Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 15 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазіргі заманғы есептеу техникасының құрылысы. Компьютердің логикалық схемасы


Мазмұны
Кіріспе 3
1 ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 4
1.1 Компьютерлерді жүйелеу 4
1.2 Есептеу жүйесінің құрамы 5
2 КОМПЬЮТЕРДІҢ ЛОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8
2.1 Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері 8
2.2 Логикалық операциялар 11
2.3 Компьютердің логикалық элементтері 12
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер 15

Кіріспе
Күні кеше ғана таңдаулылар ортасында талқыланатын «Ақпараттық технологиялар» ұғымы бүгінгі күні ауқымды көлемдегі құбылыс.
Ақпаратты өңдеу жүйелерін «демократизациялау» көптеген, мәліметтер технологиясы негіздерін «фольклорлық » әдіспен оқитын, яғни аталған пән бойынша кем дегенде жүйелік құжаттарды оқумен қиналмайтын дилетанттар клавиатурасына әкеп соқтырды.
Немқұрайды қараудың тағы бір себебі бар. Интеллектуалдық терроризм деп аталатын түсінік бар, яғни кейбіреулерді математикадан, информатикадан, программа құрудан «нөл» деп кіналау.

1 ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
1.1 Компьютерлерді жүйелеу
Мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара қарым қатынаста болатын құрылғылар мен программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің негізгі құрылғысы компьютер болып табылады.
Компьютерлер қолданылуына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
Үлкен ЭЕМ;
Мини ЭЕМ;
Микро ЭЕМ;
Дербес компьютерлер;
1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халықаралық стандарт
РС 99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:

1.2 Есептеу жүйесінің құрамы
Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық құралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.

2 КОМПЬЮТЕРДІҢ ЛОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері
ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес.
Логика бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.
Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары дараланады:
Формальды логика;
Математикалық логика;
Ықтималды логика;
Диалектикалық логика және т.б.

2.3 Компьютердің логикалық элементтері
Деректер мен командалар ұзындығы мен құрылымы әр түрлі екілік тізбектер түрінде беріледі. Компьютердің электрондық құрылғыларында екілік бірлік екілік нөлге қарағанда, кернеудің жоғары деңгейімен кодталады.
Компьютердің логикалық элементі элементар логикалық функцияны жүзеге асыратын электрондық логикалық схеманың бөлігі.
Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемалары және триггер.
Бұл схемалардың көмегімен компьютер құрылғыларының жұмысын сипаттайтын кез келген логикалық функцияны жүзеге асыруға болады. Әдетте, вентильдердің екіден сегізге дейін кірісі және бір немесе екі шығысы болады.

Қорытынды
Бүгіннің өзінде ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ дерді пайдалану адамдарға информацияны жинау дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып , жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді. ЭЕМ дер мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып үйрену ісіне үлкен көмек берді.