Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 74 стр.

Год: 2009

Предварительный просмотр

Халиял Досмухамбетұлы өмірі мен қоғамдық саяси жөне ағартушылық қызметі


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Ғалым Халел Досмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығы хақында шағын шолу 12
1.1 Халел Досмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығының негізгі кезендері 12
1.2 Халел Досмұхамедұлының өскен ортасы мен тұлға ретінде қалыптасу жолы 25
1.3 Белгілі қоғам қайраткерінің дәрігерлік және ұйымдастырушылық қызметі 31
2 Қоғам қайраткері Халел Досмұхамедұлы және Алаш қозғалысы 52
2.1 Халел Досмұхамедұлының саяси қызметі 52
2.2 Халел Досмұхамедұлы – ұстаз, ағартушы- ғалым, мемлекет қайраткері және саяси қуғын- сүргін құрбаны 61
2.3 Қазақ ұлттық интеллигенциясының ірі тұлғасы Халел Досмұхамедұлының ұрпақтары 65
Қорытынды 72
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 74

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміздің тарихында өткен ғасырдың басында болған ірі дүрбелең оқиғалар мен төңкерістер қоғамдық – саяси дамуға үлкен өзгерістер әкелді. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы, 1917 жылғы Ақпан және Қазан революциялары, оларға жалғасқан азамат соғысы қоғамның саяси өмірінде түбірлі өзгерістердің орын алуына әсер етті. Бұл жәиттар қоғамның саяси өмірінде түбірлі өзгерістердің орын алуына әсер етті. Бұл оқиғалар алдымен ХІХ-ХХ ғасыр тоғысында қалыптасқан ұлттық- демократиялық интеллигенциясының саяси күреске араласып, ел мен жер тағдырын тереңнен ойлап, осы бағытта нақтылы әрекеттер жасауларына ықпал етті. Осынау аласапыран заманда қазақ зиялылары жаңа қоғам құру сәті келгенін айқын түсініп, ұлттық намысты оятып, халықтың арасында отарлық езгіге қарсы саяси хал- ахуал қалыптастыруды ойластырды.

1 Ғалым Халел Досмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығы хақында шағын шолу
1.1 Халел Досмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығының негізгі кезендері
Біздің қоғамдық ой санамызда күні кешеге дейін бір топ дара тұлғаларды, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлерін «алыптар тобы» деп айырықша атау, оларды көптеген рухани игіліктеріміздің, «негізін салушы», «іргетасын қалаушы» ретінде насихаттау, марапаттау орын алып келген-ді. Шын мәнінде, олардың шәкірт буын екндігін, бұрынырақ, алдаында сәуле шашып, жол нұсқаған ұстаздар тоба – «алыптардың да алыбы» болғандығын біліп-танып, қауышып-танысып жатқанымыз соңғы жылдардың бедері ғана. Ешбір «алыптық» баға-дәреже талайы маңдайына тар келмейтін данагөй Мұхтар Әуезовтың өзі: «Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, оқыған азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса мағыналырақ, тәуір күндерінің бірі деп саналады. ...Біз ол күнде мектеп ішінде жүрген бала едік», - десе, міне, осы ұлы көштің басында тұрған Әлихан Бөкейханов пен Бақытжан Қаратаев сынды аға буын қайраткерлер мен олардың ізін баса шыққан Ахмет пен Міржақып, Халел мен Жаһанша, Мұстафа мен Мұхаметжан, Шәкәрім мен Ғұмар, Мағжан мен Жүсіпбек һәм басқа да біртуар арыстарымыздың әрқайсысы- бір-бір шың, ұлт тарихы мен мәдениетінің алтын қазықтары [14, б.22].

