Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Азаматтық құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 55 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері


Жоспар
Кіріспе 3
I тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері 6
1.1 Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері 6
1.2 Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері 15
2 тарау. Міндеттемелерді орындау 18
2.1 Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері 18
2.2 Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты мәселелер 20
2.3 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету 26
3 тарау. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің жалпы мәселелері 37
3.1 Міндеттеменің бұзылғандығы үшін азаматтық құқықтың жауапкершіліктің ұғымы және негіздері 37
3.2 Міндеттемелерді бұзғаны үшін азаматтық - құқықтың жауапкершіліктің түрлері және мөлшері 44
3.3 Міндеттемені тоқтатылудың түсінігі және құқықтың реттелуі 46
Қорытынды 49
Қолданылған әдебиеттер 52
Рецензия 54
Пікір 55

Кіріспе
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының өзіндік мәні бар және қасиеті болғанымен, оларды міндеттемелер деп бөліп қарауға болмайды. Құқықтар мен бостандықтар міндеттермен өте тығыз байланысты. Азаматтар өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындағанда ғана құқықтары мен бостандықтарын толығынан жүзеге асыра алады. Сондықтан міндеттердің орындалуы жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 12 бабының 3 тармақшасында былай делінген: «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып міндеттер атқарады».
Осы тармақта адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі ерекшеленген. Егер адам құқығы тумысынан жазылған болса, азаматтың құқықтық кепілі пайда болады. Азаматтың құқықтық мәртебесінен табиғи түрде адам құқығы, сондай-ақ жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдігі негізіне қызмет ететін, азамат пен оның мемлекеті арасындағы ерекше билік қатынастарын қоғамдық шарттар түрінде белгілейтін саяси құқықтары мен міндеттер кешені кіреді. Азаматтың мәртебесі, осы аталғандарға қоса тек құқықтар ұғымын ғана емес міндеттер ұғымын қамтиды.

I тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері
1.1 Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері
Міндеттеменің ұғымы. Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? Бұл туралы Азаматтық кодексінің 268- бабында: «Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан аз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті», - деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме - азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап етумен міндеттеме несие беруші мен борыш қорғау өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты: құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда - талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда - міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.

1.2 Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері
Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негізден көрінеді, мұның өзі Азаматтық кодекстің 7 - бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271 - бабы осы кодекстің 7 - бабында көрсетілген тұжырымға сүйене отырып, міндеттемелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруде немесе өзге де негіздерден пайда болады.

2 тарау. Міндеттемелерді орындау
2.1 Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері
Міндеттемелердің орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетте жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекеті жасауды тоқтата түруы. Міндеттемені орындау көбіне көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді. Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, занды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқталуына әкеледі.

2.2 Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты мәселелер
Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Соны мен бірге, заңда, міндеттеме шартында, не оның мән-мағынасында міндеттемені борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек өзіне алған міндеттемені орындалуын үшінші жақа жүктей алады. Мұндай жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауда міндетті.
Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап етілетін жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету және т.б.) несие беруші үшінші жақтың ұсынатын орындалған ісін қабылдамауға құқылы.

2.3 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің ұғымы. Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау және тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді. Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда және келісімге отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданады. АҚ 292 бап талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлету, кепіл, борышқордың мүлігін аманат кепілдік, кепілпұл және басқа да әдістер жатады.
Қамтамасыз ету әдістері өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуші болады.

3 тарау. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің жалпы мәселелері
3.1 Міндеттеменің бұзылғандығы үшін азаматтық құқықтың жауапкершіліктің ұғымы және негіздері
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық - құқықтық қатынастардың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақта бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық қатынасының субъектісінен қолданылатын мүлікті өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай уәкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
«Міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамаудың несие берушіге мүлікті зиянды салдарларын тигізіп мүліктік нұсқа келтіреді. Бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін мүліктік санкциялар белгіленген. Қарыздар несие берушінің көрген залалдарының орнын толтыруы тиіс».
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады.

3.3 Міндеттемені тоқтатылудың түсінігі және құқықтың реттелуі
Міндеттеме өзінің құрамына кіретін құқықтар мен міндеттер толық жүзеге асқан сәттен бастап тоқтатылады. Бұл көбіне - көп оны орындаудың нәтижесінде болады. Бірақта несие беруші борышты кешіргенде немесе оны орындауға мүмкіндік болмайтындай болса, негізгі мақсаты жүзеге асырумен байланысты емес тоқтауларда болады. Сөйтіп, міндеттемені тоқтату дегеніміз міндеттеменің мазмұнын құрайтын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін жою б.т.
Шарттық міндеттемелерді тоқтатудың негізгі себептеріне олардың тиісінше орындалуы, қарсы талапты қанағаттандыруы, несие беруші мен борышқордың бір адам ретінде үйлесуі, тараптардың келісуі, орындауды атқарудың мүмкін еместігі, борышқордың немесе несие берушінің өлімі жатады. Міндеттемені тоқтатудың басты және мейлінше, кең тараған тәсілі оның тиісті деңгейде орындалуы болып табылады.

Қорытынды
Тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ Азаматтық құқықтағы міндеттемелер қоғамдық қатынасты реттегенде үлкен маңызы бар. Өйткені міндеттемелер болмаған жағдайда қалай мемлекет қызметін атқарар еді, ол барлық экономикалық, әлеуметтік саяси жағынан ықпалын зор тигізеді. Біз жалпы міндеттемелердің орындалуын, оның орындалуына байланысты пайда болатын құқықтық жауапкершілікте және міндеттеменің тоқтатылуын қарастырдық.
Міндеттеменің жекеленген түрлері тәжірибеде (практикада) кеңінен қолданылуда, оларға сатып алу-сату, айырбас сыйға тарту, мердігерлік, және т.б. кіреді.