Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 70 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің стильдік қызметі


Мазмұны
Кіріспе 4
1 Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің тілдік қызметі 6
1.1 Мақал-мәтелдегі антоним, синоним, омоним сөздердің берілу тәсілдері 6
1.2 Көнерген сөздер мен қарапайым сөздер қолданысы 19
1.3 Көріктеуіш амал тәсілдердің танымдық белгісі 25
2 Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің стильдік қызметі 48
2.1 Нақыл сөздер мен афоризмдер қолданысы 48
2.2 Мақал-мәтелдердің, афоризмдердің кейіпкер тіліндегі қолданысы 51
2.3 Мақал-мәтелдердің, афоризмдердің автор бейнесін берудегі ерекшелігі 57
Қорытынды 68
Қолданылған әдебиеттер 70

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мақал - мәтелдер шығармашылықтың нәтижесінде ғана дүниеге келіп, ұлттық болмыстың барлық саласына қатысты ұлттық дүниетанымның тілдегі бір көрінісі болып келеді. Осылардың бәрін мақал-мәтел фактілеріне талдау жасай отыра белгілі бір жүйемен қарастыру тақырыптың тың әрі соны екендігін көрсетеді. Белгілі ғалым Ә. Қайдар мақал-мәтелдерге өзінің арнайы еңбегін арнайды[1]. Жұмыстың өзектілігін арттыра түсетін тағы бір фактор - қазақ мақалдарының жасалуындағы бейнелілік пен тілдік ерекшеліктерінің зерттелуі, мақал-мәтелдердің көркем мәтіндегі орны туралы пайымдап, мақал-мәтелдегі этномәдени белгілердің символдық мәнін ашуға талпыныс жасалды. Мақал-мәтелдегі символ - халықтық дүниенің түйсінуінен хабар беретін қоймай, яғни ғаламның тілдік бейнесі ретінде ұлттың эстетикалық таным-талғамын, шаруашылық кәсібін, мінез-құлық, ырым-наным, салт-дәстүрін, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухты тек тілде ғана жан-жақты танытады. Сонымен қатар, мақал-мәтелдердің, авторлық афоризмдердің кейіпкер тілінде қолданылуы мен автор бейнесін берудегі тілдік-стильдік көрінісін айқындау тақырыптың өзектілігін арттыра түседі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың жалпы мақсаты - қазақ мақал-мәтелдерінің бейнелілігін анықтау, олардың көркем мәтінде қолданылуы арқылы автор бейнесінің көрінісі мен кейіпкер тіліндегі тілдік-стильдік қызметін көрсету. Сонымен бірге мақал-мәтелдердің тілдік-стильдік, көркемдік табиғатын зерттеуде мына мәселелердің шешімін табу көзделді:

1 Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің тілдік қызметі

1.1 Мақал-мәтелдегі антоним, синоним, омоним сөздердің берілу тәсілдері
Қазақ тіл білімі ғылымында Қ.Аханов, Ә.Болғанбаев, Ж.Мусин, Ғ.Мұсабаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Қалиев т.б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әртүрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.
Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады. Ж.Мусин «Қазақ тілінің антонимдер сөздігі» атты еңбегінде, антонимдерге әртүрлі бағыттағы анықтама берген [2.27].

1.2 Көнерген сөздер мен қарапайым сөздер қолданысы
Мақалдар мен мәтелдердің құрамындағы архаизмдік сөздерді қазіргі қазақ тілі нормасынан қарағанда, олардың ескіріп, көнеруі әрқилы, әртүрлі жүйемен жасалып отыратынын байқаймыз. Бұлардың ескіріп, көнелеуі, біріншіден, қоғамдық жағдайдың өзгерісіне байланысты болса, екіншіден, тіліміздің жалпы лексикалық қорынан кейбір сөздердің мықтап орын ала алмауына байланысты болады. Сондықтан бұл архаизм сөздер өздерінің: көнеру дәрежесіне, ескіру, көнелену себептеріне, олардың қолданылу мүмкіндігі мен сипатына қарап сараланады. Архаизм сөздер өздерінің көнеру, ескіру дәрежесіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

1.3 Көріктеуіш амал тәсілдердің танымдық белгісі
Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақалдың өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ең алдымен, әдебиеттік жағынан алғанда, мақал үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ол адам өмірінде, тұрмыстық-тіршілікте, қоғамдық жағдайларда кездесетін әртүрлі ққбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданылады. Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен уақиға, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді.

