Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Олжас Сүлейменов – филолог, зерттеуші


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Қазіргі заманымыздың заңғар қаламгерлерінің бірі - Олжас Сүлейменов 7
1.1 Олжас Сүлейменов- ақын, публицист 7
1.2 Олжас Сүлейменов өлеңдерінің астары 19
1.3 Өрліктен туған ерлік 23
2 Көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет қайраткері - О.Сүлейменов 29
2.1 Олжас Сүлейменов кинодраматург, зерттеуші ғалым 29
2.2 Олжас Сүлейменов поэзиясындағы Абай дәстүрі 34
2.3 Қазақ ақыны Олжас Сүлейменов- екі әдебиеттің төл перзенті 39
2.4 Олжас – ұлтымыздың ар-ұяты һәм намысы 42
2.5 Олжас Сүлейменов –халықтың баласы 54
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 60

Кіріспе
«Қазақтың ақыны Олжас Сүлейменов орыс тілінде жазғанына қарамастан, бүкіл болмысымен қазақ ақыны, атам заманнан бері үміт-арманымен ұштастырып келе жатқан асқақ рухты өз халқының адал перзенті».
Зерттеудің өзектілігі. Олжас Сүлейменов тұрмыстық , географиялық, этикалық, эстетикалық, тарихи байланыстардың жанды айғағы. Олжас Сүлейменов жайында жазу оңай емес, қиын. Біріншіден, Олжастың әдебиеттегі асқақ орнын қалың қауым менсіз де жақсы біледі. Екіншіден, оның шығармашылығы туралы айтылған пікірлерді, жазылған еңбектерді жинақтаса, қаншама кітап боларлық алуан сырлы материалдар бар. Үшіншіден, Олжас өте күрделі, қырғызша айтсақ, оқырманның тісі бата бермейді. Мәселен, Ленинградтағы екі бірдей орыс ақынның «Олжас Сүлейменов өлеңдерін кейбір тұста түсіне алмай қаламыз» дейді.

1 Қазіргі заманымыздың заңғар қаламгерлерінің бірі - Олжас Сүлейменов
1.1 Олжас Сүлейменов- ақын, публицист
Олжас Сүлейменовтың бір томдық өлеңдер жинағының мұқаба қаптамасында ақынның жалаңбас түскен тамаша суреті көзіңе оттай басылады: ат жақты, жазық маңдай, қара шашы керме қасына толқындана төгіліп, қара көздеріне қап-қара жалын ойнайды. Келбетінде дүниенің бар сұлулығы мен бар қасиетін жанымен ұққан кемел ақыл, керемет құштарлық бар. Олжас Сүлейменовтың бітімі қазақтың тұңғыш оқымысты-жиһанкезі, тұңғыш фольклоршы, әдебиетшісі Шоқан Уәлихановқа ұқсайды. Олжастың бойында «Шоқанға тән» басқа да қасиеттер де жоқ емес. Ол өзінің туған халқы дегенде ішкен асын жерге қояды.

1.2 Олжас Сүлейменов өлеңдерінің астары
Олжас Сүлейменовтың шығармашылығы қазақ әдебиетiнiң жетiстiгi деп бағалауға болады. Себебi, Олжастың шығармашылығы қазақ әдебиетiне аса қатысты. Орыстың тiлi қазақ тiлi сияқты бай тiл, ол – әлемдiк тiлдердiң бiрi. Дегенмен осы ұлы тiлде жасалған әдебиет. Олжас орыс тiлiнде қазақ тақырыбын жырлаған үлкен ақын. Қазақтың рухын көтерген адам. Бiрақ, қазақтың орыс тiлдi әдебиетiнiң көшбасы, қазақтың үлкен тұлғасы, мақтанышы екенi даусыз. [10.19.]. Ол – қазақ халқының iргелi, қабырғалы тұлғасы. Оған дау жоқ. Сондықтан, сұраққа қайта оралсақ, Олжастың рухын ғана нағыз қазақ дер едiм.

2 Көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет қайраткері - О.Сүлейменов
2.1 Олжас Сүлейменов кинодраматург, зерттеуші ғалым
Олжас Сүлейменов қазақтың кино өнерін дамытуға да үлкен үлес қосты, оның сценарийі бойынша "Бабалар жері", "Көгілдір маршрут" (1967 ж.), "Қыс-қысылшаң мезгіл" (1972 ж.), "Мұхтар Әуезов туралы сөз" (1979 ж.), "Соңғы өткел" (1982 ж.), "Үндістан сазы" (1984 ж.), "Жастық шақ заставасы" (1984 ж.) кинофильмдері түсірілді. [18.6.].
Олжас-кезінде “Қазақфильмнің” бас редакторы, кейін Қазақстан Кинематографистер одағының басшысы, кейін Мемлекеттік кинокомитеттің төрағасы болғандығын білеміз. Бірнеше фильм сценарийінің авторы.

2.2 Олжас Сүлейменов поэзиясындағы Абай дәстүрі
Халқымыздың ғасырлар бойғы тарихын санасынан өшіріп, ата-салтынан айнып, дәстүрді аяқасты етуін, яғни мәңгүртке айналуын көздегендердің бірі – отаршылдық саясатты ұстанған патшалық Ресей, екіншісі – осы саясатты жалғастырған Кеңес өкіметі еді. Абай мен Олжас ақынның қалам ұстаған уақыты Қазақстан тарихындағы күйзелісті, аласапыран заман болатын. Екі тұлғаның да шығармашылығы өз заманындағы рухани өмірге қозғау салған, сілкініс әкелген құбылыс болды. «...Абай отаршылдықтың қалың түнегі әбден тұмшалап басып алған, санада саңылау қалмай бара жатқан кезді көріп қан жылап қасірет шекті... Абай ой азат болмай, бой азат болмайды деп ұқты. Қазақтың көзі ашылмай, өз жолын, таба алмайды деп білді. Ол, ең алдымен, рухани бодандықтан азат болу үшін күресті».

2.3 Қазақ ақыны Олжас Сүлейменов- екі әдебиеттің төл перзенті
“Әлемде бір ұлт өкілінің екінші тілде жазып, сол ұлт әдебиетінің өкілі болып кеткен мысалдары аз емес. [24.13.]. Мысалы, молдаван Антиох Кантемир орыс поэзиясының бастауында тұрған тұлғалардың бірі саналады, поляк Юзеф Теодор Конрад Коженевский болса Джозеф Конрад деген атпен ағылшын прозасының шебері ретінде мәлім, тағы бір поляк азаматы Гийом Альбер Владимир Александр Аполлинарий Костровицкий француз поэзиясының даңқын Гийом Аполлинарий деген атпен шығарған, украин Николай Васильевич Гогольдің туындылары орыс прозасының мақтанышы, тіпті бертінге түссек Булат Окуджаваның да, Фазиль Искандердің де жазғандары орыс әдебиетінің игілігі делінеді… Алайда, ұлттық әдебиет ұғымын екшеудің классикалық өлшемдері солай сөйлей тұрғанмен, ешкім де орыс тілінде жазатын Олжас Сүлейменов жырларын орыс әдебиетіне теліп көрген емес.

2.4 Олжас – ұлтымыздың ар-ұяты һәм намысы
Олжастың есімі халқымен біте қайнасады, бірге тұтасады. Ақын өз тағдырын, ақындық мұратын елінен, туған жерінен ешқашан бөліп қараған емес. Олжас – алдымен ақын. Оның қай-қай өлеңінен де бағзы бабалардың кемеңгерлігін, жыраулық даңғылдығын, шешендігін, айтқыштығын, ілгеріні болжай алатын сәуегейлігін айна қатесіз танисыз. [26.8.].
Әсіресе ақ өлең үлгісіндегі түнгі шалғынға тұяғын сүрткен сәйгүлігі (“Азия алауы”), ат дүбірін түсінде сезініп, ұйықтап жатып жойқын жортуылда жүретін баба рухы (“Аян берген түн”), “Жолы ауыр Асан туралы”, “Назым Хикметтің өлімі”, тіпті 80-жылдар басында кеңестік оқырманды қалың ұйқысынан сілкіп оятқан “Игорь жасағы туралы жыр” дастанының түп тамырына үңілген “Аз и Я” кітабы орысша жазылса-дағы, қазақ иісі аңқып тұрған, қалың елін мақтаныш сезіміне бөлеген айтулы шығармалар – әлгі айтқандарымыздың айқын куәсі. [26.12.].

2.5 Олжас Сүлейменов –халықтың баласы
Олжастың төңiрегiнде бүгiнде көп әңгiмелер айтылып жүр ғой. «Орыс тiлiнде жазады», «қазақ әдебиетiне кiре ме, кiрмей ме?» деген сияқты әңгiмелердi де жиi естимiз. Қазақ тiлiнде жазғаны да дұрыс шығар, бiрақ, Олжас – ұлы ақын. Кезiнде, яғни Кеңес үкiметiнiң қайнап тұрған уақытында бүкiл әлемге танымал болған адам кiм? Ол – Олжас. Сол кездегi Олжастың айтқан сөздерi бүкiл әлемге тараған. Оны мойындауымыз керек. Айталық, «Адамға табын, Жер ендi» поэмасы мен «Аз и Я»-сы, «Қыш» кiтабы, «Жазудың сиқыры» сияқты еңбектерiнiң орны ерекше.

Қорытынды
«Қазақтың ақыны Олжас Сүлейменов орыс тілінде жазғанына қарамастан, бүкіл болмысымен қазақ ақыны, атам заманнан бері үміт-арманымен ұштастырып келе жатқан асқақ рухты өз халқының адал перзенті. Олжас Сүлейменов тұрмысты, географиялық, этикалық, эстетикалық, тарихи байланыстардың жанды айғағы». Олжас Сүлейменов жайында жазу оңай емес,-қиын.
Біріншіден, Олжастың әдебиеттегі асқақ орнын қалың қауым менсіз де жақсы біледі.
Екіншіден, оның шығармашылығы туралы айтылған пікірлерді, жазылған еңбектерді жинақтаса, қаншама кітап боларлық алуан сырлы материалдар бар.