Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 82 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының президенті мемлекет басшысы


Мазмұны
Кіріспе 3
І тарау. Қазақстан Республикасының президенті институтының тарихи қажеттілігі 6
1.2 Президенттің құқықтық мәртебесі 13
1.3 Президентті сайлау және оны лауазымынан кетіру тәртібі 17
ІІ тарау. Президенттің конституциялық өкілеттіктері 26
2.1 Қазақстан Республикасы президентінің құқық шығармашылығы 30
2.2 Президент әкімшілігі және басқа органдар 37
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы 40
IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат 57
Қорытынды 79
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 82

Кіріспе
Тақырыбың өзектілігі: Қазақстан халқы елдің дамуының стратегиялық міндеттерін, ағымдағы басымдықтарын, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттары туралы маңызды хабарлар мен ақпараттарды ең алдымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың аузынан естуге әдеттеніп қалды. Оның дәлелі Президенттің әр жылда жасайтын Қазақстан халқына Жолдауы. Биылғы Қазақстан халқына жасаған 11-ші Жолдауда ел үмітін ақтады. Онда нақты мақсаттар мен міндеттер күн тәртібіне қойылған. Оның мәнін Жолдаудың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деген атауы ашып тұр.
Транзиттік даму кезеңінен өтіп, қалыпты эволюциялану жолына түскен ел алдында қазір өзінше күрделі міндеттер тұр. Нарықтық экономика жасалынды, жаңа саяси жүйе өмірге келді.

І тарау. Қазақстан Республикасының президенті институтының тарихи қажеттілігі
Қазақстанда биліктің жаңа түрі - президент институты елдің терең экономикалық және әлеуметтік, саяси дағдарысы жағдайында қалыптасты. Әсіресе, экономикалық дағдарыс салдарының ел халқының 50 пайыздан астамы кедейшілік және қайыршылық деңгейіне түсті. Бұрынғы социалистік жоспарлы экономика мен әкімшілдік-әміршілдік жүйе дағдарысты еңсеруге мүддем қауқарсыз болып шықты. Елде этностық қозғалыстар басталып, солтүстік жөне шығыс облыстарда сепаратизм қаупі анық байқауды.

1.2 Президенттің құқықтық мәртебесі
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында Президент туралы тарау Жоғарғы Кеңес туралы тараудан кейін орналастырылды. Ол Жоғарғы Кеңестің кең өкілеттік берілген бірден-бір заң шығарушы және жоғары уәкілетті орган ретінде танылғандығын білдіреді. Конституция мемлекетті парламенттік республика құруға бағыттады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші орынға Президентті койды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесінің орнықтырылғаны туралы Конституциялық қағиданы бекітті.

1.3 Президентті сайлау және оны лауазымынан кетіру тәртібі
Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Конституцияға (41-бап) және Президенттің «Сайлау туралы» Жарлығына сәйкес белгіленген.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент болып жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Президент сайлауының баламалығын Конституция көрсетпейді. Бұл принцип Президенттің «Сайлау туралы» заң күші бар Жарлығында бекітіледі.
Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғары лауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек. Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде 40 жасқа толған азаматының сайлана алатындығы белгіленді. Көптеген елдерде Президенттікке кандидатқа жас шектеуі қойылмаған.

ІІ тарау. Президенттің конституциялық өкілеттіктері
Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізілімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіктер берілген.

2.1 Қазақстан Республикасы президентінің құқық шығармашылығы
1990 ж. 24 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР президентінің қызметін құру және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Қазақ КСР Конституциясына «Қазақ КСР Президенті» деген жаңа 12-тарау енгізілді. Президент Қазақ КСР-ның басшысы болып танылды. Президентке құқық шығармашылығына тікелей қатысты бірқатар өкілеттіктер берілді. Оларды атап өтейік:

2.2 Президент әкімшілігі және басқа органдар
Конституцияға сәйкес Президент Әкімшілікті қалыптастырады. Әкімшілік Президенттің стратегиялық ұстанымдарын қамтамасыз етуі тиіс. Президенттің әкімшілік құрылымы осынысымен ерекшеленеді.
Президент Конституцияға сәйкес Қауіпсіздік Кеңесін (ҚК), Жоғарғы Сот Кеңесін және өзге консультативті-кеңесші органдар құрады. Қауіпсіздік Кеңесі туралы Ереже 1996 жылғы 8 желтоқсанда Президент Жарлығымен бекітілді. Ол қорғаныс қабілетін және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың, құқықтары мен бостандықтарын, тәуелсіздікті және республиканың аумақтық тұтастығын қорғау саласында бірыңғай саясат жүргізу үшін құрылды. Оның міндетіне: мемлекеттік мүдделерді, оның негізгі бағыттарын белгілеу, оны жүзеге асырып, қорғау; ұлттық қауіпсіздікке төнетін ішкі және сыртқы қауіп-қатерді анықтап, оның жолын кесу, Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасын, ұсыныс, нұсқауларын әзірлеу кіреді.

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы
Президент Назарбаев Н.Ә. Конституциялық реформаларға сәйкес «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып сайланды. 2008 жылы 17 қаңтарда Республика Президенті– «Нұр Отан» ХДП төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда Елбасымыз, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отанның» дамуындағы жаңа белес басталғандығын жария етті. Бұл отырыс партияның 2007 жылғы 18 тамыздағы Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауынан кейін алғаш өткен ірі саяси оқиға болды. Конституцияға сәйкес Үкімет «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыруға жауап береді. Осыған орай Үкімет партияның 008–2012 жылдарға арналған халықтық тұғырнамасын жүзеге асырудың жоспарын ұсынды. Осы жоспар партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында талқыланып қабылданды.

IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат
2008 жылы 6 ақпанда Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл–ауқатын арттыру–мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауын жариялады.
Президенттің биылғы жылғы Жолдауы ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан–2030» даму Стратегиясынан бастау алатын, еліміздің жақын жылдарғы дамуын болжайтын бағдарламалық құжат. Бұл Жолдау бұған дейінгі Елбасы Жолдауларының заңды жалғасы болып табылады.
Президент Жолдаулары ішкі логикалық тұрғыдан, сыртқы мазмұны жағынан да бірін–бірі жалғастырып, толықтырып және нақтылап жатады.
Елбасының 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деп аталған еді.

Қорытынды
Елдің экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани жаңаруының өзекті мәселелерінің ойдағыдай шешілуі Президенттің сол мәселеге қатысты ұстанымы мен белсенділігіне келіп тіреледі. Елдің атқарушы билігі толықтай Елбасының стратегиялық мақсаттарын орындауға жұмылған. Биліктің заң шығарушы жөне сот тармақтары әлі де болса президенттік саяси атқарушы билік тармағымен теңесе алған жоқ. Қазіргі кезеңде елдің билік жүйесінде президенттік биліктің нақты басымдығы бар ахуал қалыптасты. Қазақстандағы президенттік биліктің басымдығына елдің саяси жүйесінің дамуының объективті үрдістерінің өзі әкелді. Биліктің даму логикасына жауап ретінде елдің басқарушы элитасы президенттік билікті заңдастыруға қол жеткізді.