1.2 Халел Досмұхамедұлының өскен ортасы мен тұлға ретінде қалыптасу жолы
Елең алаңда Қарабаудан шыққан қос салт атты Тайсойған құмын бетке алып, сар желіп келеді. Көктемгі саф, таза ауа ат үстіндегі қос жолаушының көңілін сергітіп, рахат сезімге бөлейтін тәрізді.
Тайсойғанның биылғы ажары бөлек. Көл мен көлдеулері, тіпті шағыл арасындағы ой-шұңқырларға дейін қар суына шүпілдей толып, құс біткеннің базарына айналған ызы-шу. Көк майсалы тоғай көлдеулеріндегі қыр гүлдері-сарғалдақ пен қызғалдақ көздің жауын алады. Енді бірер күнде құм ішінде қазоты мен ажырық, алабота, қырықбуын, таспа жоңышқа сияқты малға құнарлы шөптер де дүр етіп қаулай жөнелгелі тұр. Тайсойған құмын қақ жарып тоғыз бұралып ағатын Жарыпшыққанның суы да арасынан асып, құмға жайылып кетіпті [22, б.19].

1.3 Белгілі қоғам қайраткерінің дәрігерлік және ұйымдастырушылық қызметі
«Куәлік осы дәрігер Халел Досмұхамедұлына беріледі... Қазақ ұлы, Орал облысы, Гурьев уезінің тұғыны, 1883 жылы сәуірде туған, Әскери-Медицина Академиясының курсын 1909 жылы 17 қарашада үздік дәрежелі емші атағымен бітіреді».
Қолындағы куәлікті қайта-қайта оқып тұрып, ине-жіптен жаңа шыққан сыптай әскери формасы өзіне құйып қойғандай сымбатты қара торы жігіт 6 жыл дәріс алған сүйікті академиясының зәулім үйіне көз тастады. Бала кезден аңсаған арманы бүгін орындалғандай, бүгін ғана қолы жеткендей тұла бойын қуаныш кернеді. Сонау қиыр шеттегі Тайсойған құмының ішіндегі туған ауылы көз алдына елестеді. Өткен жылғы ауыр індеттен әкесі мен ағасынан қатар айырылып, тіке келген ауруға қарсылық көрсете алмағанына әлі өкінетін сыңайлы, жанары кіреукеленіп, қабағын шытты [24, б.80].

2 Қоғам қайраткері Халел Досмұхамедұлы және Алаш қозғалысы
2.1 Халел Досмұхамедұлының саяси қызметі
Халел Досмұхамедов – халқымыздың біртуар перзенті, қоғам қайраткері. Ол талантты, көп қырлы әмбебап ғалым.
Халел Досмұхамедовтің сан қырлы еңбегінің үлкен бір саласы оның қоғамдық – саясижәне мемлекеттік қызметі болып табылады. Халекең қызметінің бұл қырын Қазақстан жұртшылығы осы күнге дейін жетік білмейді, ал білгендері тарихи шындыққа сай келе бермейді. Мұны қызметінің ең алдымен Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің тарихымен, жалпы алғанда соңғы 60 жылдай уақытбойы тарихы құпияда жасырын болып келген Алашорда қозғалысымен тығыз байланысты болғандығында. Сондықтан да оның қоғамдық – саяси және мемлекеттік қызметін xx ғасырдың басында қалыптасқан және кейін ұлттық – демократиялық Алаш қоғамдқы қозғалысын дүниеге клтірген, 1917 жылы Алаш автономиясын және оның үкіметі – Алашорданы құрған қазақ зиялыларының іс - әрекеттерінен бөліп қарауға болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, Халел Досмұхамедовтің осы саладағы қызметі xx ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірінің құрамдас бөлігі болып табылады [33, б.15].