2 Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің стильдік қызметі
2.1 Нақыл сөздер мен афоризмдер қолданысы
Афоризмді мақалдан айыру қиын. Өйткені, көптеген афоризмдер мақал-мәтелдердің қатарына қосылып, халық аузында айтылып кетеді. Шынында, афоризм дегеніміз де халық мақалы. Бірақ бір-біріне қаншама ұқсас болса да, олардың өзара кейбір айырмашылығы барлығы байқалады. Афоризм мақал мен мәтелдерге қарағанда, белгілі бір автордың атынан айтылады. Сонымен қатар, афоризм, көбіне, жазба әдебиет тұсында пайда болатын категория. Ал мақал-мәтелдер, әрқашан, ауыз әдебиеті негізінде жасалып, ауызша пайда болатындықтан, оның авторы болмай, халық қазынасы деп аталады.
Ақын Мұзафар Әлімбаев афоризмге мынадай анықтама береді: «Қанатты сөздердің қайнар көзі - халық тілі - мақалдар мен мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, әдеби тіл - жазушылардың, оқымыстылардың тарихта өткен атақты қайраткерлердің өткір нақылдары, сөз байламдары» [21.33].

2.2 Мақал-мәтелдердің, афоризмдердің кейіпкер тіліндегі қолданысы
Көркем әдебиетте кейіпкер тілінің эстетикалық қызметін көрсетуде тілдік-стильдік амал-тәсілдердің орны ерекше. Кейіпкер тіліндегі көркем сөз мазмұны жағынан ерекше эстетикалық құрылымға ие. Кейіпкер тіліндегі тілдің барлық қабаттары экспрессивтік жүк көтеріп тұрады. Жазушы кейіпкерді суреттеуде оны тартымды етіп беру үшін жеке сөздер мен тұлғаларға әртүрлі стильдік жүк артып жұмсайды. Көркем әдебиетте кейіпкер тілінде қолданылатын сөздер мен сөз оралымдарының стильдік қызметі тіл мамандары мен сөз зергерлерінің назарын ерекше аударып келеді. Кейіпкер тілі - суреткерлік қасиетке мейлінше бай, образ даралау құралы. Оның экспрессивтілігі (оқырман мен тыңдаушы сезіміне әсер ету қабілеті) мағыналық байлығы мен амал-тәсілдерінің қырынан келіп туады.

2.3 Мақал-мәтелдердің, афоризмдердің автор бейнесін берудегі ерекшелігі
Сөйлеу формалары көркем прозаның композициялық -тілдік қабатының ішкі құрылымын құраса, оның сыртқы қабатын автор сөзі, төл сөз, ортақ төл сөздің әртүрлі типтері құрайды. Автор сөзі өзі білдіретін затқа тура бағытталған, ол өзі бейнелейтін нәрсені тікелей түсіндіруге арналған. Төл сөз - кейіпкер сөзі бұл да өзі бейнелейтін затқа тура бағытталған, сонымен бір мезгілде оның өзі де автордың бейнелеу объектісін құрайды. Автор сөзі кейіпкер сөзінің ешнәрсесін өзгертпейді, оны тек өзінің мақсатына ғана бағындырады.

Қорытынды

Мақал-мәтелдер бір дәуірдің ғана жемісі емес, ұзақ жылдар өмір сүріп, атадан балаға мұра ретінде қалып келе жатқан жасампаз құбылыс.
Мақал-мәтелдердің семантикасына жасалынатын талдау дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық сипатты ашуға мүмкіндік береді. Әрине, мақал-мәтелдегі дүние бейнесінде адамды бағалау мен сипаттау құбылыстары образды-экспрессивтік және субъективтік бағалау формалары арқылы іске асырылатыны белгілі. Сондықтан да дүниенің тілдік бейнесін сомдауда мақал-мәтелдің атқаратын рөлі ерекше.