Репродуктивтік денсаулық (өрбіту саулығы)
Дені сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым – ВАЛЕОЛОГИЯ жөнінде сөз қозғағанда жалпы денсаулықтың сондай маңызды бөлігі - өрбіту саулығын (репродуктивтік өрбіту, көбейту) тыс қалдыру мүмкін емес.
БДҰ (ВОЗ) анықтамасымен өрбіту саулығы – бұл кәдімгі табиғи ақыл – ой қуатың бар кезде дені сау ұрпақ тудыру, өрбіту үрдісін жүзеге асыру. Өрбіту саулығы – бұл отбасы, біздің қоғамымыздың негізі. Ол өрбіттер кезеңіндегі денсаулық қалпын көрсетіп қана қоймай (әйелдерде 15-тен -45-ке дейін, ерлерде 13-тен 55-ке дейін), сонымен қатар балалық шақтағы, бозбала кездегі, өрбіту кезеңінен кейінгі тұстағы денсаулықты да айна қатесіз білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Отбасы, аналық және балалық шақ қоғам мен мемлекет қамқорлығында» деп жариялаған. Өрбіту саулығы, біріншіден - өмір салтына, ішіп-жер тағамына, сәби, бала және бозбала кезіндегі денсаулығына, экологияға, нәсіл – тегіне, өрбіту денсаулығын қорғау орнының (мектеп, отбасын жоспарлау орталығы, денсаулық сақтау орталықтары бала тудыратын үй және т.б.) қызметін пайдалануға байланысты.
Өрбіту саулығын сақтау қызметі мыналарды ескертеді:
Өрбіту саулығын сақтау орындарының жоғарыда аталынып өтілген қызмет түрлерімен және онымен байланысты ақпаратты пайдалануға әрбір адам құқылы. Бұл біздің мемлекетіміздің ұлттық саясаты болып табылады. Бұл құқықтар: « өз балаларының саны, туу арлығы мен туу уақытын өз еркімен анықтау өрбіту құқықтары болып аталынады. Бұл салада жыныс теңдігінің құқығы неке қию, отбасын құру құқығы, жекелей ғұмыр кешу және отбасы өмірін дамыту құқығы, Ақпарат пайдалану, білім алу құқығы сақталынады».
Өрбіту саулығының өзекті тұсы - отбасын жоспарлау, ол: