Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Әлеуметтік жәрдемақылардың басқа түрлері

Атаулы әлеуметтік көмек. Бұл – жұмыссыздарға арналған арнайы әлеуметтік көмек. Бұл төлемдер жұмыссыз ретінде тіркелген, отбасының адам басына шаққандағы табысы белгіленген мөлшерден аспайтын тұлғаларға белгілі бір мерзімде төленетін төлемдер.

Мүдделі тұлғалар жәрдемақының бұл түрін алу үшін өз атынан немесе отбасы атынан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға әлеуметтік жеке кодтың нөмірін көрсете отырып, белгіленген үлгідегі өтінішті бере отырып жолданады.
Өтінішпен бірге келесі құжаттарды да ұсыну қажет:

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі заңдары әрбір адамға ол қайтыс болған жағдайда оның еркін ескере отырып, жерлеуді кепілдейді. Ерік білдіру куәлардың қатысуымен ауызша нысанда не жазбаша нысанда көрініс табуы мүмкін. Қайтыс болған тұлғаның еркін орындаушылар болып ерік білдіруде көрсетілген тұлғалар (олардың келісімімен) табылады, ал олар болмаған жағдайда немесе олар бұдан бас тартқан жағдайда қайтыс болған тұлғаның еркін білдірушілер ретінде оның ері (зайыбы) немесе өзге де жақын туыстары не заңды өкілдері танылады.

Ішкі істер органдары жеке басын анықтай алмаған қайтыс болған адамдарды жерлеуді арнайы жерлеу мекемелері заңдарда анықталған мерзімдерде осы үшін арнайы бөлінген қоғамдық зираттар учаскелерінде жерлеу жолымен жүзеге асырады.