Қазақ ақындары шығармаларының көркемдік дәрежесі М.Мақатаев, Қ. Мырза Әли, Ф.Оңғарсынова өлеңдері негізінде)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 М.Мақатаев және ұлттық рух 7
1.1 «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» 7
1.2 М. Мақатаев өлеңдерінің тілдік-стильдік ерекшелігі 10
1.3 М. Мақатаев шығармаларындағы ұлттық қадір-қасиеттер 16
1.4 М. Мақатаев поэмаларының ерекшелігі 22
2 М. Мақатаевтың лирикалық туындыларының ерекшелігі 26
2.1 М. Мақатаев - лирикалық туынды шебері 26
2.2 «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының көркемдік ерекшелігі 28
2.3 Табиғат лирикасын жырлаудағы жаңашылдығы 30
3 Қадыр Мырза Әли және Фариза Оңғарсынова поэзияларының көркемдік ерекшелігі 35
3.1 Поэзия шыңы – Қадыр Мырза Әли туындыларының ерекшелігі 35
3.2 Поэзия аққуы – Ф. Оңғарсынова туындыларының ерекшелігі 38
3.3 Фариза Оңғарсынова поэмаларының жанрлық ерекшелегі 46
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 65
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, көкейкесті мүддесі патшалық Ресейдің отаршылдығы тұсында да, Советтік саясат жылдарында да жеткілікті деңгейде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы кеңестік идеология қалыбымен жаңсақ бағаланып отырды.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ поэзиясында жаңа серпін болды. Поэзияда ақындар әртүрлі тақырыпта қалам тербеп, ұлттық қасиет пен болмысты танытатын жырларды туғызды. Поэзия әлемінде бірте қалам тербеген ақындар арасында өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көзге түскен М.Мақатаев пен қазақ поэзиясы аққуына айналған Фариза Оңғарсынова мен Қадыр Мырзалының орны ерекше. Ақындар поэзиясы ұлттық болмысты танытуда көркемдік нақышымен, мазмұн тереңдігімен, қазақи ұғым мен ырымды өлең жолдарында шебер қолдана білген. Сондықтан да ақындар поэзиясының ұлттық идеясын, болмыс - бітімін танытатын тұнық лирикадан құрылған жырлар зерттеу жұмысының өзектілігін танытты.
1 М.Мақатаев және ұлттық рух
1.1 «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
М. Мақатаев 1931 ж. 8-ші наурызында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады:
1.2 М. Мақатаев өлеңдерінің тілдік-стильдік ерекшелігі
Поэзия өнер мүлкі ретінде қыр-сыры мол жан-сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуіндегі эстетикалық арсеналдары түрліше. Негізгі объект алдымен талант қырларында жатыр. Айту мәнері шабыт көзінде жатыр. Лирика – белгілі бір уақыт пен ортаның жемісі, сол орта мен уақыт перзентінің көңіл-күйі , жан тебірінісі. Оның бойындағы барша қасиет – қадірді нақты мезгіл рухы, дәуір мазмұны айқындамақ. Ендеше біздегі лирика – замандасымыздың рухани өмірінің, сезім әлемінің, ой дүниесінің көрікті сурет екені даусыз. Лирикадағы басты образ – лирикалық қаһарман. Бұл образдың түп негізі - ақынның өзі болғанмен лирикалық кейіпкер – жинақталған, дараланған, яғни толық мағынадағы әдеби бейне санатына көтерілген, ақынның ғана емес, оның замандастары атынан сөйлеу хақына ие болған тұлға, яғни ақын мен оқырман, өлең мен оқырман проблемасына белгілі дәрежеде, сол лирикалық қаһарман мен оқырман арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан қараймыз.
1.3 М. Мақатаев шығармаларындағы ұлттық қадір-қасиеттер
Ұлттық болмыс - ұлттық қадір-қасиет. Ол – сатылмайтын байлық. Біз үшін сатылмайтын байлық- тіліміз, дініміз, ұлтымыз, Отанымыз. Бұл байлықтар біз үшін бәрінен де жоғары.
Ұлттық болмыстың бастау алар бір көзі – тіл болса, екіншісі – тарих. Өз елінің, ұлтының тарихынан қол үзген адам тамырсыз ағаш іспеттес, өсуін тоқтатады. Атам қазақ шыққан тегін білмеген адамды – «тексіз», тарихына тұшынып көрмеген адамды – «көргенсіз» деген. Тексіз болу – анаңнан, көргенсіз болу өзіңнен. Білуге ұмтылмасақ, көргенді түйе алмасақ, көптің мүддесіне үлес қоса алмасақ, адамдықтан не пайда?
1.4 М. Мақатаев поэмаларының ерекшелігі
Терең оймен, ыстық ықылас сезіммен, халқын сүйген жүректен жазылған Мұқағали шығармаларының бірі - "Райымбек, Райымбек" поэмасы. Поэма үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде ақын қазақ елінің басына түскен ауыртпашылықты, елінеп, жерінен айырылған халықтың мұңы мен зарын, ауыр тағдырын сезініп, жүрек қанымен жазғандай әсерде жырлайды.