2.2 Халел Досмұхамедұлы – ұстаз, ағартушы- ғалым, мемлекет қайраткері және саяси қуғын- сүргін құрбаны
Диплом жұмысының екінші тарауында Халел Досмұхамедовтың 1 және 2 жалпы қазақ съездеіне және Орал облыстық съездерін өткізудегі белсенділігі, Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысуы. Алаш партиясын, Алашорда үкіметін және Алашорданың батыс бөлімін құрудағы атқарған қызметі мен рөлі баяндалады.
1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңіске жетіп, патшаның тақтан құлатылуы Ресей империясының құрамына орталық езгіден жапа шеккен халықтардың ұлттық- азаттық қозғалыстарының өрістей түсуіне ықпал етті. Азаттық, теңдік пен бостандық деген жиі қайталанды. Елдің аузында «бостандық» деген сөз көп естіліп, халықтың жеке топтары саясатпен айналыса бастады.
Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Бірақ негізгі, ресми билік Уақытша үкіметтің қолында болды, себебі ол өзінің жергілікті органдарын ұйымдастыруға заңды құқықа ие еді.

2.3 Қазақ ұлттық интеллигенциясының ірі тұлғасы Халел Досмұхамедұлының ұрпақтары
Халел Досмұхамедұлының әкесі Досмұхамед Машақұлы 1850 жылы туған. Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Тайсоиған құмындағы 13-ауыл Досмұхамедтің мекені. Ескіше хат таныған, көзі ашық көкірегі ояу Досмұхамедтің қатардан қалмайтын ортадан жоғары дәулетті болған. Ол балаларының білім алғанын қалап, жиған-тергенін аямады, Халел Санкт-Петербург әскери акадеимясын бітіретін 1909 жылы 59-ға қараған жасында ауырып дүние салды.
Анасы Әйкен бәйбіше ұзақ жасап, балаларының өсіп-өнгенін көріп немере- шөбере сүйген бақытты жан. Ол 1931 жылы 93-ке келіп, кіші ұлы құлымжанның қолында қайтыс болды. Шешесі Әйкеннің ескі әңгімені көп білетін шежіре адам болғанын, Тайсойғанға қатысты көп тарихқа сол кісі арқылы қаныққанын Халекең балаларына жиі айтып отырады екен.
Біз білетін деректе Досмұхамед пен Әйкен 1 қыз, 4ұл сүйген. Әрине, ол кезде сәбидің ерте шетінеуі көп болған, сондықтан да біз келтіріп отырған дерек дәл болмауы да мүмкін [43, б.32].

Қорытынды
Халел өмірі, қоғамдық- саяси жіне ағартушылық қызметі өткен ғасырдың 20-30 шы жылдарында қызмет еткен қазақ қайраткерлерінің тағдырына ұқсайды.
ХХ ғасырдың басында болған алғашқы орыс ревалюциясы, империяны дүр сілкіндірген толқулар, ел ішіндегі өршіген саяси белсенділік Халелдің саяси көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етті.
Петербург әскери –медициналық академиясында оқып жүрген курсант Халел Ресейдегі әр түрлі саяси партиялардың бағдарламаларымен танысады. Сол партиялардың бағдарламаларында Ресей құрамындағы қазақтар саясаты бұратана халықтар жайлы ештеме айтылмағандықтан Халел сиқты қазақ жастарын қанағаттандырмады. Осы кезден бастап Халелдің сана- сезімінде юодандықтың ащы азабын тартқан қазақ халқын тәуелсіздікке жеткізсем ой араман қалыптасыт. Патшаны құлатқан Ақран төңкерісі осы ойды айқындай түсуге ықпал етті. Осы жағдайда қазақ зиялылары жаңа қоғам құру сәті келгенін түсініп, саяси күрес жолына шықты. Халелдің төрағалығы және орынбасарлығымен өткен 1 және 2 Жалпықазақ съездері нәтижесінде Алаш партиясы және Алашорда үкіметі құрылды. Елде азамат соғысы басталып кетіп, Алашорда саяси бірлігінен айырылған соң, Халел және Жаһаншаһ Досмұхамедұлдары Алашорданың Батыс бөлімін құрды. Азамат соғысында жеңіске жеткен большевиктер Алашорданы күштеп таратты. Халел басқа да Алаш қайраткерлерімен қатар кеңестік жүйе қызметіне тартылды.