Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Моғолстан мемлекеті

Жоспары:
1. Моғолстанның құрылуы, жер аумағы.
2. Халқының этникалық құрамы.
3. Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдай
5. Әмір Темірдің Моғолстанға жорықтары.
6. Моғолстанның ыдырау кезеңі.
7. Моғолстанның Қазақ хандығының құрылуындағы орны.

Моғолстанның құрылуы, жер аумағы. XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.

Халқының этникалық құрамы. Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен монғол ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған.

Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар ад-дин мен оның інісі Шамс ад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салады.
Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары. Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі.

Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті.