердің мағынасы жеке өзіне тән, тұтас мағына да, құраушы сыңарлардың мағынасымен және сөздердің тіркесу қабілеті туралы мәселемен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан сөздерге арақатысты, олармен кейбір белгілерімен жақындасса, енді бір белгілерімен олардан алшақтайды.

2 Сын есім компонентті фразеологизмдердің тақырыптық мағыналық топтар
2.1 Сын есім компонентті фразеологизмдерді мағыналық топқа жіктеу
Өмірдің барлық саласын қамтып ішкі мазмұны жағынан өте бай болып келетін тілімізге бейнелі және мәнерлі рең бертін, өзіндік құрылысы мен белгі мағынасы болатын фразеологизмдер көптеп кездеседі.
Фразеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын құрылыс материялы. Фразеологиялық тіркестер қай қайсысы болмасын бәрі де алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болады.