Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 12 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

ХVІІІ ғасырдағы батырлар туралы тарихи аңыздар (Ш.Ш. Уәлиханов)

1. Жоңғарларға қарсы бір жорығында Абылай-хан барлау үшін алғыншы ретінде мың жігіт іріктеп алып, оларды екіге бөледі де, екі қас батырын басшы етеді: олардың бірі — Қанжығалы қарабужыр Жантай1 да, екіншісі — сол рудың ақсақал ағасы Бөгенбай. Батырлар ұзақ уақыт оралмай, Абылай шынымен-ақ абыржиын дейді. Ақыры шыдай алмай: «бұл батырлардың тағдыры не болар екен деп дегбірсізденіп, өзінің ақылшысы Бұқар-жыраудан:
Менің сайыпқырандарым не болды екен, олардың осынша уақыт оралмауның себебі не? — деп сұрайды. Сонда Бұқар:

2. Бірде Абылай бас бағып баспалап қытайлармен тасадан тап беріп ұрыспақ болады да, осынау сәтсіз қимылым саяз ойлайтын кейбір қазақтарға кері әсер етіп жүрмес пе екен деп, іштей булығып, қатты қиналады. Сонда оның дабылды ақындарының бірі Тәтіғара жырау жылыстауға бет алған қазақтар мен Абылайдың өзіне қайрат- жігер беру үшін былай деп жырлай жөнелген екен:

3. Бәз-бір әбес қылығы үшін Абылай үйсін биі Ерден батырдың ауылын шабуға әмір етеді. Бұл жолы қаһарына мініп ханның терісіне сыймай қатты ашуланғаны сондай, кінәліні ақтап ауыз ашуға бірде-бір пенденің дәті бармайды. Халықтың сұрауымен Бұқар-жырау белін бекем байлап, аңыратып қоя береді.

9. Даладағы бір үңгірде жасырынып қазақтарды аңдып қалмақтар жатады. Үңгірдің аузында біреуі отырады да әйгілі қорама қара мылтығымен атқылап, Ертістің жар қабағына жеткізбей жігіттерді мұрттай ұшыра береді. Әлденеше өжет жігітінен айырылған соң батырлар да оқтың аузына беттеуге батпайды, Кенет буырыл атын тебініп Сіргелі Елшібек батыр шығады да, қалмаққа қарай желе жөнеледі. Енді не болар екен, қазір-ақ құлап түседі-ау деп демін ішіне тартып жұрттың барлығы соған қарай қалады. Сол жайбарақат қалпымен Елшібек жауға жақындап барады да атына қамшы көміп тұра ұмтылады. Қалмақ мылтықтың пілтесін тұтатса, от алмай қалады. Апалақтап, шақпағын тағы да шағады. Мылтық тағы да от алмай, енді қарманғанша батырдың семсері басын алып түседі.
Сол жолы Елшібектен:

13. Үдере қашқан торғауыттарды түп ізіне түсіп соңғы қуу ел аузында «ішкі жорық» деп аталады. Бұл жорыққа қатысқан халықта сан жоқ, ығы-жығы. Ал хан жиналған жұрттың ортасында бір жерден жылжымай қалшиып тұрады да қояды. Басқа батырларының күбір-сыбырын қаперіне де алмай, ол жаужүрек Баян батырды күтіп тұрады. Ақыры, соңына ерткен 540 жігіті бар ол да жетіп, ханның алдына келіп; «Қайда бар деп әмір етсеңіз де мен әзір» дейді бас иіп. Сонда хан халыққа қарап: «Баян батырды менің күткенім осы мінезі ғой», — дейді. Дәл сол сәтте 500 жігіт жасақпен алғыншы болып барлауға кеткен. Қанжығалы Жантай батыр опат болған еді. Бұл былай болған-ды.

14. Қалдан тұтқында болған Абылайдан: «патшалардың ішінде бәрінен артығы қайсысы?» деп сұрайды. Сонда Абылай: «Әуелі Қондыкер, сосын орыстың ақ патшасы, Ежен-хан, Қалдан, содан соң мына мен» деп жауап береді. «Мөн, мөн» депті разы болған Қалдан. «Сен кішкентай жұртты басқарғаныңмен үлкен халықты билеуге лайықсың», — дейді одан әрі Абылай.