Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Сүйінбай Аронұлы – талантты ақын


Мазмұны
КІРІСПЕ 5
1 Әділеттікті аңсап өткен ақын 7
1.1 Ақын өткен сара жол 7
1.2 Сүйінбай жырларындағы сыншылдық сарын 9
1.3 Ақынның пәлсапалық өлеңдері 15
1.4 Өзі жайлы жазылған өлеңдері 19
1.5 Тарихи шығарма - «Өтеген батыр» дастаны 22
2 Сүйінбай – өлең сөздің теңдессіз шебері 32
2.1 Сүйінбай мен Тезек төре айтысы жайлы 32
2.2 Жырларындағы көркемдік кестелер 38
2.3 Сүйінбай өлеңдеріндегі көріктеуіш амал-тәсілдердің берілуі 47
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Ұлы ақын Жамбылдың даңқты ұстазы Сүйінбай Аронұлы - қазақ халқының ХIX ғасырда өмір сүрген ең әйгілі өнерпазы, табиғи зор талант иесі, суырыпсалма өнердің жарқын жұлдыздарының бірі. Оның озық поэзиясы біздің көп ұлтты әдебиетіміздің алтын қорына қосылған әлеуметтік мәні үлкен шығармалардың қатарына жатады.
Жыр дүлдүлі Сүйінбай ақын өзінің шығармаларында үнемі қалың еңбекші көптің атынан сөйлеп, қарапайым халықтың үміті мен бақытты келешекке деген сенімін және арман - тілегі мен мұрат - мақсатын бейнеледі. Өз дәуіріндегі қоғам өмірінің ішкі сырларына жете үңіліп, оған тән барлық әлеуметтік қатынастар мен қасиеттерді халықтық көзқарас тұрғысынан бағалап, кесімді ой - пікірлерін шыншылдықпен айтып берді. Бүкіл саналы өмірі мен қажыр - қайрат, күш - қуатын, бойындағы алапат дарынды, ақындық талантын түгелдей туған халқының болашағына арнады, тек қана еңбекші елге қызмет ету жолына жұмсады.

1 Әділеттікті аңсап өткен ақын
1.1 Ақын өткен сара жол

Атақты Сүйінбай ақын қалдырған бай әдеби қазынаны зерттеу ісі, негізінен, 1940 жылдардан басталады. Ақынның өлең, толғаулары мен айтыстарының көркемдігін, тіл байлығын тексерген қазақтың арғы - бергі әдебиетші ғалымдары әр тұстарда өздерінің тұшымды ой - пікірлерін білдіріп отырған. Мәселен, Сүйінбай мұрасын алғаш зерттеушілердің бірі академик - жазушы М. Әуезов болған. Ол 1949 жылы «Айтыс өлеңдері» деген зерттеуінде «Сүйінбай мен Тезек төре айтысына» арнайы тоқталған. Еңбекте Сүйінбайдың сыншылдығын, батылдығын баса айтып, оны «тілін тарпайтын, өршіл өткір ақын» деп көрсеткен. «Тезектің тіршілік амалында Сүйінбай әшкерлемеген қалтарыс қалмайды» , - дейді академик М. Әуезов.
Академик - жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов Сүйінбайды «айтыс өнерінің алтын діңгегі»[1. 448-450] -деп атаған.

1.2 Сүйінбай жырларындағы сыншылдық сарын
Сүйінбай Аронұлының өлеңдері ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тарихын, салт-санасын, тұрмыс-тіршілігін, таптық әлеуметтік күресін, болашаққа деген үмітін бейнелейді.
Атап айтқанда, Сүйінбай Аронұлы өлеңдерінің бір мол бөлігі феодалдық қоғамның билеп-төстеушілері сұлтан, төре, ел езген шонжар байлардың, дүмше молдалардың мінез-құлқын, олардың әлеуметтік ортадан алатын орны мен салмағын суреттеуге арналған. Онда олардың әрқайсысының өздеріне тән қалыптасқан амал-айласын, күй-жайын ашады. Тұтас бір тоғышар, даңкеуде, саяз ойлы жандардың сурет-галереясын жасайды. Ақынның ондай өлеңдерінің астарында бірде ащы шындық, өткір сын, үстем тап өкілдеріне арналған кек, өшпенділік жатса, бірде уытты мысқыл, кекесін, ажуа-мазақ көрінеді.

1.3 Ақынның пәлсапалық өлеңдері
Сонымен қатар, Сүйінбай Аронұлы – өмір, заман жайлы толғанып, философиялық қорытындылар жасаған терең ойлы өлеңдердің де авторы. Ақын онда өзімен-өзі қалып, өткен жылына, келешек күнге көз жібереді.
Автордың «Әділеттік орнаса», «Надандық», Жақсы мен жаманның айырмасы», «Жақсы болса ағайын», «Нақылдар», «Өсиет», «Ақын боп жиырмамда» т. б. өлеңдерінде халықтық философиялық мәселелер қозғалады. Бұл өлеңдерде, негізінен, ел басқару, халық тағдыры мен адам бойындағы жақсы, жаман дағдылар сараланады және өмірдің бағасы мен өткіншілігі жайлы ой-толғамдар, ақыл-өсиет айтылады.

