Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Бастауыш сыныпта оқушылардың ұжымдық танымдық іс- әрекеттерін дамыту


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 6
1 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ, ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТӘРБИЕЛЕУ 10
1.1 ТӘРБИЕ ІСІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 10
1.2 БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРЫ 15
1.3 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ ТУРАЛЫ ТҮІНІК 18
1.4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІН БЕЛГІЛЕРІ, САПАЛАРЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ 24
1.5 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТА ОҚЫТУ 27
1.6 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ «ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ 28
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ТАНЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 32
2.1 БАЛАЛАР ҰЖЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 32
2.2 ҰЖЫМДЫҚ ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЛЫҚ НЕГІЗІ 43
2.3 ҰЖЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ 45
2.4 БАЛАЛАР ҰЖЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ, ТӘРБЕЛЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФУНКИЯЛАР 48
2.5 ДАМЫТА ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТІН АРТТЫРУ 51
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60

КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында – еліміздің жасөспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар – біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.
Диплом жұмысының өзектілігі:
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбектеу, қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.

1 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ, ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТӘРБИЕЛЕУ

1.1 ТӘРБИЕ ІСІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.
Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі – «жеке тұлға» түсінігінің өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық.

1.2 БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРЫ
Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.
Ата-бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай. Туа бітті тектілігін, табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы-жекжат болуға ұмтылған.

1.3 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ ТУРАЛЫ ТҮІНІК
Латын тілінен аударғанда «үрдіс» сөзі «алға қозғалыс», «өзгеріс» деген мағынада қолданылады.
Тәрбиенің нысанасы жан-жақты даму және қалыптасу үстіндегі адам болып табылады. Бүкіл өмір бойы даму үрдісі жүріп жатады. Адам әртүрлі дене және психикалық, сандық және сапалық өзгерістерге ұшырып отырады.
Дене жағынан өзгерістерге сүйек және бұлшық ет жүйелерінің, ішкі органдарының, нерв жүйелеренің дамуы мен өсуі жатады. Психикалық өзгерістер дегеніміз ең алдымен ақыл-ой дамуы, жеке тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуы және қоғам мен өмірге қажетті әлеуметтік сапаларды меңгеру.

1.4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІН БЕЛГІЛЕРІ, САПАЛАРЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ
Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қаблеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі (Ж.М. Абдильдин).
Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда педагогикалық процестің элементер бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық жағдаят) болуы керек. Нақгылы шындыктан тыс алынған педагогикалық, тұлға қалыптасуының қас қағым сәті ретінде, бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына толық сәйкес келеді, қатынасушылар негізгі қарама – қайлықгардың ерекшеліктеріне.

1.5 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТА ОҚЫТУ
Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп бала тәрбиесін жақсы көңіл бөлген.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасы мен ішкі және сыртқы саясатын дамытатын да бүгінгі жас ұрпақ.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігін бағыт алуда. Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім.

1.6 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ «ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ
Баланың тұлға ретінде қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынаста дамуы мен қалыптасуы өзін- өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Бұл орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне еңбек ету жолына арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін- өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының маңызы өте зор, сырлы әлемге толы дүние.
«Өзін- өзі тану» сабақтарында оқушыларды адами қарым- қатынасқа үйрету мәселесәне үнемі баса назар аударылады. Оқушыларды қарым- қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланы өзгелерге жағымды қарым- қатынас жасау дағдыларын өмірде қолдана білуіскерліктері дамытылады.

2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ТАНЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2.1 БАЛАЛАР ҰЖЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Біз тақырыпты толық ашу үшін алдымен барлығына толық тоқталайық:
Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі – ұжым. Психологияда ұжым дегеніміз – топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан түрі, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып отырады. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі – адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі т.б.
Таным теориясы (гнесология) – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибенегізінде жүзеге асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теориялар құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

2.2 ҰЖЫМДЫҚ ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЛЫҚ НЕГІЗІ
Ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушының іс-әрекет субъектісі тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы іс-әрекеттері арқылы психологиялық-педагогикалық қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір оқушыны тұлға ретінде қалыптастырып дамытуға мүмкіндік жасайды.

2.3 ҰЖЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Ұйымдастырылған кәсіпкерлік ұжым мен мүшелерінің тәрбиенің жоғарғы деңгейі мен қарым – қатынас мәдениетін анықтайды. Осыған орай келесі әдіс түрлерін көрсетуге болады: дисциплина (пән,тәртіп), өз-өзіне қызмет көрсету, жарыс және өзін-өзі басқару.
Дисциплина – бұл ұжым мүшесінің қарым-қатынас мәдениетін қамтитын тәрбие әдісі. Сондай-ақ, ол ішкі тәрбие ережелері мен пайдалы дәстүр мен жақсы мінездердің қалыптасуына және олардың бір-біріне деген тең дәрежедегі талабы ретінде ұсынылуы қамтылады.

2.4 БАЛАЛАР ҰЖЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ, ТӘРБЕЛЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФУНКИЯЛАР
Балалар ұжымын педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыруға болады. Егер де ондай жағдай жасалмаса балалар өздігінше топтасуы да мүмкін. Педагогикалық тұрғыда балалар ұжымын құруда педагогикалық басшылық немесе ықпал еткен абзал.
Балалар ұжымның негізгі тәрбиелік функциясы – оқушыларды қоғамыдқ жүйенің қатынасына араластыру, тәжірибие жинақтау. Бұл бірініші функцияға жатады. Қоғамдық жүйе, қоғамдық қатынас мектептен басталады. Оқушы өзара ұжымдық қатынаста, өзін қоғамның мүшесі ретінде сезінеді, қоғамдық тәжірибені өзінікіндей қабылдап, өмірде қолданады.

2.5 ДАМЫТА ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТІН АРТТЫРУ
Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.

ҚОРЫТЫНДЫ
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбектеу, қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.