Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 66 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Матеметика сабағында ойын технологияларын қолдану


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКА-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 9
1.1 ОЙЫН ТУРАЛЫ ҰЛЫ ОЙШЫЛДАРДЫҢ ПІКІРІ 9
1.2 ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 17
1.3 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ОЙЫНДАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ 23
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ 27
2.1 ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 27
2.2 МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІ 31
2.3 МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 35
2.4 ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ 42
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
ҚОСЫМША А 63
ҚОСЫМША Ә 65
ҚОСЫМША Б 66

КІРІСПЕ
Еліміз егеменді мемлекет болғалы барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.

1 ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКА-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ОЙЫН ТУРАЛЫ ҰЛЫ ОЙШЫЛДАРДЫҢ ПІКІРІ
Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.

1.2 ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады.

1.3 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ОЙЫНДАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару – оның басты бағдарларының бірі.

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Ойын оқушының негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқушының даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. [33.28]

2.2 МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІ
Іскерлік ойындар арқылы бала түрлі оқиғаларға қатысып, еңбек, отбасылық, қоғамдық қатынастарға енуге әзірленеді. Енді отбасындағы өмірді түсінуге көмектесетін іскерлік ойыннан үзінділер келтірейік.
Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр. Іскерлік ойындар оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі. Олар оқушыны қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болады.
Іскерлік ойындар ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді.

2.3 МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Ұлттық ойындар отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында, қосымша материал үшін баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Сабақ үрдістерінде ұлттық ойындарды ойнатуда баланың тілін ширатамын, ойын дамытамын, зейінділікке, ұстамдылыққа, ойлылыққа, зерделілікке, мергендікке баулыймын.
Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз.

2.4 ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ
Әр халық ұрпағының қайырымды да, адал, әділ де, ержүрек, үлкенді құрметтейтін,кішіге қамқор,ар-ұяты мол,кішіпейіл болып өскенін қалайды.
«Тәрбие – бала дүниеге келген сағаттан басталады»-деген сөздің жаны бар. Бесік жырын,ана әлдиін естіп өскен бала мейірімді,тәрбиелі болары анық.
Адамгершілік тәрбиесінің қасиеттерін бала бойына дарыту сан түрлі жолдармен жүзеге асырылатыны белгілі,ол ата-анадан,ал мектепке келген соң мұғалімнен соған орай әдіс-тәсілдерді іздестіруді,арнайы дайындықты, үлкен жауапкершілікті талап етеді.Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді.Тәрбиенің,сабақтағы жиі қолданылатын құралдарының бірі-ойын.

ҚОРЫТЫНДЫ
Ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезімәрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.