Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Психология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 21 стр.

Полный просмотр работы

Әлеуметтік психологияда шағын топтың зерттеуінің әдіснамалық мәселелері

Мазмұны
Кіріспе 3
1. Әлеуметтік психологияда шағын топтың зерттеуінің әдіснамалық мәселелері 5
2. Шағын топтың жіктелуі 10
3. Шағын топтың генезисі мен дамуы 13
Қорытынды 19
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 21

Кіріспе
Топтың даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, ондағы тұлға аралық қатынастар бірлескен әлеуметтік іс-әрекеттің құндылықтары мен мазмұнына байланысты болуы соғұрлым жоғары деңгейде болады, топта лидердің пайда болуы мен орнығуы осы қарым-қатынастардың жүзеге асырылуы ретінде білінеді. Лидер - топ үшін аса референті адам, тұлға аралық қарым-қатынастардың жалпы ортанғы мүшесі.
Алайда, бұл референттіктің пайда болуының негіздері, тұлға аралық қарым-қатынастарды байланыстыратын құндылықтардың сипатына байланысты әр түрлі болады.

1. Әлеуметтік психологияда шағын топтың зерттеуінің әдіснамалық мәселелері
Адам өмірінде шағын топтардың рөлі объективтік көтерілуде, өйткені топталып шешім қабылдау кажеттілігі өсуде.
Алайда, жалған әдістемелік ұстанымдар шетел психологтарын шағын топтардың мағынасын қайта бағалауға әкелді. "Адам факторын", "Адам қатынастарын" ондаған университеттер арнайы институттар және лабораториялар зерттеді. Шағын топты психологиялық феномен ретінде қарастырды. Ғалымдардың пікірі бойынша, бұл феноменді зерттеу тұлғаның қалыптасу заңдарын ғана емес, сонымен қатар коғамның даму заңдарын да түсіндіруге мүмкіндік берді.

2. Шағын топтың жіктелуі
Психологтар жасаған эксперименттер жауапкершілік арту сипаты топтың даму деңгейіне байланысты болатынын көрсетті. Ұжымдағы жауапкершілік арту актілері көбінше объективтік сипатта болады.Ұжымның әрбір мүшесінің ортақ іске қосқан үлесі, бірлескен іс-әрекеттің табысты немесе табыссыз болуына қарамастан дұрыс бағаланады. Ұжым деңгейіне жетпеген топтарда қарама-қарсы көрініс байқалды: бірлескен іс-әрекет табысқа жетсе - әрбір сыналушы өзінің үлесін атап көрсетуге тырысты, ал табыссыз болған кезде - кінәсін басқаларға аударуға дайын болды, немесе тіпті болмаса "объективтік жағдайларға". Мұндай топтағы жауапкершілік арту субъектінің жеке психологиялық ерекшеліктері бойынша жасалған деп айтуға болады. Бұл - батыс психологтары экспериментальды тұрғыдан анықтаған, барлық топтарға таратқан, олардың даму деңгейінен тәуелсіз болатын заңдылықтар мен байланыстардың ықпалы білінетін сала.

3. Шағын топтың генезисі мен дамуы
Тәрбиелеу объектісі ретінде әдетте жеке баладан гөрі, әр түрлі сипаттар бойынша біріктірілген балалардың әр түрлі топтары қарастырылады. Адам тұлға ретінде топта қалыптасады, топ ішіндегі қатынастарды тікелей көрсететін амалданған көрсеткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы мынада: топ - белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі бір әрекет түрінің субъектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді.
Топ ұғымының шығуы күрделі. Европада бұл сөз XVII ғасырдың аяғынан кейін пайда болды. Дәл осы кезде француз суретшілері Италиядан техникалық терминді отанына "әкелді".
Қазіргі уақытта бұл "техникалық" ағым толығымен ысырылып, топ ұғымы психологияда берік бекітілді. Алайда, бұл құбылыстың күрделілігі мен бір мағыналы болуы соншалықты, оған бір мағыналы анықтаманы ешкім бермеді, сипаттардың бірқатарын атаумен шектелді. Топты төмендегідей сипаттап жеке адамдардың жиналысы құрайды деп санады:

Қорытынды
Жеке адам топтың басқа мүшелерімен белсенді ара-қатынас жасай отырып, өзіндік құндылық бағыттарға ие болады. Оларды меңгеру - шындығында, топ жүзеге асыратын немесе тұлға топқа танитын, тұлғаны қадағалаудың бір түрін білдіреді. Топтың құндылығын бағыт ету, оның көзқарасына еліктеу - жеке адамды, ол үшін бағалауы мен принципі ерекше маңызды болатын, белгілі бір адамдар шеңберін бөліп алуға мәжбүр етеді.
Жеке адам таңдаған ұжым ішіндегі бұл адамдар тобын қалай белгілеуге болады? Әдетте бұл адамдар тобын референт тобы деген ұғыммен біріктіреді. Референт (эталон) тобы деп - көзқарастары, талаптары үлгі болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады. Адам өзінің нормасын, қадір-қасиетін бағалаған, өзі оны қолдап, ең жақсы деп есептейтін топқа кіреді. Сонда адам бұл нормаларды қолдап қана қоймай, оны қорғайды да, қажет болса насихаттайды да. Кейде былай да болуы мүмкін: адам бір топтың мүшесі бола отырып, екінші бір топтың көзқарасын, нормасын қастерлеп, қадір тұтады. Басқаша айтқанда, жеке адам үшін басқа үлгі эталон болып есептеледі. Мысалы, жеткіншек жоғары сынып оқушыларының немесе ересектердің тобына мүше болуға тырысады. Егер бұған оның қолы жетпесе, онда ересектер тобында орын алған мінез-құлық нормасына еліктейді. Сонымен, референттік топтың екі функциясы болады: нормативтік және салыстырмалы.