Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Полный просмотр работы

Кәсіпкерлік және оның Казақстан экономикасын қалыптастырудағы рөлі

Жоспар
Кіріспе 3
I. Кәсіпкерлік түсінігі, оның мәні 5
1.1 Кәсіпкерлік ұғымы, оның экономикалық мәні 5
1.2 Кәсіпорынның экономикалық белсенді қызмет түрі ретінде 8
II. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік түрлері, ерекшеліктері 11
2.1 Кәсіпкерліктің түрлері 11
2.2 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ерекшеліктері 17
2.3 Кәсіпкерліктің субъектілерін мемлекеттік тіркеудің нысандары 18
III. Кәсіпкерліктің дамуы және оның экономикалық маңызы 20
3.1 Қазақстан экономикасын қалыптастыруда кәсіпкерліктің рөлі 20
3.2 Кәсіпкерліктің әлеуметтік маңызы 23
Қорытынды 27
Пайдаланған әдебиеттер 28

Кіріспе
Қоғам өмірі көп қырлы. Бұл көпқырлылық-адамдардың әртүрлі сфералардағы экономикалық және әлеуметтік әрекеттердің нәтижесі. Ұлы ақын Абайдың қара сөздеріне жүгінсек, ол бізді шынайы кәсіпкерлікке, көрегендікпен талмай еңбек етуге шақырады.

I. Кәсіпкерлік түсінігі, оның мәні
1.1 Кәсіпкерлік ұғымы, оның экономикалық мәні
Кәсіпорынның іс әрекеттерінің негізгі мазмұнына жататын өндіріс факторларының өзара әрекеттілігінде ерекше орынға ие болатыны кәсіпкерлік.
Буржуазиялық экономикалық теорияда «кәсіпкер» ұғымы XVIII ғасырда қолданыла бастады. Адам Смиттің ойы бойынша, кәсіпкер-сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды.

1.2 Кәсіпорынның экономикалық белсенді қызмет түрі ретінде
Кәсіпорын - өндіріс шаруашылық әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады. Ол қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі жекелеген дербес бөлім. Кәсіпорын қоғамының негізгі өндірісттік буыны ретінде әрбір әлеуметтік экономикалық формацияға тән және өздерінің ерекше белгілерімен сипатталады. Олар әу баста алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленуші, феодалдық имениелер мен шаруа қожалығы, капиталисттік кәсіпорындар, ал бүгінгі таңда ірі фабрикалар, зауыттар мен бірлестіктер ретінде ерекше орын алады. Кәсіпорын атаулыға фабрика, зауыт, өндірісттік және ғылыми өндірісттік бірлесттіктер, сондай – ақ өте ірі және күрделі кәсіпорындар жатады.

II. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік түрлері, ерекшеліктері
2.1 Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерліктің нарықтық экономикалық басқа агенттерінен айырмашылығы - өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Пайда – кәсіпкердің сұранысы қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасындағы айырмашылық.
Кәсіпкердің пайдасын меншік иелерінің табыстарынан ажырата білу қажет. Акция бойынша дивидент, депозиттерге процент, жер үшін алатын рента, бұлар меншік иесіне түсетін табыстар. Әлбетте бұл табыстың көзі акционерлік компаниялардың басқару органдары, банк, арендаторлар өз қолына басқа біреудің меншігін алып, жаңа өнімдер өндіріп, оны өткізуді ұйымдастыру барысында нарықта белсенді қызмет атқара отырып, түсірген пайда болып саналмайды. Сонымен меншік иесі – енжар, ал кәсіпкер нарықтық байланыстарды қалыптастыратын және дамытатын белсенді тұлға болып табылады.

2.2 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ерекшеліктері
Америкада кәсіпкерлікті ұйымдастырудың кең таралған түрі серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Американың 47 штатында 1916 жылы қабылданды да, 1978 жылы заңға жаңа ұсыныстар мен ережелер енгізіліп қайта қабылданған. Американың кәсіп орындарында жұмысшы күшінің жартысы жұмылдырылған. Олар елдерді барлық сауда-саттықтың 44 процентін және ұлттық өнімнің 38 процентін өткізуді қамтамасыз етеді.

2.3 Кәсіпкерліктің субъектілерін мемлекеттік тіркеудің нысандары
Нарықтық экономикаға көшудің негізгі шарттарының бірі жеке кәсіпкерлікке жол ашу. «Мемлекеттік жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепідік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді» (конституция, 48-бет). «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» ерекше заң қабылданған. Заң кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізгі түрлерін анықтап, жеке кәсіпкерлікке мемлекет тікелей араласа алмайтынын баянды етеді.

III. Кәсіпкерліктің дамуы және оның экономикалық маңызы
3.1 Қазақстан экономикасын қалыптастыруда кәсіпкерліктің рөлі
Кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі кәсіпкерлік, ең алдымен базардың тауармен толығуына және жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік береді.
Жалпы кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта топты жасақтайды. Кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірбиесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді.

3.2 Кәсіпкерліктің әлеуметтік маңызы
Шаруашылықты жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі ол кәсіпкерліктің дамуы болып табылады. Нақты айтқанда, жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, базарды халыққа қажетті тауарлармен толықтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны бастан кешіріп отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде осы кәсіпкерлік шешуші фактор.

Қорытынды
Қорыта келгенде, маған бұл жұмыс өте ұнады. Себебі, бұл жұмысты орындай отырып, өзім кәсіпкерлік жайлы біршама мәліметтермен таныстым.
Кәсіпкер біздің сұранысымызда қанағаттандырады, біздің өмірімізді жақсартады. Біз кәсіпкерлерді құрметтеуіміз керек, өйткені олар біз қажет ететін күнделікті тауарларды өндіріп, бізге ұсынады, жұмыссыздарды жұмыспен қамтиді. Біздің елімізде кәсіпкерлік жақсы дамуда. Экономикамыздың тірегі кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай туғызу үшін кәсіпкерлерді қолдап, олардың кәсібіне көбірек көңіл бөлу қажет.