Банк тәуекелдерін басқару.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕР 4
1.1 Банк тәуекелінің жіктелуі 4
1.2 Валюталық тәуекел 12
ІІ. БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ 15
2.1 Пайыз тәуекелін басқару - банк пайдасын ұлғайту құралы 20
2.2 Төлем жүйесіндегі тәуекелдерді басқару 23
ІІІ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ 27
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 32
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады. Нақты ол шаруашылық жүйенің барлық қатысушылары мен оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Банктер - іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын негізгі орталық болып табылады.
Мемлекетте банктер негізгі қаржы экономикалық институттар болуына байланысты олардың қызметі экономиканың тұрақсыз даму жағдайында қарастырылуы маңызды болып келеді. Барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.
Осы оқу құралы коммерциялық банктердің тәуекелділігін оқып үйренуге студенттер мен магистранттарға көмектеседі.
І. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕР
1.1 Банк тәуекелінің жіктелуі
Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген аясында бірге болады және оның қызметінің табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы шешуіне байланысты болды.
Тәуекел - бұл табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан және адамның қызмет түрлерінен пайда болатын жоғалтулар қаупінің мүмкіндігі. Тәуекел - тарихи және экономикалық категория болып табылады.
Тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып және адамның болашақта болатын қауіпті түсінуімен байланысты болады. Қоғамның даму барысында тәуекел экономикалық категорияға айналды.
Тәуекел экономикалық категория ретінде кез келген кәсіпкердің қызметімен, соның ішінде банктің қызметімен байланысты болатын, оның нәтижелігінің азықсыздығын және сәтсіздік жағдайында қолайсыз нәтиже мүмкіндігін көрсететін жағдайдағы сипаттама болып табылады. Қолайсыз жағдай орын алғанда үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: кері (ұтылу, жоғалту, шығын); нөлдік және оңды ( ұтыс, табыс, пайда).
1.2 Валюталық тәуекел
Валюталық немесе курстық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.
Валюталардың курсы салыстырмалы түрде бір-біріне әрдайым да өзгерістер болатыны белгілі (ТЕҢГЕ/ДОЛЛ. DM/ДОЛЛ., YEN/BGP және т.б.), ол банк қызметінің пайдасы мен шығынында көрініс табады.
ІІ. БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Банкте кездесетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және де ҚР ҰБ-нің бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол бермейтін қатаң басқару жүйесінде болуы тиіс.
Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру, табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым-қатынасын табу, белгісіз қаржылық-шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің республикамыздың ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.
Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде (алдағы уақытта дамуы үшін де) қолданылуын есептеуге болады. Банктік тәуекелдерді басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік тәжірибенің негізінде зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.
2.1 Пайыз тәуекелін басқару - банк пайдасын ұлғайту құралы
Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді құруды қажетті жағдайы болып отыр. Экономикалық қайта құрулар процесі банк жүйесі қалыптасуымен басталып, бүгінгі күнге дейін де жалғастырып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы қажет.
Қазіргі уақыттағы банктік нарықта тәуекелдің болмауы мүмкін емес. Ол кез келген операцияларда көрініс табады, бірақта ол әртүрлі көлемде кездеседі. Сол себептен де банк қызметі үшін бастысы тәуекелді мүлдем жою емес, оны болжау және ең төменгі деңгейіне жеткізу болып табылады. ҚР-да барлық қызметтер саласында экономикалық қайта құрулар процесі жүрзілуде.
2.2 Төлем жүйесіндегі тәуекелдерді басқару
Қазақстан Республикасындағы банкаралық төлемдер мынадай жүйелер арқылы жүзеге асырылатыны белгілі:
- банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ);
- бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ).
