Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Қорғалатын объектілі жүйелерге - бағытталған тәсілдерді қолдану


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қорғалатын объектілі жүйелерге - бағытталған тәсілдерді қолдану 5
1.1 Ақпараттық қауіпсіздіктің объектілері мен әдістері туралы мәліметтері 5
1.2 Ақпараттық қауіпсіздік жүйесіндегі ақпараттық тәсілдерге жататындар 6
1.3 Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары 9
1.4 Қорғалатын объектілі жүйелерге - бағытталған тәсілдерді қолдану 10
1.5 Ақпараттық қауіпсіздіктің негізін құраушылар және олардың жағымсыз жағдайлары 14
1.6 Ақпараттық қауіпсіздікке объектілі - бағытталған қатынасының қажеттілігі туралы түсінік 16
1.7 Объектілі - бағытталған қатынастың негізгі түсініктері 17
1.8 Объектілік көзқарас тұрғысынан ақпараттық қауіпсіздіктің дәстүрлі тәсілінің кемшіліктері 20
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе
Ел президентінің 1997 жылдың 10 қазандағы «Қазақстан 2030». Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы атты Қазақстан халқына жолдауында ұзақ мерзімді басымдық ретінде ұлттық қауіпсіздік айқындалды, оның құрамының бірі ақпараттық қауіпсіздік болып табылады.Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы ҚР-ның конституциясының және «ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы, «Мемлекеттік құпиялар туралы » 1999 жылғы 15 наурыздағы, «Терроризмге қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Ақпараттандыру туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы, « Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы » 2005 жылғы 18 ақпандағы. ҚР-ның заңдарының, ҚР-ның президентінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 163 жарлығымен мақұлданған. ҚР - ның ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006 - 2009 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізінде дайындалды.

1 Қорғалатын объектілі жүйелерге - бағытталған тәсілдерді қолдану
1.1 Ақпараттық қауіпсіздіктің объектілері мен әдістері туралы мәліметтері
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік объектілеріне:
• жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің ақпарат алуға, таратуға және пайдалануға, құпия ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғауға арналған құқықтары;
• сақтау нысандарына байланыссыз, мемлекеттік құпияларды, коммерциялық құпияны және басқа құпия ақпаратты, сондай-ақ ашық (жалпыға қолжетімді) ақпаратты қамтитын мәліметтері бар ақпараттық ресурстар;
• әртүрлі класстағы және әртүрлі мақсаттағы ақпараттық жүйелерді, кітапханаларды, мұрағаттарды, деректер қорлары мен банктерін, ақпараттық технологияларды, ақпарат жинау, өңдеу, сақтау және беру регламенттері мен рәсімдерін, ғылыми-техникалық және қызмет көрсететін персоналды қамтитын ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, сақтау, тарату және пайдалану жүйесі;

1.2 Ақпараттық қауіпсіздік жүйесіндегі ақпараттық тәсілдерге жататындар
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесіндегі ақпараттық тәсілдерге жататындар:
• мекенжайдың және ақпараттық алмасу уақытының бұзылуы, заңға қарсы ақпарат жинау және пайдалану;
• ақпаратқа және ақпараттық ресурстарға рұқсат етілмеген қол жетімділік, ақпарат саласындағы деректерді заңсыз жою, түрлендіру және көшіру;
• ақпаратқа рұқсат етілмеген әсер ету немесе ақпаратпен айла-амалдар жасау (теріс ақпарат, ақпаратты жасыру немесе бұрмалау);
• ақпараттық жүйелердегі деректерді заңсыз көшіру;

1.4 Қорғалатын объектілі жүйелерге - бағытталған тәсілдерді қолдану
Объектілі бағытталған тәсілдерді ақпараттық қауіпсіздікте қолданып көрейік.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мәселе - комплексті, күрделі жүйелерді қорғаушы және қорғау құралдары да күрделі, сондықтан бізге негізілген түсініктер қажет болады. Алдымен шекара түсігінен бастайық.

1.6 Ақпараттық қауіпсіздікке объектілі - бағытталған қатынасының қажеттілігі туралы түсінік
Қазіргі кезде ақпараттық қауіпсіздік, дамуын ақпараттық технологиялардың басқа облыстарындағы өзгерістерімен, әрқашан синхрондамаған, салыстырмалы тұйық тәртіп болып келеді. Көбінесе, Ақпараттық қауіпсіздікте қазіргі заманғы ақпараттық жүйенің құрылымы кезінде негіз болған, объектілі - бағытталған қатынастың негізгі жағдайының көрінісін әзірше таппады. Ақпараттық қауіпсіздікте көп қайтара программисттердің білімін қолдану және жинақтарға негізделген, программалау технологиясындағы жетістіктер де ескерілмейді. Біздің көзқарасымызға, бұл ақпараттық қауіпсіздік ортасында жаңашылдықтарды қиындатушы, өте қиын жағдай.

1.7 Объектілі - бағытталған қатынастың негізгі түсініктері
Объектілі - бағытталған қатынас объектілі декомпозицияны қолданады, яғни жүйенің іс әрекеті объектілердің өзара әрекеттесу терминдерінде суреттеледі.

Қорытынды
Қазіргі кезде ақпараттық қауіпсіздік, дамуының ақпараттық технологияларың басқа облыстардағы өзгерістерімен, әрқашан синхрондамаған, салыстырмалы тұйық тәртіпте болады. Көбінесе, ақпараттық қауіпсіздікте қазіргі заманғы ақпараттық жүйенің құрылымы негізінде жасалады. Олар объектілі - бағытталған қатынастың негізгі жағдайының көрінісін әзірше таппады, оны олар қарастыру үстінде. Ақпараттық қауіпсіздікте программисттердің білімі қолданыста болады.