Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Азаматтық құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру


Жоспар
Кіріспе 3
I. ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЗАҢДАРЫ 4
II. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУ 12
2.1 Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру шарттары 12
2.2 Азаматтарды тұрғын үйге мұқтаж деп тану 13
III. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ҮЙЛЕРДI, ЖАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI 14
3.1 Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шарты 14
3.2 Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шартын жарамсыз деп тану 14
3.3 Адамдарды мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдалану құқығынан айырылды деп тану тәртiбi 17
3.4 Жалға алушы уақытша болмаған жағдайда мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдалану құқығы 17
3.5 Уақытша болмаған жалға алушының мiндеттерi 18
3.6 Тұрғын үйдi күрделi жөндеуден өткiзуге байланысты азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру 19
3.7 Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шартын өзгерту 20
3.8 Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастау 21
IV. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ, ҚАЛАЛЫҚ ТЕЛЕКОМУНИКАЦИЯ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛҒАН ТЕЛЕФОН ҮШІН АБОНЕНТТІК АҚЫ 22
V. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУДIҢ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 24
VI. ҚЫЗМЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДI ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНЫҢ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН БӨЛМЕЛЕРДI ПАЙДАЛАНУ 29
6.1 Қызметтiк тұрғын үйлер 29
6.2 Қызметтiк тұрғын үйдi беру және пайдалану 29
6.3 Қызметтiк тұрғын үйлерден шығару 29
6.4 Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханадан шығару 30
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 34

Кіріспе
Менің курстық жобамның тақырыбы - «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру».
Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңы (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 17.07.09 ж жағдайы бойынша енгізілген. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де заңдармен реттеледi.
Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар осы Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi заңдармен реттеледi.Мейманханаларда, пансионаттарда, интернаттарда, қарттар үйлерiнде және осындай мақсаттағы басқа да үй-жайларда тұру заңдарымен реттеледi. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады. Азаматтардың өздерiн және өздерiнiң отбасы мүшелерiн мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаждар есебiне қою туралы арыздары тұрғылықты жерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органда бiр ай iшiнде қаралады.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдаудың үлгi шартын, тұрғын үйдi пайдалану, тұрғын үйдi және үй маңындағы аумақты күтiп ұстау ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Осы курстық жұмысты жазған кезде мен Азаматтық құқық пәні бойынша оқулықтармен, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерімен, журналдармен және газеттермен пайдаландым.Курстық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда мен, тұрғын үй құқығының сипаттамасын бердім. Ал екінші тарау Қазақстан Республикасының Азаматтық және Тұрғын үй туралы кодексі бойынша жекелеген түрлері қарастырылған.

I. ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЗАҢДАРЫ
Тұрғын үй құқықтық қатынастарының түсінігі, тұрғын үй құқықтық қатынастарының түрлері. Біздің тұрғын үй құқықтық қатынастарын азаматтық құқық аясында қарастыратынымызға қарамастан, бұл құқықтық қатынастардың жария-құқықтық нормаларға жатқызуға болатын нормаларымен ғана реттелмейтіндігін атап өткен жөн. Сонымен бірге тұрғын үй қатынастарын кешенді құқықтық реттеудің түпкі мақсаттары да жеткілікті түрде айқын болып табылаы. Біріншіден, ол тұрғын үймен қамтамассыз етуде азаматтардың қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін тиімді заңды нысандарды жасауға көмектеседі. Екіншіден, ол тұрғын үй иелері өздерінің соған деген құқықтарын жеткілікті шамада тәжірибе жүзінде асыру мүмкіндігіне ие болатын режимді қолдайды. Бұл орайда, тұрғын үйді иелену басқа да мүлікті иелену жүзеге асырылатын нысандарда көрініс беретіндігін және мұнда тұрғын үйдің ерекшелігі ескерілетіндігін тағы бір рет атап өткіміз келіп отыр. Соның нәтижесінде тұрғын үйлерге қатысты туындайтын мүліктік қатынастарға барлық ортақ азаматтық-құқықтық ережелерді қолдануға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен:

II. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУ
2.1 Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру шарттары
Мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан) және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және сайланбалы мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдарға берiледi. Оларға берiлетiн тұрғын үй қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiледi.

2.2 Азаматтарды тұрғын үйге мұқтаж деп тану
Азаматтар егер:
Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығымен өздерiнiң тұрғын үйi болмаса;
Осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, сондай-ақ меншiктiң мемлекеттiк емес нысанына негiзделген заңды тұлғаларға тиесiлi үйлерде, соның iшiнде тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативтерiнiң үйлерiнде өздерiнiң тұрақты пайдаланатын үйлерi болмаса;
Отбасы тұрып жатқан тұрғын үй нормативтiк санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе;
оқшауланбаған, шектес тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;
Отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып (заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аурулардың тiзiмi бойынша), бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

III. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ҮЙЛЕРДI, ЖАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
3.1 Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шарты
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шарты тұрғын үй беру туралы шешiмнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның немесе мемлекеттiк кәсiпорын әкiмшiлiгi (жалға берушi) мен азаматтың (жалға алушының) арасында жазбаша түрде жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлмеуге тиiс.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдаудың үлгi шартын, тұрғын үйдi пайдалану, тұрғын үйдi және үй маңындағы аумақты күтiп ұстау ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шартынан туындайтын қатынастарға тиiстi реттерде азаматтық заңдардың нормалары да қолданылады.