1.4 Өзі жайлы жазылған өлеңдері
Сонымен бірге, Сүйінбай Аронұлының шығармаларында ақынның өзі туралы айтқан өлеңдері көрнекті орын алады. Бұл топқа жататын шығармаларының құндылығы сонда -өлеңдері ақынның ақындық жолынан, тұрмысынан соны, тың көп мағлұматтар береді.
Осы орайда есте болатын бір жай-ақын онда өмір тарихын түгел, бастан-аяқ баяндап беруді алдына мақсат етіп қоймаған. Тек өмірінің ел тарихымен байланысты тұстарын, елеулі ерекше сәттерін ғана бейнелейді. Сүйінбай ақынға тән өзгеше қасиет-ол өмірінен дерек беру үстінде ешқашан да керемет, айрықша етіп көрсетуге тырыспайды.

1.5 Тарихи шығарма - «Өтеген батыр» дастаны
XVII-XVIII ғасырлардағы тарихи кезең шындығын елестететін шығармалардың ішінде «Өтеген батыр» дастанының алатын орны ерекше. Бұл дастанда «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасына тап болған қазақ халқының ауыр тағдыры, әрі Жоңғар қолымен соғыста өз тәуелсіздігін қорғап қалған қаһармандық күресі, ерлік жеңісі жырланады. Өтеген сынды батырдың ел азаттығы мен еркіндігін сақтауды көрсеткен ерен қайрат-қуаты және оның жақсы болашақ үшін сіңірген еңбегі, ауыр да қиын, асуы мол күрес жолдары сипатталады.

2 Сүйінбай – өлең сөздің теңдессіз шебері
2.1 Сүйінбай мен Тезек төре айтысы жайлы
«Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы» - халық арасына
кең тараған, әлеуметтік мәні терең, көпке белгілі, әйгілі
айтыс. Осы уақытқа дейін ұмытылмай хатқа түсіп, елдің қызыға айтып, тамсана тыңдап келе жатқан көркем дүниесі. Бұл - Сүйінбай Аронұлының есімін тұңғыш рет қалың қазаққа көрші қырғыз еліне танытып, даңқын асырған сөз жарысы еді.

2.2 Жырларындағы көркемдік кестелер

Жыр нөсері Сүйінбайдың тілінде таудың суындай тазалық, алмастың жүзіндей өткірлік бар. Ол табиғат пен адамзаттың арасындағы байланысты айтса да немесе қоғамдық қатынастарды бағалап сынаса да, яки өмірдің ағысы мен қозғалысын жырласа да оның поэзиясынан теңіз астынан терілген лағыл тастай әдемілік пен сұлулық сезіледі. Сол себепті, қарапайым адам айта беретін кез келген ой ақын орындауында құбыла өзгеріп, сыршыл сипат алады, сиқырлы әуен-саз бітіп, белгілі бір өлшем, пішіні бар түр-реңге енеді. Оны ақын шығармаларының құрылыс-өрнегі мен көркемдік кестесі, қиыннан қиысқан шешен тілі айқын дәлелдейді.

2.3 Сүйінбай өлеңдеріндегі көріктеуіш амал-тәсілдердің берілуі
Ұлы ақын Жамбылдың ұстазы, «айтыс өнерінің алтын діңгегі» (М.Әуезов) Сүйінбай Аронұлының өлеңдері көркем сурет, кестелі сөзге мейлінше бай. Қоғам, әлеуметтік заман жайлы толғанған ақын өз шығармаларында нақты өмір құбылыстарын мөлдір де айқын елестетеді. Адам сезіміне, ой-қиялына өшпес әсер беретін сөз орамдары, тек шеберліктен ғана туатын бейнелі, бедерлі өлең жолдары ақын поэзиясынан басты орын алады. Негізінен, тілдің көркемдегіш құралдары болып есептелетін эпитет, теңеу және троп пен фигураның түрлері: метафора, метонимия, синекдоха, кейіптеу, қайталау, дамыту, инверсия, т.б. Сүйінбай шығармаларында өте көп.

ҚОРЫТЫНДЫ
XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілінің бірі демократ-гуманист, азамат ақын Сүйінбай Аранұлының шығармаларында ел өмірінің тарихи даму сатылары мен қоғамдық қарым-қатынастары үлкен шындылықпен көркем бейнеленген. Тарихи ортадағы қандай ірі оқиға, құбыластар болмасын, оған тән барлық ішкі қайшылықтар мен өзгерістерді ақын тек қана халықтың мұң-мүддесі тұрғысынан бағалап шешкен.