Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жасырын қылмыстылық

Тип: Баяндама

Объем: 16 стр.

Полный просмотр работы

Жасырын қылмыстылық

Жоспар
1. Қылмыстылық ұғымы және негізігі белгілері 3
2. Қылмыстылықтың сандық және сапалық сипаттамасы 6
3. Жасырын қылмыстылық 10
Ұсынылатын әдебиеттер 16

1. Қылмыстылық ұғымы және негізігі белгілері
Таптық қоғамда пайда болған қылмыстылық тиісті бір қоғамдық қауымдастықта өзіне тән нысандарға ие болды. Қылмыстылық қоғам үшін объективті түрде ғана қауіпті емес, гуманистік қағидаларға кереғар әлеуметтік үрдіс болып табылады.
Таяудағы уақытқа дейін арнаулы әдебиеттерде қылмыстылық тиісті бір мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстардың жиынтығынан қалыптасатын жаппай бұқаралық, тарихи, өзгермелі, әлеуметтік қылмыстық-құқықтық сипатқа ие таптық қоғамдағы құбылыс деп түсіндіріліп келді.
Тіпті, «қылмыстылық» өзінің құрамына әралуан күтпеген, кездейсоқ, төтенше құбылыстар жиынтығын топтастыратын болғандықтан, оның жалпы ұғымына күдіктер білдірілгені де ақиқат.

2. Қылмыстылықтың сандық және сапалық сипаттамасы
Қылмыстылықтың сандық және сапалық қасиетермен сипатталады. Қылмыстылықтың сандық көрсеткіштері деңгейі мен қозғалысы (динамикасы) болып табылса, сапалығы – оның құрылымы болып табылады. Бұл көрсеткіштер бір-біріне байланысты әрі бір біріне бағынышты. Осылардың біреуі өзгерсе жалпы қылмыстылықты тұтастай өзгеріске ұшыратады.
Қылмыстылықтың бәріне бірдей сипаттама – олардың жай-күйі.
Қылмыстылықтың жай-күйі – бұл белгілі бір аумақта, белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың сандық көрсеткіші.

3. Жасырын қылмыстылық
Статистика нақты қылмыстылық туралы толық мәліметтер келтіреді, өйткені оның көлеңкесінде осы әлеуметтік құбылыстың жасырын жағына қатысы бар кейбір қылмыстар тіркелуге ілікпей қалып, жасырын қылмыстарды құрайды.
Жасырын қылмыстылық – бұл нақты бір жерде және уақытта әшкереленбей немесе қылмыстық статистикаға тіркелмей қалған қылмыстар мен оларды жасаушы адамдардың жиынтығы.

Ұсынылатын әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заңы // Егемен Қазақстан. 1998. 3-шілде.
2. Аликперов Х. Д., Расулов Р. И. Понятие и причины латентной преступности. – Баку. 1989.
3. Антонян Ю. М., Бородин С. В. Преступность и психические аномалии. – М., 1987.
4. Бабаев М. М. Социальные последствия преступности. – М., 1982.
5. Бышевский Ю. В. Испол,зование показателей, характеризующих преступность в деятельности органов внутренних дел. – Омск, 1983.
6. Каиржанов Е. И. Криминология ( Общая часть ). – Алматы, 1995.
7. Кларк Р. Преступность в США. – М., 1975.
8. Ковалкин А. А. Латентная преступность и ее выявление ОВД. – Киев, 1985.
9. Криминология / Под ред. В. А. Коробейникова және бас алар – М.,1988.
10. Криминология / Под ред. В. Н. Кудрявцева және В. Е. Эминова. – 1995.
11. Криминология и профилактика преступлений / Под ред. А. И. Алексеева. – М., 1989.