3.2 Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шартын жарамсыз деп тану
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шарты:
Азаматтар мұндай тұрғын үй берiлуiне мұқтаждық туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берген;
Шартта көрсетiлген тұрғын үйге басқа азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын бұзған;

3.5 Уақытша болмаған жалға алушының мiндеттерi
Жалға алушының уақытша болмауы осы Заңның 90-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу шарты бойынша мiндеттердi атқарудан босатпайды.
Уақытша болмаған азаматқа тиесiлi мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң пайдаланылуы
Егер мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде тұрғын үй сақталатын уақытша болмаған жалға алушының отбасы мүшелерi тұрмайтын болса, жалға алушы сақталған тұрғын үйге қосымша жалдау шарты бойынша тұрғындарды кiргiзуге не тұрғын үйдiң сақталу мерзiмiнде уақытша тұрғындар тұрғызуға құқылы.

3.6 Тұрғын үйдi күрделi жөндеуден өткiзуге байланысты азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру
Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге күрделi жөндеу жүргiзiлген кезде жөндеудi тұрғындарды (жалға алушыны) көшiрмей жүргiзу мүмкiн болмаса, жалға берушi жөнделетiн үй-жайды жалдау шартын бұзбастан, күрделi жөндеу жүргiзiлетiн уақытқа жалға алушыға және оның отбасы мүшелерiне басқа тұрғын үй беруге мiндеттi.
Тараптардың келiсiмi бойынша көшiрудiң орнына жалдау шартының бұзылуы, ал жалға алушыға жаңа жалдау шарты бойынша тұрақты пайдалануға осы Заңның 75 және 76-баптарында, 106-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптарға сай келетiн басқа үй-жай берiлуi мүмкiн.

3.7 Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шартын өзгерту
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шарты жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң және жалға берушiнiң келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн, бұған осы Заңда көзделген реттер қосылмайды.

IV. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ, ҚАЛАЛЫҚ ТЕЛЕКОМУНИКАЦИЯ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛҒАН ТЕЛЕФОН ҮШІН АБОНЕНТТІК АҚЫ
Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдаланғаны, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк ақыны ұлғайту бөлiгiндегi байланыс қызметтерi үшiн ақы төлеу.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы үйлерде тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң мөлшерiн, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (коммуналдық тұрғын үй қорындағы үйлерде) немесе мемлекеттiк кәсiпорынның әкiмшiлiгi (мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорындағы үйлерде) белгiлейдi.

V. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУДIҢ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
Әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы азазаматтардың пайдалануына берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердiң құқықтық режимi
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға берiлетiн тұрғын үйдi жалдаушының тұрғын үй иесiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ретпен және шарттармен жекешелендiруiне болады.
Мемлекеттiк тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелiк үлгiдегi тұрғын үй-жайларды жекешелендiру ерекшелiктерi белгiленедi. Осы бапта аталған азаматтарға берiлген, сондай-ақ әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға берiлген тұрғын үйдi жергiлiктi атқару органының келiсiмiмен басқа тұрғын үйге ауыстыруға болады.

VI. ҚЫЗМЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДI ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНЫҢ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН БӨЛМЕЛЕРДI ПАЙДАЛАНУ
6.1 Қызметтiк тұрғын үйлер
Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы қызметтiк тұрғын үйлер жалдау шарты бойынша өздерiнiң еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиiстi азаматтарды тұрғызуға арналады.Өздерiнiң еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиiс және қызметтiк тұрғын үй берiлуi мүмкiн қызметкерлер санатының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Қорытынды
Менің қурстық жобамның тақырыбы –«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру».
Курстық жобамды қорыта келетім болсам, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру маңызды болып келеді. Менің ойымша, осы курстық жобамның тақырыбы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, ол Қазақстан Республикалық елімізге өте қажет.
Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайлар кiрмейдi.
Жеке тұрғын үй қорының және мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорының үйлерiндегi тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүр етiп алуына, осы Заңда және басқа заң актiлерiнде көзделгендегiден басқа жағдайларда тыйым салынады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Нормативтік құқықтық - актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995 жылғыдан 21.05.2007жылғы Заңдарынан енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, жалпы бөлім. 1994 ж. 12 желтоқсан.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған «Жер туралы» заң күші бар Жарлығы
4. «Мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлықтары
5. «Қазақстан Республикасының көлік туралы» Заңы
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Жеке еңбекке берілетін немесе мемлекеттік пайдалануына берілетін жерге ақы толеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулымы. 1996 жыл 8 мамыр. Алматы, «Жетіжарғы», 1996.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы I Том А.: «Жеті жарғы» 2001 ж. Ғ. Төлеуғалиев.