Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 16 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазіргі кезеңдегі АҚШ-ң сыртқы саясатының концептуалдық негізі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазіргі кезеңдегі АҚШ-тың сыртқы саясатының концептуалдық негізі 8
1.1 Қазіргі жаңа әлемдік саясаттағы АҚШ-тың ықпалы 8
1.2 Дж.Буш сыртқы саяси стратегиясының басым бағыттары 16

Кіріспе
Өзектілігі. XXI ғасыр келсе де, Америка Құрама Штаттары әлемде ұлы держава болуын тоқтатпады. Батыс саясаты мен кеңес тарихи ғылымында әсіресе қазіргі тәуелсіз мемлекеттер үшін американдық сыртқы саясаттың құралы болу проблемасына ерекше көңіл бөлінеді, және ол күні бүгінге дейін өзектілігін жойған емес.
«Қырғи-қабақ соғыстың» аяқталған уақытында әлемде бір ұлы держава ғана қалды. «Қырғи-қабақ соғыста» КСРО-ның күйреуін мойындаған уақытта, АҚШ өзін екі жүз әлем мемлекеттері арасында өзін жалғыз саяси көшбасшы ретінде сезінді.

Жұмыс құрылымы:
Жұмыс құрылымы зерттеудің мақсатына бағынады және қойылған міндеттемелерді көрсетеді. Жұмысқа кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер кіреді.
Бірінші тарауда «Қазіргі кезеңдегі АҚШ-тың сыртқы саясатының концептуалдық негізі» АҚШ сыртқы саясатының негізгі аспектілері, мақсаттары және бағыттары көрсетілген, және де жаңа әлемдік тәртіптің құрылуындағы АҚШ-тың рөлі туралы айтылады.
Екінші тарауда «АҚШ-тың сыртқы саяси мүдделерінің аясындағы Қазақстан» қазақстандық-американдық қатынастардың тарихы суреттеледі, және де Қазақстандағы АҚШ-тың сыртқы саясатының негізгі векторлары талданған (экономикалық, саяси, әскери).
Дипломдық жұмыстың қорытындысында зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары көрсетіледі.

І тарау. Қазіргі кезеңдегі АҚШ-тың сыртқы саясатының концептуалдық негізі
1.1 Қазіргі жаңа әлемдік саясаттағы АҚШ-тың ықпалы
Қазіргі таңда жаңа әлемдік тәртіпті орнатудың және құрастырудың өзіндік жолы бар. АҚШ – халықаралық қатынастардың ең маңызды қатысушылардың бірі болып табылады. Ешқандай күдік келтірмейтін осы бір жағдай көптеген зерттеушілермен қарастырылады. Агрессивтік унилатерализмдік құралды пайдалана отырып, АҚШ өзінің глобальдік көшбасшылығын сақтауда ұмтылуда. «Қырғи-қабақ соғыстан» жеңімпаз шыққан ұлы державаға әлемдік жүйені өз икеміне келтіру қолынан келіп жатыр ма екен? Ұлы державаның жолында қандай геосаяси қауіптер, экономикалық проблемалар әскери –стратегиялық кедергілер кездесуі мүмкін екен?
Әлемдік саясаттың динамикалық процесстері ХХ-Х1 ғасырлардың кезінде халықаралық қатынастардың бұрынғы құрылымын сапалы түрде басып тастады, әлемдік жер бетін танымастай өзгерте отырып , бір геосаяси қозғалыс екіншісінің артынан келіп отырды, ақылға сыймайтын оқиғалар келіп жатты. Бірақ шындығына келе, осы тенденциялардың кең ауқымды және көлемді сипаты 2001 жылдың 11 қыркүйектегі Нью-Йорк пен Вашингтонға жасалынған террористік шабуылдан кейін келді.[7,31]
АҚШ-тың қимылдарымен шақырылған тектоникалық процесстер, аймақтық ескі геосаяси жүйені бұзды. АҚШ-тың сыртқы саясаты - бұл әлемнің сыртқы толқуларына жауабы емес, бұл әлемді өз ыңғайына , көзқарасына қарай қалыптастыру болып табылады. Сондықтан американдық сыртқы саяси акциялар ерекше зерттеуді қажет етеді.

1.2 Дж.Буш сыртқы саяси стратегиясының басым бағыттары
ХХ ғ. соңында АҚШ ұзақ уақыт болашақта да әлемді бірполярлы боп қалады деп, өзінің саясатын жоспарлайды және жүргізеді, АҚШ-ты гегемон екенін ешқандай держава санаса алмайды (мемлекеттер тобы болса да) деп есептеді . Жаңа ғасыдың басталуы сыртқы саяси (геосаяси) концепцияның соңғы рәсімдеуімнн сәйкес келді, яғни бұл соңғы кезде “ Буш Доктринасы “ атауын алды.
“Буш Доктринасының“ пайда болуын террористік шабуылдан кейінгі уақытқа әкеледі. Терроризммен күрес қанша уақытқа созылуын қарамастан, әкімшілік қызметінің басты бағыты деп президент шешті. Ол былай деп мәлімдеді: “Біздің тарихымыздың алдындағы жауапкершілігіміз анық: осы шабуылдарға жауап қайтарып және әлемді зұлымдықтан құтқару. Кіші Дж.Буш өзінің мемлекет басшысы ретіндегі қызметін және Америка қызметін “ Құдай жоспары“ деп атады.[14,254] Өзіне және айналасындағыларға өзін ұлы державаның және ұлт – мессиясының көшбасшысы екендігін дәлелдеу сенімділік талпынысы өсіп жатты. 2001 ж. 20 қыркүйектегі Конгрессте сөз сөйлеуге дайындалып жатып, Вашингтонға Ұлыбританиядан келген премьер – министр Т.Блэрге президнет Буш былай деді: “Мен не айтқым келетінін, қалай айтатынын және не істеу керек екенін нақты білемін. Енді менің әрбір сөйлеген сөзім тарихи мәнісі болатынын түсінемін “ [4,35]