Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Липидтерді класқа бөлу


Жоспар
Кіріспе 3
1 Липидтерді класқа бөлу 4
1.1 Майлар 4
1.2 Майларды алу 4
1.3 Химиялық құрамы 4
1.4 Май қышқылдарының физикалық қасиеттері 6
1.5 Май – энергияның негізгі қоры 7
1.6 Майлардың физикалық қасиеттері 7
1.7 Майлардың химиялық қасиеттері 8
1.7.1 Гидролиз реакциясы 8
1.7.2 Гидрогендену реакциясы 10
1.7.3 Гидроасқын тотықтардың түзілу реакциясы 10
1.7.4 Майлардың асқын тотығып ашуы, бұзылуы 10
1.7.5 Майдың «кебуі» 10
1.8 Май тәріздес заттар (липоидтер) 11
1.8.1 Фосфолипидтер 11
1.8.2 Балауыз 11
1.8.3 Сфинголипидтер 12
1.8.4 Церброзиттер 12
1.8.5 Сульфолипидтер 13
1.9 Стеролдар мен стеридтер 14
1.10 Липидтер алмасуы 14
1.10.1 Липидтердің қарында қорытылуы 14
1.11 Майлардың ішекте қорытылуы 14
1.12 Майды эмульсияға айналдыру 15
1.13 Триглицеридтердің гидролизі 15
1.14 Май гидролизі өнімдерін сіңіру 16
1.15 Қан құрамындағы майлар 19
1.16 Қанның липопротеидтері 20
1.17 Майлар және олардың қоры 20
1.18 Клеткадағы липидтер 21
1.19 Өзіндік жұмыс 22
Аннотация 23
Қорытынды 24

Кіріспе

Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, углеводтармен қатар липидтерде мал, адам және өсімдіктердің барлық тканньдері клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos- май деген сөзінен шыққан.
Липидтер мынадай биологиялық қызмет атқарады:
1) липидтер энергия қорының (депосының) негізгі түрі және тірі организм үшін көміртегі атомдарын беруші; қор болып жиналған липидтердің құрамы мен мөлшері мал азықтандыруға және олардың қоңдылығына байланысты болады;

1 Липидтерді класқа бөлу

Химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде липидтер екі класқа бөлінеді:
1) Майлар немесе бейтарап майлар- қарапайым липидтер деп саналады, мұндай липидтерге триглицеридтер (Триацилглицериндер) жатады.
2) Май тәріздес заттар немесе липоидтар- күрделі липидтер. Мұндай липидтерге фосфолипидтер, балауыз, сфинголипидтер, стеролдар және стеридтер жатады.

1.1 Майлар

Май дегеніміз триглицеридтердің қоспасы. Триглицерид – үш атомды спирт глицерин мен май қышқылыының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.
Майдың құрылымын 1811 жылы француз ғалымы Шевраль анықтады, ал екінші француз ғалымы М. Бертло 1854 жылы майды синтездік жолмен алды.
Молекуласындағы май қышқылдарының санына байланысты моно, ди- және триглецерид түзіледі. Егер күрделі эфир глицериннің бір гидроксильдік тобынан құралса ол – моноглицерид. Оның құрамына май қышқылының екі молекуласы кірсе, ди глицерид түзіледі, сол сияқты егер глицериннің үш гидроксильдік тобының үшеуіде эфирленсе, онда триглицерид құралады. Табиғи майларда негізінен триглицеридтер ғана кездеседі. Триглицеридтердің түзілу теңдеуі мынадай:

1.2 Майларды алу

Майларды тек табиғи көзден ғана алуға болады. Мал тканінен майды қайырып, ыдысқа салып, отты басып қойып қыздыру жолымен бөліп алады. Ал өсімдіктер майын сығымдап немесе органикалық еріткіштермен (хлоорформмен, бензолмен немесе эфирмен) экстракция жасап, әсер ету жолымен алынады.

1.3 Химиялық құрамы

Гидролиздеген кезде май глицеринге және май қышқылдарына жіктеледі. Май қышқылдары дегеніміз - карбон қышқылдары. Оның құрамында көміртегі атомдарының ұзын тізбегі бар.