БААЖ-де барлық, төлем нақты уақыт режимінде жиынтық негізде жүзеге асырылады, яғни әрбір төлем құжаты жеке өңделеді және ақша аударымы әрбір төлем құжатының негізінде жүзеге асырылады. Қысқаша былайша айтуға болады. БААЖ-нің мақсаты ұлттық валютадағы қайтарылмайтын және міндетті төлемдерді БААЖ пайдаланушыларының Қазақстан Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) есепшоттарындағы ақша сомасын пайдалана отырып және шегінде бір операциялық күн ішінде орындаудан тұрады.
БТЖ-де барлық төлемдер нетто (таза) негізде жүзеге асырылады. Төлемдер бір күн ішінде банк белгілеген басымдылық кодын ескере отырып жүйеге жіберіледі. Күннің аяғында өзара есеп айырысу жүреді және егер қатысушылардың бірі өз міндеттемесін орындамаса, онда оның төлемдерінің бір бөлігі жойылады. Мұндай схема қатысушыларға өз өтімділігін басқаруға және төлемдердің қарсы ағынын барынша пайдалануға мүмкіндік береді.
ІІІ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Банк тәуекелдерін зерделеу тұтас алғандағы банктің, оның элементтері және нақты операциялар мен мәмілелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған практикалық шараларды жоспарлаудың міндетті түрдегі негізі болып табылады.
Тәуекел терминінің әр түрлі анықтамалары бар. Бірақ тұтас алғанда тәуекел болуы мүмкін қауіпті сипаттайды. Яғни, осы негізде банк тәуекелі дегеніміз - банктің қандай да бір мүдделеріне төнген, болуы мүмкін (әлуетті немесе нақты) қауіп (қатер) деп айтуға болады. Қауіп дегенді әлуетті (болуы мүмкін) шығын көзі деп түсінуге болады. Тәуекел, өз кезегінде, шығын келтіруге әкелетін ең қауіпті оқиға мүмкіндігі дәрежесінің және сондай шығынның болу мүмкіндігі дәрежесінің қосындысы болып табылады. Бұл жағдайда қауіпті оқиғаны әлуетті (болуы мүмкін) қатерді жүзеге асьгру ретінде қарастыруға болады.
Тәуекелді қабылдау - банк ісінің негізі. Банктердің тәуекелдері ойлап жасалған, бақыланатын және олардың қаржылық мүмкіндіктері мен құзыреті шегінде болғанда, сәттілікке ие болады.
Тәуекелді дәрежесі артады, егер:
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы жазылған курстық жұмыс бойынша қысқаша түсініктеме айтып кетейік. Айта кететін бір жайт, мемлекеттік тәуекелділіктің болуына кінәлі болған мемлекет үшін банкрот түсінігі қолданылмайды, өйткені мемлекеттің өзі ұлттық территориясында заңды іс-әрекеттерді жүзеге асырған кезде өзінің тәуелсіз екендігін көрсетеді. Оған қоса халықаралық құқық нормаларында халықаралық кредиттерді алудың негізгі принциптері болуы керек, өйткені оларды қайтаруда кредитордың да және кредиттік процесті қаржыландыруды қамтамасыз етушілердің де тағдыры шешілмек.
Негізінен мемлекеттік тәуекелдер халықаралық кредиттердің борышкерлерге әсер ету үшін шектелген шараларының нәтижесінде пайда болды. Алайда бұл осы қорларды инвестициялар отырған банктердің еларалық тәуекелдерді алдын ала болжамауынан және де оларды басқара алмауын білдірмейді, яғни оны көрсетіп отырған жоқ.
Пайыз саясаты банк қызметінде оның табыстылығының нәтижесі болып табылады. Қарастырылған әдістерді және олардың тәжірибеге қолдануы барысында ҚР-дағы банк жүйесінің ойдағыдай жұмыс істеуіне және пайыз тәуекелінің ең төменгі минимум деңгейіне дейін әкелуге мүмкіндік береді. Жұмыстың қарастырған тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады, сондықтан да оның жетілдіру әдістерін және жолдарын айқындау бірден бір мәселе.