Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері 5
1.1 Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі 5
1.2 Инвестициялық қызметті басқару 8
1.3 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты 11
2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау 15
2.1 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері 15
2.2 Инвестицияларды бағалау әдістерін тәжірибе жүзінде қолдану 16
2.3 Альтернативті инвестициялық жобаларды бағалау. 18
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24
Кіріспе
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару негіздеріне сүйене отырып, инвестициялық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдаулың бастапқы негіздерін игеру болып табылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқарудың негіздері, инвестициялық саясатты қалыптастырудың және жүзеге асырудың принциптері қарастырылады.
Екінші тарауда инвестициялар бойынша шешімдер қабылдаудың әдістері қарастырылып, оларды нақты тәжірибе жүзінде қолдану жағдайлары қарастырылады. әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын инвестициялық жобаларды талдау әдістері мысалдармен өрнектеле отырып
Үшінші тарау қазіргі таңдағы еліміздегі кәсіпорындардың инвестициялық қызметімен, белсенділігімен және олардың инвестициялық қызметін қаржыландыру ерекшеліктерімен байланысты мәселелері және оларды шешудің жолдарына арналады.
1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері
1.1 Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі
Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
1.2 Инвестициялық қызметті басқару
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:
- инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару – бұл инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;
- жеке инвестициялық жобаларды басқару – бұл қазіргі заман талаптарына сай әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды;
- жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару – бұл кәсіпорын тарапынан инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын бақылаумен сипатталады.
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың инвестицияларды басқару барысына толығырақ тоқтала кетелік (1.3-сурет).
1.3 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның ивестициялық саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады.
2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
2.1 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері
Инвестициялық сипаттағы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың негізінде болжамдалған инвестициялардың көлемі мен болашақ ақша кірістерінің көлемін бағалау және салыстыру жатады. Салыстыруға жататын көрсеткіштер уақыттың әр түрлі мезетіне жататындықтан, мұндағы өзекті мәселе оларды салыстыру болып табылады. Оларды салыстыру барысында көптеген объективті және субъективті факторларға көңіл аударылады: елдегі инфляция деңгейіне, инвестицияланатын қаражаттардың көлемі мен олардан келетін ақша ағындарына, инвестициялық жобаларды талдаушы маманның біліктілігіне және т.с.с.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау барысында қолданылатын әдістердің бірнеше түрі бар. Осы орайда, инвестициялық салымдарды талдаудың батыстық тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістеріне басты назар аударайық. Олар келесілер: болып табылады: 1) таза келтірілген табыс (NPV); 2) инвестициялардың тиімділік индексі (PI); 3) табыстылықтың ішкі мөлшері (IRR); 4) өтелімділік мерзімі (PP); 5) табыстың есептік мөлшері (ARR).
2.2 Инвестицияларды бағалау әдістерін тәжірибе жүзінде қолдану
Инвестициялық жобаларды талдау әдістерін тәжірибе жүзінде қолдану аса маңызды да күрделі жұмыс. Инвестицияларды бағалаудың әдісін дұрыс таңдай білу, соның нәтижесінде қажетті инвестициялық жобаларды іріктеп алып, оларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржы ресурстарын тарту, оларды тиімді орналастыра білу кәсіпорынның инвестициялық саясатының дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқандығының куәсі болса керек. Сол себепті де инвестициялық сипаттағы шешімдер қабылдау үшін талдау және бағалау көрсеткіштерін толық әрі жан-жақты қарастырған жөн.
2.3 Альтернативті инвестициялық жобаларды бағалау
Бірнеше жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі бар жағдайларда тек бір ғана жобаны қабылдау керек болатын жағдайлар кәсіпорындардың өмірінде көптеп кездеседі. Мұның себептері алуан түрлі болып келеді, алайда басты себеп – қолда бар қаржы ресурстарының жетіспеушілігі болып табылатыны.
Кәсіпорында қабылданған талдау әдісіне байланысты инвестициялық жобаларды таңдау да әр түрлі болып келетінін жоғарыда айтқан болатынбыз. Инвестициялық жобаларды талдау әдістерінің арасында өзара байланыс барын да білеміз:
егер NPV > 0, онда IRR > CC және PI > 1;
егер NPV > 0, онда IRR > CC және PI > 1;
егер NPV > 0, онда IRR > CC және PI > 1.
Қорытынды
Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының 2003-жылдың 8-қаңтарындағы «Инвестициялар туралы» Заңы
2. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998
3. Игликов Е., «Инвестиционный потенциал финансовых институтов Республики Казахстан: состояние и перспективы», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2005, №2
4. Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 1998
5. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002