1.4 Май қышқылдарының физикалық қасиеттері

Май қышқылдарының қасиеттері оның құрамындағы көміртегі атомдары тізбегінің ұзындығына және қанықпау дәрежесіне байланысты.

1.5 Май – энергияның негізгі қоры

Май – қуаты мол энергитикалық материал. 1г май толық тотыққан кезде бөлініп шығатын энергия мөлшері 9,4 ккал. Ал 1г углевод және 1г белоктан 4,1 ккал энергия шығады. Май қышқылдары организмде триглицеридтер түрінде жиналады. Өйткені көп жиналған бос май қышқылдары улы келеді. Энергия сыйымдылығына байланысты май мен углевод, белоктар арасындағы үлкен айырмашылық мынаған байланысты.

1.6 Майлардың физикалық қасиеттері

Майлардың физикалық және химиялық құрамындағы қышқылдарына байланысты. Мал майы (сиыр майы, сүт майы және басқалар) 40-60% қаныққан май қышқылдарынан (негізінен миристин, пальмитин және стеарин қышқылдары), 30-35% моноқанықпаған май қышқылдарынан тұрады.Мал майында полиқанықпаған май қышқылдары аз. Жылқы майы мен қаз майында полиқанақпаған май қышқылдары көп. Сондықтан да олардың май қатпайды.

1.7.3 Гидроасқын тотықтардың түзілу реакциясы

Бұл реакция ферменттредің қатысынсыз өтеді. Липидтердің қос байланысы бар. Май қышқылдарын күшті тотықтырғыштар тотықтырады.

1.7.4 Майлардың асқын тотығып ашуы, бұзылуы

Триглицеридтердің құрамына кіретін май қышқылы гидролиз кезінде оңай бөлініп шығады. Ол қышқылдың жағымсыз дәмі, сасық иісі бар, сүт майын және сары майды бүлдіретін осы қышқыл.

1.9 Стеролдар мен стеридтер

Стеролдар дегеніміз- полициклдік спирттер циклопентанолпергидрофенантреннің туындысы. Бұлардың әсіресе маңыздылары холестерол, 7- дегидрохолестерол, эргостерол.
Стеридтер дегеніміз – стеролдар мен май қышқылдарының күрделі эфирі, мал организмінде холестерол және стеридтер (холестеридтер) таралағн, сол сияқты 7- дигидрохолестерол кездеседі. Стеридтер құрамына көбінесе стерарин қышқылы, пальмитин қышқылы немесе олеин қышқылы кіреді.

1.18 Клеткадағы липидтер

Клетка құрамындағы майлар әрі қарай қор ретінде, әрі құрылымдық комнонент ретінде кездеседі. Қорлық майдың мөлшері әртүрлі факторлардан: тамақтың құрамында, нерв жүйесіне, жасқа, жынысқа сәйкес әртүрлі болады. Тамақтағы май мөлшерінің көбеюіне байланысты майдың қорға жиналуы да артады. Егерде қалыпты жағдайда адам салмағының 18% майдан тұрса, мөлшерден тыс тамақ ішудің салдарынан оның мөлшері адам салмағының 50% дейін жетуі мүмкін. Клеткадағы қорлық майдың мөлшері тамақтануға сәйкес ауытқып отырса, құрылымдық майдың мөлшері тұрақты болады.

1.19 Өзіндік жұмыс

Осы ғылыми жұмысты зерттеу бойынша Асанбаева Ләззат апайдың практикалық сабақ өту барысында тірі организмдегі липидтер туралы жалпы мағлұмат алдық.
Осы мағлұматтар барысында біз липидтердің жалпы қызтеті, тармақтары, алмасуы, алынуы туралы жалпы түсінік алдық.
Липидтер жалпы тірі организмдерде мынадай қызметтер атқарады:

Қорытынды

Қорыта келгенде липидтер мал, адам және өсімдіктердің барлық тканьдері клеткаларының құрамына кіріп, өте маңызды қызмет атқарады. Олар қор болып жиналып, құрамы және мөлшері мал азықтандыруға және қоңдылығына себепші болады. Липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі.