Этика санаттары
Адамның әлемді танудағы мораль тәсілдерінің ең жалпы және мәнді қырлары этика санатында көрінеді. Сондай-ақ санаттарда адамның әлемге деген мораль қатынасының негізгі түрлері көріністауып, адам және оның қызметінің маңызды мораль сипаттары жалпыланған. Санаттар адамзаттың тарихи дамуы барысында оның тәжірибелік қалыптастырушы қызмет нәтижесі ретінде қалыптасады.
Адаммен игерілген, жеке ұғыну санатына айналғандар белсенді әрекет ету күшу болып қалады: адамдарды қандай да бір әлеуметтік нормаға сүйенуге (жақсылық, игілік, мораль идеал), немесе объектілердің теріс ықпалынан безу (зұлымдық), не болмаса өз ішінде ішкі стимул мен қызметтің реттеушісін жасауға (ар, борыш, ұят) итермелейді.
Жалпылай алғанда, әлемтанушылық санаттар бірқатар нақты функцияларды атқарады:
Заңдық санат пен этика санаттары арасында әрқашанда тікелей диалектикалық байланыс болады. Құқықтың нормалары мен ізгіліктің нормалары жеке тұлғаның ары мен намысын қоғауға бағытталған. Құқықтың санаттары мен этика санаттары адаммен қылықты таңдап алуы кезінде бірін-бірі толықтырады.