Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 9 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету


Жоспар
1 Қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету 3
1.1 Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық құқықтық нормалар 3
1.2 Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері 6
1.3 Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық - құрықтық актілер 9

1 Қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету
1.1 Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық құқықтық нормалар
Қоғамда пайда болатын қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл ретте қаржылық құқықтың әр түрлі нормалары қолданылады.
Қаржылық құқық - бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің және басқа экономикалық субъектілердің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану үдерісінде пайда болатын қаржылық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржылық қатынастарға жататын жеке бағыттар бойынша: бюджеттік құқыққа, салықтық құқыққа, шаруашылықтық құқыққа межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыным тұрысында жалпы ақшалай қатынастар ретінде баян етілуіне байланысты қаржылық кұқыққа сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банктік құқықты, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдер де кіріктіріледі.

1.2 Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақшалай қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылау функциясы болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық кызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктерімен анықталады. Мемлекет әр түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай-ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақшалай қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджеттік ресурстарды, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық қаражаттарды жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.
Сол немесе өзге функциялардың мазмұнына, рөліне және іс-әрекетінің ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару (атқарушы - жарлықшы қызмет) түрінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік биліктің жоғары органы - Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекеттік биліктің жер-жердегі органдары депутаттардың жиналысы мәслихаттар.Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы - жарлықшы қызметті Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті жерлерде басшылар (әкімдер) және жергілікті әкімшіліктердің аппараты жүргізеді.

1.3 Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық - құрықтық актілер
Қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар өзінің өкілеттікті шегінде қаржылық ресурстарды жұмылдыру, болу және пайдалану, оларды жұмсауға бақылау жүргізу, қаржы жоспарларын және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау жөніндегі қаржылық қатынастарды реттейтін, сонымен бірге бұл қатынастардың қатысушыларына басшылық ететін белгілі бір қаржылық құқықтық актілерді қабылдайды.
Қаржылық құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар уәкілетті органдардың олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржылық құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқтатылуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржылық құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.