Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары
Жоспар
1 Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары 3
1.1 Мемлекеттің халықаралық саудадағы рөлі 3
1.2 Протекционизм: мәні және формалары 4
1.3 Сауда саясатының сипаты және халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері 6
1.4 Сыртқы сауданы реттеудің бейтарифтік әдістерінің негізгі түрлері 12
Әдебиеттер 15
1 Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары
1.1 Мемлекеттің халықаралық саудадағы рөлі
Әр түрлі елдер жалпы әлемдік экономикада жалпы және оның жекелеген тауар рыноктарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әр бір қатысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс-әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жүргізеді. Халықаралық сауда саласында саясаттың негізгі екі түрі бар:
1.2 Протекционизм: мәні және формалары
Протекционизм - отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мүмкін. КҮШТІ шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.
1.3 Сауда саясатының сипаты және халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері
Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.
Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.
Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың мысалға мақта өндірісі мен тұтынуы жүзеге асырылады дейік.
Әдебиеттер
1. Киреев А.П. Международная экономика: В 2 ч.: Ч. 1: Международная микроэкономика: движение товаров и факторов производства. Учеб. пособие. М.: Междунар. отношения, 1997, 416 с.
2. Киреев А.П. Международная экономика: В 2 ч.: Международная макроэкономика: открытая макроэкономика и макроэкономическое программирование. Учеб. пособие. М.: Междунар. отношения, 1999. 488 с.
3. Кругман П., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика: Учебник для вузов/Пер. с англ. Под ред. В.П. Колесова, М.В. Кулакова. М.: ЭФ МГУ, ЮНИТИ, 1997. 799 с.