«Сарыағаш» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі
Мазмұны
Кіріспе 3
І тарау. Қаржы жүйесі туралы жалпы түсінік 4
1.1 Қолдану саласына талдау 5
1.2 «Сарыағаш» ЖШС-ң қаржылық қызметінің талдауы 6
1.2 «Сарыағаш» ЖШС-нің өндірістік технологиясы туралы 8
1.2.1 ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың 9
1.2.2 Кәсіпорын қызметтеріне сәйкес қолданатын заңдар 10
1.2.3 Осы қызметті жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар 11
1.3 ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың АЖ-сін құрудың мақсаты 12
1.4 ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың АЖ-сіне қойылатын талаптар 13
1.5 ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың құрылымына қойылатын талаптар 14
1.6 ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың АЖ-нің ресурстарына қойылатын талаптар 15
1.7 Концептуалдық сызба нұсқасы 20
2 тарау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оның динамикасы 23
2.1 Қаржылық тұрақтылықты талдау 23
2.2 Қаржылық талдау 27
2.3 Кіріс ақпараты 28
2.4 Шығыс ақпараты 29
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 32
Кіріспе
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Курстық жұмысымның тақырыбы – Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты – тақырыбымның атына сәйкес белгілі кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәнін ашып көрсету, біздің еліміздің қаржылық жағдайын жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
І тарау. Қаржы жүйесі туралы жалпы түсінік
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1.1 Қолдану саласына талдау
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып , өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – жауапкершілігі шектеулі қоғамның пайда болуына әкеп соғады .
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік (ЖШС) дегеніміз – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі.[1] Жауапкершілігі шектеулі қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған жарғы қоры бар. ЖШҚ – жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады. Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарту мүмкіндігін шектейді. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Ал кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.[10]
1.2 «Сарыағаш» ЖШС-ң қаржылық қызметінің талдауы
Кәсіпорынның қаржылық қызметі кәсіпорынның өндірістік процесінің барлық жақтарын көрсетеді. Өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпорын қарамағында өндіріс құралдары және қаржылық ресурстары болады. Қаржылық ресурстар еңбек заттарының қорын құрастырады және жабдықтаушылармен есеп айырысады. Өндіріс жоспарын орындау көптеген факторларға байланысты. Олар:
• тұтынушылармен байланыс орнату;
• өндірісті дамыту жоспарын орындау;
• құрал-жабдықтардың технологиялық режимді ұстау;
• материалдық – техникалық қамтылу деңгейі; шикізат пен материалды пайдалану деңгейі;
• еңбек өнімділігі.
Талдау барысында бұл факторлардың өндіріс процесіне және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесіне ықпал ету деңгейі анықталады.Өндірістік көрсеткіштер қаржылық көрсеткіштерге әсер етіп, ал соңғылары сәйкесінше өндіріске әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай біздің кәсіпорын икемді орама өндірісімен айналысады. Барлық басты экономикалық жағдайды сипаттайтын құжаттарды талдай отырып, бұл бөлімде біз қорытындыға келдік. Оны біз келесі көрсеткіштерден көре аламыз:
1.2 «Сарыағаш» ЖШС-нің өндірістік технологиясы туралы
«Сарыағаш» ЖШС-де негізгі өндірістік процес минералды суды құю болып табылады. Кәсіпорын қарамағындағы скважиналарда минералды суды арнайы қондырылған көлемді систерналарда суды салқындатып алады. Әдетте су 2000 м. шамадағы тереңдіктен өндіріледі, ол шамамен +70 С жылылықта болады. Кәсіпорынның қарамағындағы бірнеше су таситын арнайы машиналары арқылы скважинадан суды зауытқа тасиды. Сосын суды арнайы қондырғылар арқылы зауытты пластикалық ыдыстарға құю жүргізіледі. Процес барысында суға ешқандай қоспасыз, экокологиялық таза күйінде өндіріледі. Өндірістік процестер керамикалық-бактериялық фильтрлерді, насостарды, ыдыстарды және т.б. пайдалана отырып, 11 АТМ және оданда жоғары қысымды қолдануымен сипатталады.
1.2.1 ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың
Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Менің курстық жұмысымда қарастырып отырған кәсіпорным «Сарыағаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Сарыағаш» ЖШС минералды сусын зауыты Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласында 1993 жылы наурыз айында Әділет министірлігінде тіркелді. Бір немесе бірнеше тұлғалармен құрылған серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Оның жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленетін үлестерге бөледі. Серіктестік өз қызметін ірі бизнестің субъектісі ретінде жүзеге асырады.
«Сарыағаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі бизнестің субъектісі болып табылады, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы,жұмыскерлердің орташа саны 250 адам, бір жылғы активтерінің құны айлық есептік көрсеткішінің 325 мың есесі болады.
1.2.3 Осы қызметті жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар
Кәсіпорын қызметтерін жүзеге асырушы экономиканың әр түрлі секторында қызмет ететін көп қызметті мекемелер, корпорациялар, акционерлік компаниялар, орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының қаржылық мекемелері, коммерциялық емес ұйымдар, сондай – ақ басқа да үкіметтік ұйымдар болып табылады.
1.3 ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың АЖ-сін құрудың мақсаты
Кез келген АЖ-ның мақсаты, оның қолданылу аумағынан құрудың әдістерінен, техникалық базадан, байланысты қолдау аппаратынан тәуелсіз түрде толық, сенімділікті және өз уақытында ақпаратты беру.
ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың АЖ-сін құрудың негізгі мақсаты - клиенттің әрбір бөлімшесі бойынша қаржылық ақпаратты беру мен іздеудің, өңдеуді, сақтауды, жинауды автоматтандыру болып табылады.
ЭАЖ-ні құрудың негізгі мақсатымен сәйкес АЖ-нің міндеттері мыналар болып табылады:
1.4 ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың АЖ-сіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл қолданушыларға олардың сұраныстарына сәйкес түрде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және жеткізу үшін арналған. АЖ бағдарламалық құралдар кешенінен шешілетін есептерді өзіне қосады. Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы және жақсы интерфейске және санкцияланған әрекеттерден қорғауға ие болуы қажет.
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық-уақыттық байланыстардың тұрақты тәртібі және элементтер мен ішкі жүйе бөлімдерінің арасындағы қатынасы, ішкі жүйенің атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.
1.6 ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың АЖ-нің ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстар деп – материалдық ресурстар ретінде жүретін және қандай да бір форма үшін құндылықты білдіретін, мәліметтердің жиынтығын атайды. Оларға сыртқы жадыда сақталатын мәліметтердің негізгі және көмекші масивтері, және кірістік құжаттар жатады.[4]
Ақпараттық ресурстар жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат және ол Қаржылық Қадағалау департаментіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы. Бұған негізінен капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы, менеджмент, табыстылық, өтімділік және сезімталдық жатады.
Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамсыз ету бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық және ұйымдастырушы жабдықтаудан.
1.7 Концептуалдық сызба нұсқасы
Концептуалдық сызба бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі элементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок-схемалық алгоритмдердің, ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым құжаттарының, ақпараттардың көптігі және т.б.
ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы төмендегі суретте көрсетілген. Ол 2 бөлімнен тұрады: жабдықтау бөлімі және функционалды бөлім.
2 тарау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оның динамикасы
2.1 Қаржылық тұрақтылықты талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның динамикасын талдауы кәсіпорынның болашағына қажетті әсер етеді. Бухгалтерлік есеп балансы, ол бір жағынан объективті талдауды қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан - аналитикалық есепті жүргізуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты шот түріндегі агрегаттандырылған баланс түрін көрсетейік.
2.4 Шығыс ақпараты
Шығыс ақпараты – бұл берілетін басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне құжаттар, бейнелеулер, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат. Шығыс мәліметтерінің тізімі кестеде көрсетілген.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, курстық жұмысым өңделген, автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ұсынады.
Сонымен қатар, курстық жұмысымда тақырып бойынша қарастырылып отырған мәселелердің әмбебаптылығы, үнемділігі, барынша көп сервисті пайдаланушыға арналған түсініліктің және қол жетерліктің, сонымен қатар есеп комплексінің ақпараттық технологияларын әрі қарай жетілдіруі анық көрсетілген деп ойлаймын.
Яғни, егер кәсіпорында тұрақты тапсырыстар болып тұрса, келешекте «Сарыағаш» Жауакершілігі Шектеулі Серіктестігі ірі кәсіпорынға айналады деп сенемін. Сонымен бірге жаңа жұмыс орындары ашылады, Қазақстан экономикасының нығаюына өз үлесін қосады.