Екінші бөлімде халық қайғысын көтерер, қара түнді айықтырар кім бар деген сұраққа Қабай жырау арқылы жауап іздейді, жас бала Райымбектің елім деп соққан жүрегінің лүпілі, жастықтың жалынды оты баяндалады. Үшінші бөлімде албанның жас батыры Райымбек танылып, ел басын біріктіруге талпынып, қолбасшылыққа қолы жетуін ұлт мақтанышы ретінде бағалап асқақ үнмен суреттейді.
, 135.]
2 М. Мақатаевтың лирикалық туындыларының ерекшелігі
2.1 М. Мақатаев - лирикалық туынды шебері
Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығарма өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көзқарасы, оның сезімі, нақты ойы көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі.
2.2 «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының көркемдік ерекшелігі
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев поэмаларының ішінде – "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы ақынның өзіндік қолтаңбасын анық танытатын шығармалардың бірі. Ол өмірінің ақырғы күндеріне дейін поэзиямен танысып, өзінің сыңарына теңеп, сонымен "қоректенген". Ақын адамзат санасына тән ой, сезім, өмір, лирика, көңіл-күй, табиғат, әртүрлі құбылыстарды, сан қырлы жайттарды сөз аркылы жеткізеді. Сөз болғанда сырлы, бейнелі, айшықты, көркем сөзбен әспеттеп қана қоймай, әрбір алып отырған сөзді талғаммен, таным мен таңдап отырды.
2.3 Табиғат лирикасын жырлаудағы жаңашылдығы
Күні бүгінге дейін қазақ лирикасының тарихы мен жанрлық табиғаты турасында сөз қозғағанда, қазақ лирикасын қалыптастырушылардың бірі ретінде Абайды атаймыз. Қазіргі әдебиетімізде бұл дәстүр жалғастығын барлық ақындардан кездестіруімізге болады.
Ал Мұқағали Мақатаев - қазақ поэзиясының табиғат лирикаларында өзіндік дербестік танытқан, өзгеше поэтикалық әлем ашқан жаңашыл ақын.
Табиғат аясында туып-өскен әрбір ақыныың сол тақырыпқа калам тартпауы мүмкін емес. Туған жерді, оның табиғатын жырлау - барлық ақынның перзенттік парызы. Мұқағалидың табиғат лирикасын акын лирикасындағы туған жер келбеті, өлең өрнектеріндегі табиғат перзенггері, жырға айналған жыл мезгілдері деп топтауға болады.
3 Қадыр Мырза Әли және Фариза Оңғарсынова поэзияларының көркемдік ерекшелігі
3.1 Поэзия шыңы – Қадыр Мырза Әли туындыларының ерекшелігі
Қадыр Мырзали атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы «Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады. Қадыр Мырза Әлидей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың. Біздің бұл сөзімізге шегі барлар балалар бақшасын кеше аттаған балдырған бөбегінің тіл ашар тақпақтарын тыңдасыншы.
3.2 Поэзия аққуы – Ф. Оңғарсынова туындыларының ерекшелігі
Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Фариза Оңғарсынова 1939 жылы желтоқсан айында Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Новобогат ауданы Манаш ауылында дүние келеді. Сонда Андреев атындағы орта мектепте оқыды. Оны тамамдағаннан кейін Гурьев мемлекеттік педагогика институтының филология факультетіне оқуға түсіп, орыс тілі мен әдебиет, қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі деген мамандық алады.
3.3 Фариза Оңғарсынова поэмаларының жанрлық ерекшелегі
Ақын Фариза Оңғарсынованың оқырман жүрегінің төрінен орын алған өлеңдерінен тыс әр түрлі тақырыпта,әртүрлі жанрда,стильдік бағытта жазылған поэтикалық шығармалары оның ақындық диапозонының кең және терең екендігін дәлелдейді. Фариза ақын сан жағынаналып қарағанда да өндіріп-өндіріп, оннан астам поэма жазды. Бұл поэмалар ақынның 1987 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген екі томдығына толық кіргізілген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мұқағали Мақатаев - ғажайып, ақиық, сыршыл ақын. Ақын өлеңдерін окыған сайын бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Оның артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендеп айқындала түседі. Абаймен үндес ақын Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты. Кең дүниеге сия алмай кеткен ақын аға туралы менің жүрегімде өкініш те, аңсау да, сағыныш та жатыр. Табиғатында жуас, жомарт, кішіпейіл жанның бойынан буырқана атылған жыр жанартаулары өлең өлкесінің күты болғанына қаншама жыл өтті. Мұқағалидың әдебиеттен орнын іздеп әдекімдер әуре боп жүр. Менің айтарым ол өз орында тұр. Әдебиетте бірінші, екінші орын деген жоқ. Абай бастаған ұлы жыршылардың қатарында қасына Жұмекені мен Төлегенін ерткен Мұкаң да кетіп бара жатыр. Мұқағалидың есімі аңызға айналды. Ол есімді аңызға айналдырып түрған оның мамыр айындай жап-жарық сәулетті де дәулетті жырлары. Өзі жақсы көрген көктемдей жасыл өлкесі бар өлеңдері.